Енді орнымыздан тұрып, терезенің алдына келейік. Далаға қараңдар. Не көріп тұрсыңдар? (балалардың жауабы)
Дұрыс. Себебі далада күн суық. Талдардың жапырақтары неге жоқ? Қалай ойлайсыңдар?
Түсіп қалған.
Дұрыс байқадыңдар, енді орнымызға отырайық.
Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілінен айырмашылығы – қыста күн суық болады. Үйде от жағады. Адамдар жылы киінеді. Дала аппақ қарға оранады .
Қардың түсуіне кім қуанады деп ойлайсыңдар?
(балалар өз ойларын айтады)
Әрине оған балалар қуанады. Өйткені балалар шанамен, конькимен, шанғымен сырғанайды. Қардан аққала, мұз айдынын жасап ойнайды.
Қар дегеніміз – өте көп әдемі қар түйіршектерінен тұрады. Олар жоғарыдан, аспаннан жерге, ағаштарға, шатырларға жауады. Қар түйіршектерінің мыңдаған түрлері бар. Жаңа жауған қар таза , мамық, жұмсақ, жылтырайды. Қар жаңбыр сияқты бұлттан жауады.
Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?
Қар қандай екен?
Егер оны жылы орынға қойсақ не болар еді?
Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ ол еріп кетеді, демек ол жылыдан еріп суға айналады
Міне балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қыс қызығы » деп аталады.
ІІ. «»
Қыс туралы жұмбақ шешіңдер?
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тонады (қар)
Құмдай кіші болсам да ,
Жерді жауып қаламын.(қар)
ІІІ. Ойын : «Ойлан, тап»
Шарты : тақтаның сол жақ бұрышына қыс мезгіліннің үлкен суреті ілінеді. Оң жақ бұрышына басқа әр түрлі суреттер ілінеді. Балалар сол әр түрлі суреттердің ішінен қыс мезгіліне баланысты суретті тауып алып үлкен суреттің қасына апарып іледі.
Бүгінгі сабағымыз қыс мезгілі туралы болғандықтан салатын суреттеріміз де осыған байланысты. Теледидарға назар аударайықшы. Теледидардан қыс мезгіліне байланысты суреттер көрейік.
Бүгінгі сабақтың ерекшелігі суретті біз қыл – қаламмен емес, саусақ ұшымен саламыз .
Ал, енді саусақ қимыл жаттығуларын жасайық.
Саусақтар бір бірімен сәлемдесті.
Саусақтар жоғары төмен.
Дүрбі, көзілдірік
Қарды ауада салып үйренейік
Сурет салғанда жәй ғана әуен қойып тыңдай отырып саламыз.
Қардың түсі қандай?
Аспанның түсі қандай?
Мына түстерді осы қыстың мезгіліне байланысты таңдап алдық. Қайшыны пайдаланбай саусақтың ұшымен қағазды жырта отырып жұмыс жасаймыз. Олай болса,аппақ ақ бұлтты,жауған ақ қарды, жергетүскен көз алдымызға елестетейікші. Енді мына үлгіге қарап жұмысымызды бастаймыз. Қолымызбен ақ қағаздан бұл жыртып алып көк түсті қағаздың үстіне желімдейміз. Өйткені қар жерге бұлттан түседі. Суретімізді бұлтты жапсырудан бастаймыз.
Қардың жауғанын саусақтың ұшын ғана бояуға тигізіп қардың суретін салайық.
-Ал енді қарды салдық, жерге түскен қар қандай болады? Әрине көп қарға айналып жер бетін көп қар басып қалады. Суреттің астынғы жағына ақ қағазды қолымызбен жыртып жапсырамыз. (жұмысымызды орындап болған соң қолымызды мына сулыққа сүртіп тазалап алайық)
Қане балалар, сендер орындаған жұмыстарыңды тақтаға ілейік. Енді бір – біріміздің жасаған жұмыстарымызды мына алдарыңда тұрған смайликтермен бағалайық және өз ойымызды айтайық. Балалардың жауаптарына қарап, сабаққа жақсы қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.