kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"К?згі орманны? к?ріністері" ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л саба? 3-сыныпты? "?дебиеттік о?у" п?ні бойынша "Маужырап бар?ыт ?о?ыр к?з" тарауында?ы "К?згі орманны? к?ріністері" атты та?ырып бойынша ?ткен ашы? саба? жоспары. Жоспар Кембридж ба?дарламасы бойынша ??рыл?ан. Жеті модуль тиімді ?амтыл?ан б?л саба? ?ріптестеріме к?п к?мегін тигізеді деп ойлаймын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"К?згі орманны? к?ріністері" ашы? саба?»

Сабақ:

«Күзгі орманның көріністері»

Мектеп: Қойтас орта мектебі КММ

Күні: 5.10.15 ж.


Мұғалімнің есімі: Нукешева Ә.Ө.

Сынып: 3


Қатысқандар Қатыспағандар

саны: 7 саны: жоқ

Сабаққа негізделген

оқу мақсаты:


Күзгі орманның көріністері туралы түсінік бере отырып, аңдардың қысқа дайындығы, өзгерісі туралы әңгімелеу;

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:


  • Мәтінді түсініп оқиды, күзгі орманның көрінісі туралы мағлұмат алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Мәтінді түсініп оқиды, орман біздің байлығымыз екенін ұғады.

Кейбір оқушылар:

  • Мәтінді түсініп оқиды, мазмұнын ұғады, өмірмен байланыстыра алады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар:

  • Мәтінді оқиды, сұраққа жауап бере алады.


Негізгі сөздер мен тіркестер:

Күзгі орман, көрініс, тиін, борсық, қоян

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

  • Мәтінді түсініп оқиды;

  • Күзгі орман көрінісін біледі;

  • Мәтінге сүйеніп, тиінді, борсықты, қоянды сипаттайды;

  • Аңдардың күзгі тіршілігі туралы біледі;

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

  • Күзгі орман көрінісі деген не екенін айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

«Кластер» құрады, аңдарды сипаттап жазады

Алдыңғы оқу:

«ИНСЕРТ» кестесі арқылы өткен сабақтар бойынша не білгендерін саралайды.

Жоспар:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

*І.Ұйымдастыру.

1. Ынтымақтастық орта қалыптастыру.

«Пантомимо»

2. Топқа бөлу. Жануарлар мен құстар.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сурет бойынша жазған және құрастырған әңгімелерін жинап алып тексеру.

ІІІ. Сабақ мақсатын хабарлау. Инсерт кестесін құру.

Тақтаға оқушылар жауабын жазып кестені толтырамын.

Осыдан барып сабақ мақсаты өздігінен туындайды.

Мақсаты:

Күзгі орманның көріністері туралы түсінік бере отырып, аңдардың қысқа дайындығы, өзгерісі туралы әңгімелеу;

Табыс критерийлері:

  1. Мәтінді түсініп оқимын.

  2. Суреттерді пайдалана отырып, мазмұнын ұғамын.

  3. Сұраққа жауап беремін.

  4. Мәтінде аталған аңдарға сипаттама беремін.

  5. «Орман - біздің байлығымыз» екенін ұғамын.

ІҮ. Жаңа сабақты өз бетінше меңгерту.

  1. -Балалар, сендер күзгі орманда серуендегілерің келе ме?

Ендеше серуенге кеттік!

  1. —    Бүгін біз Елемес Салықов ағаларыңның «Күзгі орманның көріністері» деп аталатын әңгімесімен танысамыз.



  1. «Айналмалы бекет» әдісі.




  1. «Кластерлер» қорғау.





  1. Сергіту сәтін жасату.


  1. «Сиқырлы жәшік» сұрағы.


  • Күзгі орманнан тағы нелерді көруге болады?

  • Күзгі орманда түсін өзгертпеген қай ағаш?

  • «Орман – біздің байлығымыз» деп неліктен айтылады?

  • Тиіннің інінің айналасы толған үлкенді-кішілі не?

  • Інін тазартып, ұйықтайтын жеріне таза жапырақ төсеп жүрген не?

  • Түсі жаздыгүнгідей сарғыш қызыл емес, сұрғылтым. Бұл қай жануар?

  • Ақ түс қоянға не үшін керек?

  1. «Бес жолды өлең» құрату. ( Зат есім, сын есім, қимыл, сөз тіркесі, сөйлем)





Ү. Қорытындылау.

«Инсерт» кестесі.


«Бас бармақ» әдісі арқылы көңіл-күйлерін білу.


ҮІ. Үйге тапсырма.

Әңгімені оқу, әңгіме жазып келу.


ҮІІ. Бағалау.

Сабақ бойы қалыптастырушы «күлегештермен» бағалау жүргізу, артынан жиынтық баға қою.

ҮІІІ. Кері байланыс.

«Бағдаршам»








Оқушының іс-әрекеті:

* Оқушылар ортаға келеді, бір-бірден аңдардың қимылын келтіреді, басқалары шешеді.


*Оқушылар берілген қима қағаз бойынша жануарлар мен құстар болып екі топқа бөлініп отырады.

* Оқушылар дәптерлерін жинап береді.





*Оқушылар Не білемін? Білгім келеді, деген сұрақтарға жауап береді.

Сабақ мақсатын айқындайды.










  • Оқушылар сабақ мақсатымен және табыс критерийлерімен танысады.












  • Балалар жауап береді.




  • Интерактивті тақтадан автор туралы мағлұмат алады.






  • Топта оқушылар әңгімені өз

бетінше оқып танысады. Топ ішінен

стикермен белгіленген оқушы екінші топқа барып не түсінгенін әңгімелеп айтып береді.

  • 1-топ. «Борсық пен қоянның қысқа дайындығы»

2-топ. «Тиіннің қысқа дайындығы»


Мәтінмен жұмыс жасай отырып, бір оқушы қорғайды. Қорғайтын оқушыны өздері ұсынады.





  • Оқушылар сергіп би билейді.





  • Оқушылар жәшік ішінен бір-бірден сұрақ алып, ойланып жауап береді.












Оқушылар «Бес жолды өлең құрайды»

Мысалы: 1. Қоян

2. Аппақ

3. Жасырынды.

4. Ақ қарға

5. Аппақ қоян ақ қарға жасырынды.



  • Не үйрендім? сұрағына жауап береді.

Ауызша талдап, тақтаға жазу.

  • Оқушылар бас бармақтарымен көрсетеді.



  • «Күзгі орманның көріністері» әңгімесін қайталап оқып, мазмұнын ұғу. «Орман – біздің байлығымыз» тақырыбында әңгіме жазып келу.

  • Оқушылардың жинаған «күлегештері» бойынша өзін-өзі бағалауды жүзеге асырады.


  • Оқушылар бағдаршам түсіне сәйкес қарындаштар алады. Ештеңе түсінбедім, маған көмек керек десе, қызыл, бәрі түсінікті десе, жасыл, түсінбегенімді өзім игеріп аламын десе, сары қарындаштарын көтереді.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы: 5 -7 мин

«Мимика», топқа бөліну

Қима қағаздар

Ортасы : 30-35 мин

«Айналмалы бекет», «Кластерлер», «Сиқырлы жәшік», «Бес жолды өлең»

Стикерлер, түрлі-түсті бояулар, АКТ, жәшік

Аяқталуы : 5-8 мин

«ИНСЕРТ»

Смайлик, жұлдызшалар

Қосымша ақпарат

Оқушыларға қосымша «Орман – біздің байлығымыз» тақырыбында эссе жазу ұсынылады.

Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс


*

Қабілеті жоғары оқушыларға тақырып мазмұнын өзінің көзқарасы тарапынан қалай ашатынын, қосымша ақпарат көздерін қаншалықты қолданатынын анықтауға байланысты тапсырмалар беру.


*

«ИНСЕРТ» кестесін қолдану барысында, оқушылардың не үйренгенін тексеру тиімді екенін аңғардым.

*

Дүниетану, қазақ тілі пәндері және АКТ мен байланыс бар.

Орманды қорғау керектігін түсінеді.

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Бүгінгі сабақта оқушылар сабақта көзделген мақсатқа жетуге бағыттала жұмыс жасады. Сабақ мақсатын өздері айқындауға тырысты. Күзгі орманның көріністері туралы түсінік қалыптасты,аңдардың қысқа дайындығы, өзгерісі туралы әңгімеледі. Сыныптағы ахуал сабақ басынан жақсы болды. Оқушылар сабақты өз бетінше меңгеруіне байланысты таңдап алынған әдіс-тәсілдер тиімді болды. Оны оқушыларымның сабақта белсенді қатысып отыруларынан және А, В, С деңгейлі оқушыларымда бұрынғыға қарағанда алға жылжушылық бар екенін байқадым. Уақытты тиімді пайдалана алдым.








Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды ( оқытуды да , оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушылардың мәтінді өздері оқып, танысуы және топта талдауы. «Айналмалы бекеттер» әдісі.

2. «ИНСЕРТ» кестесін қолдану.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. Сергіту сәтін қолдану.

2. Көрнекі құралдар қолдану.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Интербелсенді әдістерді сабақ барысында тиімді қолданғанда топта сөйлемей қалатын оқушы болмайды, яғни оқушылардың белсенді әрекеті білім сапасының артуына ықпал жасайды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"К?згі орманны? к?ріністері" ашы? саба?

Автор: Нукешева Асел Омирзаковна

Дата: 18.12.2015

Номер свидетельства: 267783


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства