kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әліппеге мың рақмет

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың үйренген әріптерін,алған білімдерін естеріне түсіріп, тағы бір пысықтау. Оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушылардың күшейту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әліппеге мың рақмет»

«Сүйікті әліппеге мың рақмет»

Мақсаты:Оқушылардың үйренген әріптерін,алған білімдерін естеріне түсіріп, тағы бір пысықтау. Оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушылардың күшейту.

Көрнекілік: «Сүйікті әліппеге мың рақмет»плакат,шарлар,сюжетті суреттер.

Барысы:

1-ші жүргізуші:

Армысыздар,ағалар,

Армысыздар,аналар.

Айналайын балалар,

Сендерге ой-сана бар.

Өздеріңнен өседі

Өнершілер,даналар.

Өсті ,міне,бойларың

Өсті ақыл-ойларың

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

2-ші жүргізуші:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді бастайық,

Талай тойды өткіздік,

Бірақ орны бөлекше,

Әліппемен қоштасатын

Бүгінгі той ерекше!

1-ші жүргізуші:

Біз сіздерге «Сүйікті әліппеге мың рақмет»атты мерекемізге шақырдық. Біздің қуанышымыз шексіз:бірінші сынып оқушылары алғашқы оқулық- «Әліппені»аяқтады.

Ерасыл:Енді біз нені болса да оқи аламыз.Қазір біз сіздерге осы күнге дейін мектепте нені үйренгенімізді көрсетеміз.

Айша:

Алақай –ау алақай!

Алақай –ау алақай!

Бұдан былай мен енді

Емеспін жай балақай.

Осыдан да көлемді

Оқи алам өлеңді.

Бардым биыл мектепке

Оқушымын мен енді!

Раушан:

Жақсы кітап Әліппе

Үйретті ғой әріпке

Қуыршақпен қоштастым,

«Әліппемен» достастым.

«А»-дан бастап әріпті

Түгел маған танытты.

Әліппе менің сырласым,

Әліппе досым болады.

Әріптердің шұғыласы

Дәптеріме қонады.

Нұрбану:

Айтқан сөзді құпта да,

Ұстазыңды құрметте.

Дәптеріңді күт,бала,

Дәптеріңді кірлетпе!

Ана деп жазамын тақтаға

Нақышына келтіріп,әсемдеп,

Оқимын,жазамын жатқа да

Қағазға әріппен сап өрнек.

Ерасыл:

Үйреніп жазудың да өрнектерін

Ойымды Әліппемен тербеткенім.

Зор қуаныш маған да,ұстазға да

Тілін біліп кітапты сөйлеткенім.

«Әліппе»әні Раушанның орындауында

2-ші жүргізуші:

Ал Әліппенің өзі қайда?Онсыз мерекенің болуы мүмкін емес.

Әліппе! Әліппе! Сен қайдасың?

1-ші жүргізуші:

Әліппені басқаша шақырайық.Ол үшін қажетті әріптерді алып, «Әліппе» сөзін құрастырайық.Сол жазу бойынша Әліппе бізді оңай табады.

Ортаға Әліппе шығады

Әліппе:Сәлеметсіңдер ме,балалар!Сендерді алғашқы мектеп жеңісі- әліппені аяқтауларың мен құтықтаймын.Білім жолында үлкен табыстарға жете беріңдер.Бірақ мен мерекені бастай алмаймын,себебі ең басты қонақ жоқ.

Балалар:Ол кім?

Әліппе:Ыбырай Алтынсарин.

Сәния:

Жырын жаттап жатамыз

Жалықпастан қыс жазы.

Ұлы Ыбырай атамыз-

Ұстаздардың ұстазы.

Ерасыл:

Ұран тастап көп елге:

«Кел,балалар,оқылық!»

Деген сөзін көңілге

«Ықыласпен тоқылық!».

2-ші жүргізуші: Ыбырайдың шығармаларының басты тақырыбы-еңбек. Осы еңбек тақырыбына «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы»,т.б. әңгімелері жатады.

1-ші жүргізуші:Ы. Алтынсарин қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында 1841жылы 20 қазанда туған.Бүкіл өмірін ағарту идеясын көтереді. «Кел,балалар,оқылық!»өлеңі жастарды оқуға,білім алуға шақырады.

Әліппе:Келесі тапсырма: Ы. Алтынсариннің «Кел,балалар,оқылық!»өлеңін оқып беріңдер.

Ерасыл:Бір Аллаға сыйынып

Кел,балалар,оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Сиса көйлек үстіңе

Тоқуменен табылған.

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған.

Кел,балалар,оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Ортаға Ы. Алтынсарин шығады:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!Жарайсыңдар, , балалар!Мен сендер сияқты ақылды балалардың мерекесене қуана-қуана қатысамын.

2-ші жүргізуші:Ыбырай ата отырып оқушылардың өнерін тамашалаңыз.

«Мектебім» әні Айшаның орындауында

Ерасыл:

Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының

Сыры неде түсінші?

Айша:А деген ол

Аналар ғой ардақты

Ә деген ол

Әкелер ғой салмақты

Б деген ол

Балалар ғой әдемі

Сәния:Алшақ кепей сондықтан да

Тұрады олар

Алфавиттің басында

«42-әріп»әні Ерасылдың орындауында

Ерасыл: «Қ» -дегенім:

Қарбыз.

Қызыл болса жарғыз!

Ерасыл: «А» -Астанам,ұлы,Астанам

Ұлылыққа бастаған!

Мақтан тұтар өзіңді,

Кіп-кішкентай жас балаң.

Раушан: «З» -Зау-зау заңғар заңғарлар,

Замандар бар,заңдар бар.

Раушан: «А» -Ана тілін арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тілінді құрметте!

Нұрбану: «Қ» -Қарағанды көмірі

Қостанайдың егіні

Даласындай жомарт қой

Қазығымның көңілі.

Нұрбану: «С» -Жағасында Ертістің

Семей деген қалам бар

Туған мұнда атақты

Абай,Мұхтар,бабалар.

Сәния: «Т» -Жарақты жаумен жұлқысқан

Қылышты жаумен қырқысқан

Ең ежелгі астана

Қасиетті Түркістан!

Сәния: «А» -Піскен алма топ-топ түсті,

Топ-топ түсті,көптен түсті

Айша: «Н» -Ас біткеннің анасы

Қасиетті нан осы

1-ші жүргізуші:Осы әріптердің барлығын қосқанда қандай сөз шығады екен?

«Қазақстан»

Оқушылар: -Біз Қазақстан Республикасының азаматтарымыз.Біздің бас қаламыз-Астана

Раушан: «Астанам»

Бабалардың көзіндей,

Даналардың сөзіндей

Ұлы дала тұрғызды

Ұлы қала өзіндей.

Отанымның төрінде,

Сарыарқаның өрінде

Ту ұстаған Астанам

Әсем қалам,бас қалам!

«Бейбітшілік»әні Сәнияның орындауында

Қойылым «Мақта қыз»

Айша:Бар кітапқа бас болған

Әліппе –ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Раушан:Іші толған әріпке

Мынау-әйбат Әліппе

Барлық ілім-білімнің

Әжесі-осы Әліппе!

Сәния:Әліппем менің әліппем

Сені қолға мың алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарық пен

Нұрбану:Арта берді кітапқа

Бойымдағы қуатым

Бірге жүрген қасымда

Кітап бодлы сыңарым

Айша: Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі

Соғылған сомдар алтынан

«Әліппе»білім бесігі

Раушан:Барлық әріп бағалы

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті

Ардақтайды қолдайды

Оқушылар:Рақмет,сізге сүйікті әліппе!

Әліппе:Балалар,сендер мені оқып тауыстыңдар,әріптерді жақсы меңгердіңдер,ризамын,құрметті шәкірттер.Енді сендерге ары қарай білім беретін «Ана тілі»

Ы. Алтынсарин:Бар білімнің бұлағы

Әліппеден басталар,

Балғын бала білімі

Тауды бұзып,тас жарар!..

-Балалар,алдағы уақытта да осылай жақсы оқып,өнерлерің өрге жүрсің. Ал Әліппе екуіміздің сендермен қоштасар кезіміз жеткен сияқты.Көрсеткен құрметтеріңе көп рақмет!Сау болыңдар!

Оқушылар:Қош болыңыздар!

2-ші жүргізуші:Балалар,енді сендер ана тілі кітабын жалғастырасындар.Кәне,онымен жақынырақ танысайық!

Ана тілі:Сөйлетер сөзді шеберлеп,

Өзіңнің «Ана тіліңмін»

Байытып жақсы оқысаң

Негізі менде білімнің.

Би

Ерасыл:Әріптерді үйретіп,

Жақын болған кім бізге,

Жамандықтан жирентіп,

Ақыл болған кім бізге?

Сәния:Үйретіп мұғалім бізге әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді

Адамның ақыл-ойы,мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Айша:Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған

-Рақмет,ұстаз алғашқы!

«Мектеп»әні Нұрбанудың орындауында

1-ші жүргізуші:Балалар,сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп,қуансаң-қуанып,реңжісең-жұбататын асыл адам-Ана!

Балалар:-Ана-біз үшін ең ардақтты адам.Ананы сыйлау-біздің парызымыз.Әліппені меңгертуге,жазуға,санауға үйреткен ата-анамызға рақмет!

«Ана»туралы ән

Мақал-мәтел айту.

1.Оқу-білім бұлағы,білім-өмір шырағы.

2.Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ.

3.Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар.

4.Оқу-білім азығы,білім –ырыс қазығы.

5.Білім қымбат,білу қиын.

6.Қына тасқа бітеді,білім басқа бітеді.

Би

Санамақ

Сәния:

Бір дегенім-бесік

Шықтың содан өсіп

Екі деген-елім,

Далам,тауым,көгім

Үш дегенім-үміт

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім-төзім

Төзе білем өзім.

Бес дегенім-бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Нұрбану:

Алты деген-ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

Жеті деген-жалау,

Жүректегі алау.

Сегіз деген-сөзің,

Серт беретін кезің.

Тоғыз деген-тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Он дегенім-Отан,

Қорға соны,ботам!

Ана тілі сөзі:Балалар,енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты кітаптар таратып бердім.Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсе үйренесіңдер.

Хормен:Оқимыз,ана тілі,оқимыз!

Би

«Қазақстан»әні Сәния мен Ерасылдың орындауында

Жүргізуші:«Сүйікті әліппеге мың рақмет»ертеңгілігіміз аяқталды.Келгендеріңізге көп рақмет!
















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Әліппеге мың рақмет

Автор: Шарипова Жанар Маратовна

Дата: 08.11.2016

Номер свидетельства: 356510

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Сүйікті әліппеге мың рақмет"
    ["seo_title"] => string(31) "suiikti_lippieghie_myn_rak_miet"
    ["file_id"] => string(6) "356508"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478587034"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ра?мет са?ан, ?ліппе "
    ["seo_title"] => string(22) "rak-miet-sag-an-lippie"
    ["file_id"] => string(6) "172657"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423844454"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Рахмет, са?ан ?ліппе!"
    ["seo_title"] => string(20) "rakhmietsaganlippie7"
    ["file_id"] => string(6) "337456"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1468436512"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства