kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ліппе са?ан мы? ал?ыс!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы «?ліппе са?ан мы? ал?ыс!»
Ма?саты :
О?ушыларды? ал?ан білімдерін бекіту, оларды? ал?ан білім, білік, да?дыларын к?рсету;  тілін дамыту, с?здік ?орын молайту; байланыстыра с?йлеу м?дениетін дамыту; ??ыптылы??а, жина?ылы??а ?лкендерді сыйлау?а, с?здерін ты?дай білуге т?рбиелеу.Ойын ар?ылы ?йымшылды??а, бауырмашылды??а т?рбиелеу.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ліппе са?ан мы? ал?ыс! »





Тақырыбы «Әліппе саған мың алғыс!»
Мақсаты : Оқушылардың алған білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік, дағдыларын көрсету; тілін дамыту, сөздік қорын молайту; байланыстыра сөйлеу мәдениетін дамыту; ұқыптылыққа, жинақылыққа үлкендерді сыйлауға, сөздерін тыңдай білуге тәрбиелеу.Ойын арқылы ұйымшылдыққа, бауырмашылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, ойынға қажетті заттар.
Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан бүгінгі мерекелеріңіздің куәгерлері –1 «а» сынып оқушыларының ««Әліппе саған мың алғыс»» мерекесіне жиналып отырсыздар. Ендеше, бүгінгі шәкіртеріміз, ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.
Буратино- Сен бері келші ,мына жақта бір нәрсе болғалы жатыр ғой деймін.Қарашы көп кісілер отыр.
Қуыршақ–Ой, бұл 1 «А» сыныбы ғой,мұнда бүгін үлкен қуаныш.Әліпемен қоштасу ертеңгілігі.
Буратино – Әліппе деген не? Неге онымен қоштасады?
Қуыршақ-Қызықсың ғой өзің! Әліппені де білмейсің бе?
Буратино –Әліппе деген кім қыз ба? Мен оны танымаймын.
Қуыршақ– ТСС! Тоқтай тұр .Әне әліппені танитын ,оны оқып бітірген балалар келе жатыр.Кел рұқсат етсе, бізде оларға қосылайық.
Оқушылар музыкамен залға кіреді.
(Балалар өздерін таныстырады.)

1.Жұмсағанда баратын,

Айтқан тілді алатын,

Мен боламын Айгерим.

2.Бүгін үлкен салтанат,

Менің атым Алиби.

3.Сәулелі де сымбатты,

Сөйлегені тым тәтті.

Мадина деген қыздарың,

Сіздерге арнап тіл қатты.

4.Дарасы болар даланың,

Раман деген баламын.

5. Бармағынан бал тамған,

Балдай тәтті мен Алихан.

6.Жақсылықты жақтайтын,

Бәрін біліп жаттайтын,

Алихан жігіт мен болам.

7.Камила қызбын кең маңдай,

Әдемімін мен қандай.

8.Амирхан деген баламын,

Есепті мен шағамын.

9. Менің атым Камила,

Әдемімін бе қалай?

10.Көп оқитын, көп тоқитын,

Менің атым Уали.

11.Ай мен күні анамның,

Ақылдысы атамның,

Мен Фариза боламын.

12.Би билеймін айнала,

Менің атым Айша.

13.Желдей жүйрік баламын,

Мен Алихан боламын..

14.Сурет салар сәулелі,

Мен Аяулым боламын.

15.Үлкенге де,кішіге де,

Мейірімді болатын,

Мен Куаныш боламын.

16.Талабы таудай талапты,

Омар атты баламын.

17.Келешегі қазақтың,

Мен кішкентай Санжармын.

18.Жақсы оқып сабақты,

Білімді боп өсетін,

Мен Мұхаммед-Али.

19.Білімнен бақыт табатын,

Мен Сағындық боламын.

20.Армысыздар жас достар,

Армысыздар ата-ана.

Болашаққа жол бастар,

Балаң Лаура келді ортаға.

Ән «Біз жеткеншек баламыз»

Қуыршақ :- Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші.

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

Оқушылар: - Болашаққа жол ашқан,

Ол сүйікті Әліппе.

Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге қымбатты дос «Әліппені» ортаға шақырайық.

Оқушылар:- Әліппе, әліппе, әліппе!

(Ортаға әліппе,дүниетану, математика шығады.)

Әліппе: Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің.

Қуанышы баланың-

Қуанышы халықтың.

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйреніп, не білдік
Қане ортаға салайық.

Математика

Армысыздар жас достар!
Армысыздар ата-ана

Математика ғылымы
Келді міне ортаға.

Дүниетану

Менде келдім мақтана

Сәлем бердім баршаңа

Дүнтенің қыр сырын

Танытамын баршаға.

3.Сөзімізге құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр әніміз.
4.Күмбір-күмбір қоңырау,

Соғылған ай қыркүйек.

Қалам ұстап қолыма.

Жазылған ай қыркүйек.

5. Бұрқыраған білімнің,

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың,

Басы болар Әліппем.

6.Бар кітапқа бас болған,

Әліппе – ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

7. Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе.

«Әке мен бала» көрінісі
8. «Әліппемен» қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

9. «Әліппе» деген - алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

10.Қош бол құтты «Әліппем!»

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

11.Әліппем менің, Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым білімнің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Ән «Ойнайықта ,ойлайық»

Дүниетану- Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, жазуды, санауды үйрендік. Осының бәрін үйреткен кім?

Бәрі: Мектеп, мұғалім, әліппе, ата-ана.

16.А-ны айтқанда дауысым дірілдейді,

Ұстазым көз алдымда күлімдейді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып буынды енді.

17.Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым маған кілтін алып берді.


Қуыршақ : Ал осымен әріптер,

Шежіресін бастайық

Басшысы әріптердің,

А-дан сөзді бастайық.

А – Атыраудың айдыны,

Алтай таудың айбыны.

Астанамыз - Астана,

Алматымыз - бас қала.

Е - Еріншектің ертеңі,

Елге таныс ертегі.

Т - Тәп-тәтті нан таба нан,

Таба алмай қалдым табадан.

М - Мен көп тердім мақтаны,

Марат мені мақтады.

Р - «Р-рр» деп бір ит жолықты,

Раушан одан қорықты.

І – Ізбасар болар ініміз,

Ісінен оны біліңіз.

Х –Хат жолдады Ахмет

«Хакім саған рақмет!»

Дүниетану Әріптерді қатар қойып,

Алфавитті құраған.

Оқу, білім өнерді,

Шамшыраққа балаған

Кім екен ол данышпан?

Бәрі: Ұлы Ыбырай атамыз,

Ұстаздардың ұстазы.

Ұстаздардың тұңғышы да,зоры да сен,

Халықтың кітап берген қолына сен.

Қазақтың қара түнек аспанынан,

Ақ жұлдыз ағып өткен жолың әсем.

Айтпайсың ба дәл қазіргі еліңе өкпе,

Болашақ етеді аңыз сені көпке.

«Ыбырай Алтынсарин» деген шақта,

Бар мектеп көтереді қолын көкке.

Би : « Дорога в сонцу»

Мұғалім: - Ал балалар «Не білдік-? Не үйрендік-?»
( Оқушылар кезекпен кітап оқып береді )

Мұғалім: - Балалар сендер әліппемен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

Бәрі: Математика, Дүниетану,Әліппе

22.Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.

23.Қолға қалам алайық,

Қанша сан бар, жазайық.

Қарап тұрмай, сандарды,

Қайта-қайта санайық.

0 – Дөңгелекке ұқсайды,

Доп сияқты, ұшпайды.

Досым нөлді О дейді ,

Десем «бұл нөл», ұқпайды.

1 – Біздің үйде бір тауық,

Бір жұмыртқа жүр тауып.

Бір сиыр бар қорада,

Бәтес тәтем жүр сауып.

2 – Екі аяқпен жүремін ,

Екі көзбен көремін.

Екі қолым бар менің,

Екеу құлақ, білемін.

3 – Үйімде бар үш қалам,

Үшеуінде ұштағам.

Үш досымды салдым мен,

Үш балықты ұстаған.

4 – Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да.

Тауыса алмай бидайды,

Төрт тышқан жүр қамбада.

5 – «Бестік» деген бағаны.

Бақыт күнде алады.

Бәрі жақсы көреді,

«Беске» оқыған баланы.

Мұғалім: Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық.

Бәрі: Рахмет саған ата-ана!

Көжек пен ана тілі келеді.

«Көжектер» биі

12 – Бәріміз ән сабақта тамашамыз.

Үкілі бөрік киіп жарасамыз.

Ағайға ән үйреткен риза болып,

Үйді-үйге өлең айтып тарасамыз.

13 – Шіркін сурет сабағы,

Ауылды еске салады.

Мың құбылтып бояймын,

Туып өскен даланы.

14 - Әр сабағы мектептің,

Әдемі ғой біздерге.

Риза болып шығамыз,

Мұны үйреткен сіздерге.

Бәрі:– Рахмет сіздерге ұстаздар!

Мұғалім: Әліппені оқып,білім алдыңдар. Көп нәрсені үйрендіңдер. Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Әр баланың қиял-арманы бар. Солар орындала берсін. (Ақырын музыка ойналып тұрады)

Мен есепші боламын.

Мен барлық жұмысшыларға,зейнеткерлерге дер кезінде,жеткілікті етіп айлық табыстарын беруді қарастырар едім.

Мен әкім боламын.

Барлық ауыл, қалалардағы балалар бақшасын тегін қылар едім.

Мен білім министрі боламын.

Мектептегі бастауыш сыныптарға компьютер әперген болар едім.

Мен дәрігер боламын.

Кез- келгн аурудың алдын алып, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлер едім.

Мен мұғалім боламын.

Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге өз үлесімді қосар едім.

Мен полиция қызметкері боламын.

Еліме адал қызмет етемін.

Мен Біліммін.

Сендердің айтқандарыңның бәріне жан-жақты оқу, білім, мол тәжірибе қажет. Ендеше, осы әліппеден алған білімдеріңді болашақта толықтырып, армандарыңажетіңдер.
15.Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

17.Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағынан сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз.

18.Әліппем,менің әліппем,

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам 1000 рет

Өзіңе көп-көп рахмет

Ән «Хош бол құтты әліппе»

Әліппе:Ал балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Мен сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым.Қазақта айтады «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деп.Енді осы білімдеріңді ары қарай жалғастырыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді,білімді мыңды жығар» деген. Мен сендерге сенемін. Қош сау болыңдар!

Бәрі:Қош сау болыңыз.

Әліппе:Балалар, мен сендерге ризамын. Енді сендер ана тілін де жақсы оқитын болыңдар.

Ана тілі: Туған елдің тілімін,

Ақылыммен танылам.

Түсіндірер бәріңе,

Ана тілі пәнімін.

Ана тілім-елдігім,

Ана тілім-ерлігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтінділмес кемдігім.

Бүгіннен бастап сауатты балалар білімдеріңді әрі қарай мына менің арқамда дамытып, тереңдете түсесіңдер.

Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,.

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып – оқитын халге жетті,

Құтты болсын қадамы балалардың!

Балалар ортаға шығып «Вальс» билейді.

Ата-аналарға құттықтау сөзі беріледі.
















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
?ліппе са?ан мы? ал?ыс!

Автор: Абилова Асемгуль Аскеровна

Дата: 25.12.2014

Номер свидетельства: 147857


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства