Көрнекілі-гі | Оқулық,флипчарт,маркер,интербелсенді тақта,презентация,стикерлер, «бағдаршам» |
Білу | Психологиялық ахуал орнату 2 мин
Үй тапсырмасын сұрау. 5 мин | Қайырлы күн досым, Қайырлы күн болсын. Бүгінгі сабақ , Сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз, Барлығы да бес болсын.
Музыкалық аспаптар арқылы топтарға бөледі | Тілектерін айтып,топқа бөлінеді. Назарларын сабаққа аударады. | .
Тілдері дамиды,сөздік қорын байыту
Қосымша мәліметтер ала отырып,дүние танымы кеңейеді Ойлау қабілеттері артады |
Түсіну |
Әңгімелесу 3 мин
Бейнебаян көрсету 8 мин | Қобызбен орындалатын күй тыңдату - Ненің үні - Қобыз тартатын адамды кім дейді? Ендеше, балалар біз бүгін сендермен ұлы атамыз, күйші, қобызшы Қорқыт ата туралы аңыз әңгімемен танысамыз. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырады
Қорқыт туралы бейнебаян көрсетеді - Ерте заманда адамдардың болашағын болжап айта алатын бір данышпан өмір сүріпті. Оның аты Қорқыт екен. Қорқыт атаның өмірге келуінің өзі бір тарих. Анасы құлан етіне жерік болып, үш жыл тоғыз күн дегенде Қорқытты дүниеге әкеліпті. Сол күні күн күркіреп, дауыл соғып, дүниенің астаң-кестеңі шығады. Қорқыт туған кезде қара аспанды су алған, Қара жерді құм алған, ол туарда ел қорқып, Туылған соң қуанған! - деген ел арасында сөздер айтылған. " Бұл бала бізді қорқытып дүниеге келген бала болды. Есімі - Қорқыт болсын " - деп, азан шақырып, ат қойыпты. Қорқыт туылған соң күн де қабағын ашып, сәуле шашыпты. Бойы өсіп, бұғанасы қатқан Қорқыт түс көреді. Түсінде сақалы беліне түскен, ақ таяғы көк тіреген әулие аян беріпті. Әулие: Уа, Қорқыт сен бір аспап жаса. Аспабың алты жасар нар атаның жілігіндей, шанағы қара бақырдай, көні аруананың терісіне, тиегі ортекенің мүйізінен, ішегі бес айғырдың құйрығынан болсын, аспабыңды қобыз деп атарсың! Қорқыт түсінен оянып, аспап жасауға кіріседі. Әулиенің барлық шарттарын орындайды. Аспапты қолына алып, құлағын бұрап, қияғын шалып көрсе қобыз сарнап қоя беріпті. Ұшқан құс, жүрген аң, ескен самал бәрі тоқтай қалып қобыз үнін тыңдайды. Міне, Қорқыт ата тартқан күйдің бір қайырымы осылай басталған деседі.
| Балалар мұғалімді тыңдайды,сұрақтарға жауап береді
В деңгейлі оқушы алдын ала берілген тапсырманы дайындап,балалардың алдында презентацияны көрсетіп тұрып баяндайды. |
Қолдану | Мәтінмен жұмыс 10 мин Сұрақ-жауап әдіс | Өздігінен мәтінді оқу Әңгіме түсінікті ме?Қорқыт атаны ойландырған сұрақтар сендерді де ойландыра ма? - Қорқыт ата қандай адам болған? (көріпкел, болашақты болжай алатын, көп білетін адам болған) Сендерге әсер еткен жерлері.( түс көру туралы) - Қорқыт өліммен қалай күреседі? Ажалдан құтылудың жолын неден іздеді? - | Мәтінді оқып сұрақтарға жауап береді |