kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«К?зді? кереметі» / ?дебиеттік о?у п?ні бойынша сыныптан тыс шара/

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а таби?атты? ?сем к?рінісін ба?ылата отырып, ?семдікке, с?лулы??а баулып, эстетикалы? тал?амын арттыру, ?рі о?и білуге, ж?йелеп с?йлеуге жатты?тыру.,о?ушыларды? с?здік ?орын, ой - ?иялын дамыту. жина?ы д?рыс с?йлеуге, с?ра??а на?ты, толы? жауап беруге да?дыландыру,о?ушыларды к?з байлы?ымен, к?к?ніс т?рлерімен таныстыра отырып, о?ушыларды таби?атты с?юге, ?ор?ау?а ж?не е?бек етуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««К?зді? кереметі» / ?дебиеттік о?у п?ні бойынша сыныптан тыс шара/ »



«Күздің кереметі»

/ әдебиеттік оқу пәні бойынша сыныптан тыс шара/

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғаттың әсем көрінісін бақылата отырып, әсемдікке, сұлулыққа баулып, эстетикалық талғамын арттыру, әрі оқи білуге, жүйелеп сөйлеуге жаттықтыру.,оқушылардың сөздік қорын, ой - қиялын дамыту. жинақы дұрыс сөйлеуге, сұраққа нақты, толық жауап беруге дағдыландыру,оқушыларды күз байлығымен, көкөніс түрлерімен таныстыра отырып, оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға және еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:топтастыру,жұмбақ шешу,венн көрсету,эссе, мақал-мәтел, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Кіріспе:Психологиялық ахуал.

Күн жарығын алақанға саламын

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі әрі нәзік, мейірімді

Болып шықты дереу жан-жағым

Тұсаукесер: Миға шабуыл.Сөзжұмбақ шешу




К







Ү








З


1.Күздің бірінші айы.

2.Төрт түліктің бірі.

3.Бір таңбалы санның үлкені.

Негізгі бөлім:Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын

1.Үлкен алтын табақтан,

Әлемге нұр таратқан./Күн/

2.Алып кілем –

Гүлге толы

Үсті кілең./Жер/

3.Көшіп жүріп желменен

Сеуіп шықты тамшысын

Қыраттарға шөлдеген./Бұлт/

4. Аспаннан домалап

Көк моншақ төгілді

Бусанып жат алап

Терледі, керілді. /Жаңбыр/

5.Жасыл болып жыпырлап өнеді

Сары болып үзіліп./Жапырақ/

6.Жап-жасыл болып тұрады

Күзде жапырақтарынан айырылады./Ағаш/


Бұл қай мезгіл? Не себепті күз дейміз?

Оқушылар өздері сурет салады.

























Сұрақтар:
1. Күзді күнгі ауа райы қалай суреттелген? ( Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбырда жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда - санда таңертең салқын болып қояды.)
2. « Жұрт күземін алған дегенді қалай түсінесің? (күздегі қырқылған қойдың жүні. )
3. Шыбын - шіркей неге жоқ болып кетті?
4. Жер бетіндегі шөп - шөңгелердің, ағаштардың көрінісі қандай?
( Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп, шөптерде де қурап қалған). Сұрақтарға жауап бергенде күз туралы мәтінге сай сурет құрастырылады. Оқушылар салған суреттерін түсіндіреді

Мұғалімнің қосымша түсіндірмесі:

Күз дегеніміз, біріншіден, байлық, молшылық: қаптаған астық, картоп, жүгері, күнбағыс, қарбыз, қауын, алма, өрік, жүзім. Осының бәрі күзде әбден пісіп - жетіледі. Әне қараңдаршы! Дала да, егін де, тоғай да - бәрі де сап - сары. Сондықтан далалық күзді «алтын күз» дейді. Екіншіден, күз - ет пен май. Малда да аң да, құс та күзге дейін әбден семіріп болады. Күз - қауырт жұмыстың кезі. Қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалатын кез. «Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды». Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың. Қысқа адам да, аң да, барлық жан - жануарлар да дайындалады. Күзде жыл құстары жылы жаққа қайтады, сөйтіп олар да қыстан аман шығуға әрекет жасайды. Күзде күн қысқарып, түн ұзарады, жауын - шашын көбейеді. Міне, сондықтан да күздің осындай әрбір ашық күнін пайдаланып, мол өнімді тез жиып алу керек. Балалар атасына қызықты әңгімесі үшін көп - көп рахмет айтты. Сол күні түстен кейін және ертеңіне түске дейін олар бізге қауын, қарбыз жиюға көмектесті.



Сұрақ-жауап:

Күз кезінде адамдар қандай жұмыс атқарады?

Жеміс-жидек, көкеніс жинау, жем-шөп дайындау не үшін қажет?

Күзді неге алтын күз дейміз?

Оқушылардың пікірін тыңдау.

-Ал енді,балалар серігіп алайық.?


Симатикалық карта.Басқа пәнмен, өмірмен байланыстыру.


Нысан

Қорегі

Тіршілік көздері

Табиғат түрі

өсімдік

жануар

ауа

су

Жарық

жылу

тірі

өлі

адам


+

+

+

+

+

+

-

жануар

+

-

+

+

+

+

+

-




+

+

+

+

+

-

өсімдік

-

-

+

+

+

+

+

-


Жұптық жұмыс:

1-жұп. Күзгі еңбектер

2 жұп.Күзгі байлықтар

3 жұп.Күзгі мерекелер.

Оқушылар өз ойларын жазады.

Күз тақырыбына жазылған қандай өлеңдер білесіңдер?

1-оқушы.Абайдың «Күз» өлеңі

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрыңғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш қурай.

2-оқушы.

Күзге сүйеп күн иек

Болып қапты қыркүйек

Қырманды жұрт алыпты,

Дәнге батып қалыпты.

Жемістер де пісіпті,

Жерге үзіліп түсіпті

Шөп буыны қатыпты,

Шөмелені ел тасыпты.

Меделі кез болыпты,

Мектеп есік ашыпты,

Күн сәулесін шашыпты.

3-оқушы:

Күздің сыйын алайық,

Қызығына қарайық.

Күзге арнап бәріміз,

Әнімізді салайық.

Өрік,шие,алма,алша,

Жидек,жүзім піседі.

Қауын,қарбыз, қияр, сәбіз,

Қоймаларға түседі.

Айтыңдаршы, балалар

Бұл қай кезде болады?

Оқушылар хормен: Күзде.

4-оқушы:

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай-жапырақ, сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

5-оқушы:

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жүз

Сары алтынға малынған

Жетті міне алтын күз.

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша

Аунар ма еді жатып ап.

6-оқушы:

Кел, балалар, ойнайық!

Тектен-текке тұрмайық.

Жемістерді жинайық.

Үзіп алып бақтадан

Жолдастарға сыйлайық.

Ойын «Күз сыйы»

Ортаға екі бала шығып,себеттерге үстел үстіндегі жемістерді бір бала, көкөністерді екінші бала музыка тоқтағанша жинайды.Ойын кезінде музыка ойнап тұрады.Қай бала көп жинаса, сол бала жеңімпаз атанады.

Жұмбақтар шешу.

Қабат – қабат тоны бар,
Бір тон емес оны бар.
Оранғанда он тонға,
Тоңбайтындай жөні бар. ( Пияз )

Күн көргенде пісем дейді,
Піскен бойдан түсем дейді. ( Алма )

Жүздеген қозы көгенде,
Салбырар жазда төбеңде. ( Жүзім )

Түймедей қыз,
Түймедей қызды жылатар. ( Пияз )

Асыл болмаса да жасыл.
Қып – қызыл қаны асыл.
Қыз болмаса да шырайлы,
Өседі жерге шұрайлы. ( Қызылша )

Құйрығы жасыл, қызыл қораз,
Інге тығылып ұзын қораз. ( Сәбіз )

Титтей қазанның түбі тәтті. ( Жаңғақ )

Жартысын ектім, бүтінін алдым. ( Картоп )

Жетпіс қабат жейдесі,
Тамақ бізге кейде осы. ( Орамжапырақ )

Өзі іште, шашбауы тыста. ( Сәбіз )

Көмген жалғыз, қазғанда сан қыз. ( Картоп )

Бар қаны, жоқ жаны. ( Қызылша )

Ағаш басында құлыптаулы сандық. ( Жаңғақ )

Шырайлы қызың, мұрыны ұзын. ( Сәбіз )

40 қабат шекпені,
Шешкен жанға өкпелі.
Соның бәрін шешкен соң
Көздің жасын төккенің. ( Пияз )

Дөп – дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай.
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай. ( Қарбыз )

Венн көрсетуі. Күзгі ауа райы-Мезгіл табиғат-Жазғы ауа райы.

Қорытынды. Эссе. «Күз» шағын ғана 3-4 сөйлем жазып беріңіздерші.

Күз келді. Күн суыта бастады. Жапырақтар сарғая бастады.Құстар жылы жаққа ұшып кетті.

Мақалдар.
1. Еңбегің қатты болса
Жегенің тәтті болады.
2. Еңбек етсең емесің.
3. Еңбек етпеген ішіп - жемейді.

Рефлексия.Инсерт кестесі


Білемін

Білдім

Білгім келеді

Көкөністердің күзде пісетіні

Күз молшылық,байлық.

Барлық сапсары болатыны

Мұндай ғажап кереметтер күзде ғана болатыны

Неге? Жазда да көкөніс піседі ғой.Аң.Құс суықтың келетінін қайдан біледі?


Назарларыңызға рахмет!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
«К?зді? кереметі» / ?дебиеттік о?у п?ні бойынша сыныптан тыс шара/

Автор: Жунусова Шолпан Тулеубаевна

Дата: 18.02.2015

Номер свидетельства: 175095


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства