kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"К?згі орманны? к?ріністері" 3-сынып ана тілі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л саба? жоспарында о?ушылар?а к?згі орманны? к?ріністері, к?згі ?згерістер жайлы толы? ма?л?мат беріледі. О?ушылар м?тінді ме?геру барысында тіл дамыту, с?йлеу м?дениетінде, с?здік ?орларын молайту?а, функционалды? сауаттылы?ын дамыту?а байланысты ж?мыстар ат?арылады. Саба?та шатты? ше?бері,  топты? ж?мыс, м?тінмен ж?мыс, с?здік ж?мысы, д?птермен ж?мыс, сыни т?р?ыдан ойлану?а байланысты с?ра?тар, жеке ж?не ж?ппен ж?мыс ?амтыл?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"К?згі орманны? к?ріністері" 3-сынып ана тілі »

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Өскен негізгі мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Сулейменова Улдай Койшыбаевна


Ана тілінен ашық сабақ 3 сынып

Сабақтың тақырыбы:   Күзгі   орманның   көріністері .

(Елемес Салықов)


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтінді оқи отырып, күз мезгілінің қыр – сырын жете меңгере білу.

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау,көру, сезіну, қабылдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Күз табиғат  көрінісін  суреттеу. Күзгі  еңбек және табиғатты сүюге аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, ізденушілік, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: Сөздіктер, борсық,тиін, қоян суреттері,  күзгі   орман  суреті.


Сабақтың барысы:

1. Қызығушылықты ояту:

- ұйымдастыру кезеңі

- сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндеттерін хабарлау.

- оқушыларды үш топқа бөлу

- психологиялық дайындық

Күз нышандары

Күз –

Мұнар басқан күз

Сарғыш тартқан түз

Күз –

Ауладағы мұз

Ауадағы сыз

Күз –

Қамбадағы дән

Тандырдағы нан.


Өткенді қайталау.

Күздің кереметі

1-топ: - Әңгіме неліктен «Күздің кереметі» деп аталды?

2-топ: - Омар атай қандай адам? Ол кісіге мінездеме бер.

3-топ: - Атайдың бақшасындағы сол өнімнің шығуына не себепкер болған?

(күн көзі, атайдың еңбегі, тыңайтылған жер)


- Ендеше күздің кереметін бау – бақшадан танып білсек, енді күздегі орман өзгерістеріне саяхат жасайық.


ІІ. Мағынаны тани білу:


- Жаңа сабақ

А)Галлеряны шарлау (топпен жұмыс)

Үш топқа мәтінің үш бөлігін бөліп, тарату.

І

Мен орман ішін аралап жүріп келемін. Төңірегіме тесіле қараймын. Бұл не ғажап! Орман мүлде өзгерген. Жаздағы жап – жасыл түсі сұп – сұр болған. Тек шырша мен қарағай ғана жазғы өңін өзгерте қоймаған.

Аяқ астына қарай қалсам,жерге сап – сары кілем төселген сияқты. Жер жүруге ыңғайлы – жұп – жұмсақ. Анда – санда ағараңдап қайың көрініп қалады. Бірақ ол да жапырақсыз, қалың бұтақтарының арасынан көгілдір аспан көрініп тұр.

«Ш-ш-у,ш-ш-у» деген адамның баяу ысқырығына ұқсас дыбыс естіледі. Ағаштардың бұтақтары ығына қарай теңселіп, қозғала түседі.

ІІ

Біраз жүрген соң көзіме әп - әдемі тиін көрінді. Үлкен қарағайдың түбіне қалып, тиінді асықпай бақылап көрдім. Тиіннің әрі әдеміленіп, әрі өзгере қалғанына қайран қалдым.

Түсі жаздыгүнгідей сарғыш қызыл емес, сұрғылтым,ағаш жапырағына ұқсайды. Екі құлағы тас төбесінде. Құлақтарының ұшынан дөңгелене иірілген ұп – ұзын қара қылшықтар салбырап тұр. Ұзын қылшықты көкке көтерілген құйрығы әдемі, ұшы сәл ғана төмен иілген.

Көздері мөлдіреп, үп – үлкен бүршікті екі аяғымен қыса ұстап отыр. Жан – жағына қарап қояды. Бүршікті аузына апарып, жаңғақ дәндерін бір – бірлеп тісімен алады.Оларды өзі отырған ағаштың бір қуысына жинап жатыр. Тиін уақытын босқа өткізіп отырған жоқ. Ол қызу еңбек үстінде.

Тиін отырған үлкен бұтақтың түп жағында іні бар екен. Мұны мен кейінірек көрдім. Міне, қызық! Іннің айналасы толған үлкенді – кішілі саңырауқұлақтар. Олар ағаш бұтақтарына ілулі тұр. Бұлардың бәрі тиіннің қысқа даярлап жатқан азығы екен.


ІІІ

Әрегірек барған соң дөңестеу бір жерден үп- үлкен ін көрінді. Іннің айналасында қарайып шіріген жапырақтар мен таза топырақ жатыр. Үңіліп ішіне қарап едім, шұбатыла шашылған сап - сары таза жапырақтар көзіме түсті. Іннен әрегірек барып отырдым да, тамақтануға кірістім. Сол кезде әлгі інен бір борсық шыға келді. Ол жан - жағына абайлап қарады.Мені көріп қалып, ініне қайта кіріп кетті. Ол да қысқа даярланып жатыр екен. Інің тазартып, ұйықтайтын жеріне таза жапырақ төсеп жүр. Борсық – қысқы ұйқыға кеш жататын аң. Ол күздің ақырғы күндерінде де інінен шығып, күнге жылынып жүреді.

Осы сапарымда бір қоян көрдім. Қоянның жүні қалыңдап, ақ сұр түске айналыпты. Бұл жүн біртіндеп қыста мүлде ағарады. Ақ түс қоянға қыстыгүні өз жауларынан қорғану үшін керек.


Тапсырма: жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыс, ойды ортаға салу.

Ә) Мәтінді талдау.

- Әр топ өз түсіндендерін айтады.

- Әр топ өз бөлімдеріне ат қояды, дәлелдеу.

Б) Сұрақ – жауап:

1-топ:  Күзгі   орман  түсі қалай өзгерген?

2-топ: Тиін немен қоректенеді, ол қысқа қалай дайындық жасайды.

3-топ: Борсық қысқа қалай дайындалады және қоянның түсі күзде қандай болады?

(ақ сұр түс)

В) Әр топ өз бөлімі туралы айтып, талдау жасап, негізгі ойды ашады.


- Дәптермен жұмыс

* шығармашылық тапсырма, Авторға хат. (өз бөлімдерінен қандай әсер алғанын, сол әсерлерін авторға хат ретінде жазады)

Елемес ағаға хат

Құрметті Елемес аға!

- Кубизм стратегиясы.

1 топ – қоян + суреттеу

2 топ – тиін + қоректенуі (қысқа дайындығы)

3 топ – борсық + салыстыру (басқа жануармен салыстыру).

Сөздік жұмыс


Тиін – ағаш басында өмір суретін күлте құйрық, терісі қымбат, кішкентай аң.

Қоян – еті,терісі адамға пайдалы.

Борсық – дәрілік қасиеті бар, терісі бағалы аң.


- Мемуарлық хат

Тиімділігі: жеміс піседі, жылы киім кию, егін піседі, сабақ басталады.

-------------------------------------------------------------------------------------------------

Қиындықтары: күн суытады,жапырақтар сарғаяды, адамдар көп ауырады, малдар қораға кіреді.


ІІІ. Ой толғаныс


А) қорытынды:

Күздің белгісі неде?

жапырақтар сарғаяды

құстар қайтады

күн суытып, жаңбыр жауады.

Жеміс – жидек піседі

- Жалпы қорытынды:

Күзді неге береке дейміз?

Себебі: күзде барлық жеміс – жидектер, егін пісіп, мал семіреді.

Күзді неге байлық дейміз?

Себебі: піскен егін, жеміс – жидектер дүкендерге толады, семірген мал сойылып, ет көп болады, молшылық болады.

Күзді неге мереке дейміз?

Себебі: егін жиналып,піскен кезде, егіншілер мен жұмыскерлер өз еңбегінің жемісін көріп қуанады, мерекелейді, «Сабан той» жасайды.


Ә) бағалау

Б) Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, сурет салу.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"К?згі орманны? к?ріністері" 3-сынып ана тілі

Автор: Сулейменова Улдай Койшыбаевна

Дата: 17.03.2015

Номер свидетельства: 187699


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства