Просмотр содержимого документа
««?ліппе-білім бастауы»»
«Әліппе-білім бастауы»
Оқушылар музыкамен кіреді.
Хор: Қазақстан
Барысы:
Мұғалім:
оқушы шығып қазақша, орысша, ағылшынша тақпақ айтады.
1-оқушы:
Армысыздар, ата-аналар,
Армысыздар, балалар
Сөзіме құлақ салыңдар
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр-әніміз
-Бүгінгі біздің мерекеміз тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесімен сәйкес келіп тұрғанына қуаныштымыз.
1. Тәуелсіздік кіндігі
Кескен халық бірлігі
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.
1-оқушы Уа, халайық-халайық
Мұнда назар салайық
Білімді қарсы алайық
Бәріміз қол соғайық
Білім ханшайымын қарсы алайық
Ортаға Білім ханшайымы шығады.
Білім Күн нұрындай Біліммін.
ханшайымы: Күнімін мол білімнің
Құттықтаймын достарым,
Құтты болсын ұлы той!
Білім ханшайымы: Балалар мерекелеріңіз құтты болсын, мен
(балалар қол соғып сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.
қарсы алады) Айтыңдаршы!
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол-сүйікті әліппе!!!
Білім ханшайымы: Ал, балалар әліппе жайлы не білесіңдер?
Соны айтып беріңдерші.
1-оқушы: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
2-оқушы: Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе - білім бесігі
3-оқушы: Әліппе сауатыңмен санамды аштың
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп әріптер мен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
4-оқушы: Әліппем, менің - әліппем,
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
5-оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді
6-оқушы: Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес алыс жол
Тырысып бақ намысқа
7-оқушы: Әліппе даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет, ұстаз, алғашқы.
8-оқушы: Бүкіл қазақ баласы әріптелген,
Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.
9-оқушы: Апам менің, әкем де,
Атам менен ағам да.
Шопан, ұшқыш ғалым да.
Небір мықты дарын да
Тіл сындырып әріпке
Ашқан алғаш әліппе.
Қошбол,құтты әліппе
Хормен: Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
Білім ханшайымы: Балалар, жаттаған өлеңдерің жақсы екен,
әліппені оқып, не үйреніп не білдіңдер?
Білімдеріңді көру үшін бүгін барлық
сабақтарыңа қатысайын.
1-ші сабақ қай сабақ?
(қоңырау соғылады)
Ән: Әліппе
Білім ханшайымы: Әліппеден қанша әріп үйреніп жаздыңдар?
Оқушылар: 42 әріп
Білім ханшайымы: Қанша дауысты, қанша дауыссыз дыбыс
үйрендіңдер?
Оқушылар: 15 дауысты дыбыс, 25 дауыссыз дыбыс.
Білім ханшайымы:
«Т» Тәуелсіздік ата-баба арманы
Тәуелсіздік жеңісі елді шарлады.
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы!
«Ә»: Ата-баба жерінің
Қасиетін мен білдім
Әжеміз ғой үйреткен
Әліппесін өмірдің.
«У» Киіз үйдің уығы
Балықтың уылдырығы
У әрпінен басталар
Алғашқы сүттің уызы
«Е» Ертіс, Есіл, Еділім
Туған жердің көркісің!
«Л» Лағыл деген тас болады
Л әрпінен басталады
Лақ суды лайласа
Өз үсті де лас болады
«С»: Сара келіп сабақтан
Сан шаруаны тындырды.
Самаурынға салатын
Сексеуілді сындырды.
«І» Істі ілгері бастайды
Ініге із тастайды
Ізгіліктің алдында
Болуды ылғи қостайды
«З» З әрпі қандай сөзде бар
Десек ауыз, көзде бар
Терезеге қарашы
Одан да з кез болар
«Қ»: Желтоқсанның ызғары-ай
Кірпікке қатқан мұздары-ай
«Елім-ай» деп егілген
Қайратым мен жастар-ай.
«А»: Отанымның төрінде
Сарыарқаның өрінде
Ту ұстаған Астанам
Әсем қалам, бас қалам!
«З»: Зау-зау заңғар заңғарлар,
Замандар бар, заңдар бар
З-да барлық заңдылық
Заңда з мен заң болар!
«А»: Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
«Қ»: Қарағанды көмірі
Қостанайдың егіні.
Даласындай жомарт қой
Қазағымның көңілі.
«С»: Жағасында Ертістің
Семей деген қалам бар
Туған мұнда атақты
Абай, Мұхтар, бабалар
«Т»: Жарақты жаумен жұлқысқан
Қылышты жаумен қырқысқын
Ең ежелгі астана
Қасиетті Түркістан!
«А» Бір мен үшін жақсы адам
Артық көрем басқадан
Апа,ата сөздері
А әрпінен басталған
«Н» Мерекелі наурыз
Берекелі нанымыз
Н әрпінен басталар
Нөл дейтұғын санымыз
Мұғалім:
Өте жақсы балалар, ал енді қандай сөз
Шықты? Кім оқып береді
Хормен: Тәуелсіз Қазақстан
Білім ханшайымы: Рахмет,әліппені жақсы меңгеріпсіңдер.Ал енді барлық ғылым бастауы-математика сабағына кіремін. Сендердің математиканы қалай меңгеріп жатырсыңдар, соны сынап көрейін деп логикалық есептер математикалық жұмбақтарәкелдім,қане шешіп көрелік.
1-жұмбақ: Екі аяқ пен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің.
Нешеу болды, кәне бол?
Санап шығар кім бұрын? (6)
2-жұмбақ: Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю, екі арыстан
Екі қоян, бір түлкі
Бәрі нешеу,кім білді? (9)
3-жұмбақ: Табақта үш алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма?
Бір алма атама
Бір алма апама
Нешеуін алады,
Нешеуі қалады? (3)
4-жұмбақ: Қанша қоян аулада
Сонша тауық айлада.
Аяқтары он екі
Санап көрші, кәнекей? (2қ, 2т)
Мұғалім: Ал енді санамаққа кезек берейік
1 дегенім-бесік, шықтым одан өсіп
2 дегенім-елім, далам , тауым , көлім
3дегенім-үміт, үміт артар жігіт
дегенім-төзім, төзе білем өзім
дегенім –бақыт, бағалайтын уақыт
дегенім-ақыл, тыңдағаның мақұл
дегенім-жалау, жүректегі алау
дегенім –сөзің , серт беретін кезің
дегенім-тоқтау, елдің жоғын жоқтау
дегенім-отан, қорға соны достым
Білім ханшайымы: Балалар, сендер әліппе, математика, дүниетану сабақтарын жақсы меңгеріпсіңдер.
Білім ханшайымы: Келесі кезекте «дүниетану» сабағына кірейік. (қоңырау cоғылады)
Хормен Табиғатты сүйеміз
Оны қорғай білеміз
Білім ханшайымы: Егеменді елміз, аспанымыз ашық, бейбітшілік болсын
дейміз. Күнді бұлт басып тұр. Бұлтты қуу үшін
тапсырмаларды орындайық.
№1 Неше жыл мезгілі бар?
№2 Табиғат нешеге бөлінеді?
№3 5 жабайы аң, 5 үй жануарын ата
№4 Табиғат туралы тақпақ айт
№5 Қыстап қалатын құстарды ата
Білім ханшайымы: Міне, біздің күніміз де шықты. Әр уақытта аспанымыз
ашық болсын.
Хор: Әрқашан күн сөнбесін!
Білім ханшайымы:
-Балалар сендер әріпті жақсы меңгеріпсіңдер. Ризамын жас достарым. Енді сендер ана тілі оқулығын оқисыңдар.Жақсы оқитындарына сенемін.
-Мен сендерге «Білім сертификатын » табыстаймын.
Оқуда зейінді болыңдар
Еңбекке бейімді болыңдар
Ақ жол болсын қарақтарым
Кір шалмасын қабақтарын
Оқығандарың есте болсын
Күнделіктерін беске толсын
Хош сау болыңдар жас достар!
Хор: «Мұғалім – ол біздің»
Мұғалім:Ал балалар бізге бір қонақ келе жатыр екен. Олай болса, қонағымыз келгенше сендерге арналған тағы бір тапсырма бар.Көрейік.Мінекей ол не екен?Балалар бұл жұмбақтар екен, ал қане қонағымыз келгенше шешіп үлгереміз бе?
Жұмбақтар
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза – жаза арықтаған. (бор)
Алты қырлы,
Алтын сырлы. (қарындаш)
Үйреткен ілімді,
Қырық екі білімді. (әліпби)
Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
Мұғалім: Өте жақсы, балалар!
(Ана тілі келеді)
Мұғалім: Міне, балалар күткен қонағымыз да келіп қалған екен, қарсы алайық.Жоғарылатыңыз,қош келіпсіз!
Барлығы: Сәлеметсіз бе?
Мұғалім: Балалар бұл қонағымызды танисыңдарма?Кім екен?
Барлығы: Ана тілі!
Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын,
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін.
Балалар, енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Бұған сендердің ұстаздарыңның еңбегі көп жұмсалатыны белгігі.
Көрініс: «мақта қыз бен мысық»
Мұғалім: Қадірлі оқушылар, жаңбырменен жер көгерер деп ата- бабамыз тегін айтпаған.Бүгінгі біздің өтіп жатқан мерекеге ақсақалды атамызда келіп қалған екен.Олай болса атаны ортаға шақырайық, бата сұрайық.
Қорытынды сөз: Қымбатты оқушылар!Сендер зейін қойғыштықтарың, еңбек сүйгіштіктеріңнің және білімге құштарлықтарыңның арқасында мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын.
Сендер Алфавиттің барлық әріптерін жаттап алдыңдар, әрі өздеріңнің тұңғыш оқулықтарың «Әліппе» бойынша оқуға үйрендіңдер.білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!Мектебіміздің мақтанышы болыңдар!