Ғарыш дегеніміз не? Аян, Арай, Дина, Ақылбек, Қасым, Ақниет, Ерғали.
Сұрақтар қою.
Планеталардың жұлдыздан қандай айырмашылығы бар?
Планеталар – өзінен жарық шығармайтын салқын денелер.
Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді?
Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун.
Ғарыш деп нені айтады?
Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе Ғарыш деп аталады.
Ғарышқа жол қашан ашылды?
Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашлды. Бұл күні – Жердің жасанды серігі ұшырылды.
Ғарышқа алғаш рет ұшқан кім?
1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю.А.Гагарин ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. 12 сәуір тарихқа «Ғарышкерлер күні» деген атпен енді.
Қазақ ғарышкерлері туралы не білесің?
Тоқтар Әубәкіров – тұңғыш қазақ ғарышкері. Ол 1991 жылы ғарышқа самғады. Талғат мұсабаев – Байқоңыр ғарыш алаңынан 3 рет ғарышқа сапар шекті (1994,1998,2001). Ол ашық ғарыш кеңістігіне шығып, КР-ның ғарышты зерттеу бағдарламаларын сәтті орындады. Сол үшін оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
Үй тапсырмасын қорыту:
Күн жүйесінде 8 планета бар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун туралы жұмбақ жасыру.
Күнсіз бар да, түнде жоқ.
Онсыз өмір мүлде жоқ. (Күн)
Балалар, біз «Күн» сөзін айтқанда есімізге не түседі. Соны санамалап айтып шығайық.
Күн: Жарық жұлдыз Жанға шипа
Қуат өндіру көзі Тіршілік көзі
Шығыстан шығады Жылу
Батысқа жылжиды Жарық
Міне, Күн туралы білетіндерімізді айта отырып жаңа сабағымызды бастаймыз.
1.Күн – жарық пен жылудың көзі
1. Мұғалімнің мәтінді оқып беруі, әр абзац бойынша түсіндіріп кету.
Күн –тұтас жүйенің – Күн жүйесінің орталығы, Күн – қатардағы жұлдыздардың бірі. Ол лаулап жанып тұрған газ. Оның беткі қабатының қызуы 6000, ол терең түкпіріндегі 16 млн. Күн мен Жердің ара қашықтығы 150 млн км. Осы қашықтық тіршілік үшін қолайлы. Бұдан жақын болса, Күн қатты қыздырып жібереді, ал алыста үскірік суық орнайды.
Күннің көлденеңі 1 400 000км екені анықталған. Бұл жердің диаметінен 109 есеге жуық артық. Жерге Күн қуатын 2 млрд-тан бір бөлігі ғана жетеді. Басқасы әлем кеңістігіне шашырап кетеді. Осы қуат мөлшерінің өзі Жерді жылытуға әбден жетеді.
Жарық Жерге Айдан 1-3 секундта, Күннен 8 минуттан сәл астам уақытта жетеді. Егер Күннің сәулесі мен жылуы болмаса Жер бетін қара түнек басар еді. Ғаламат суықтың салдарынан булану жүрмей, су қатып жататыны түсінікті. Аспанда бұлт болмаса жауын-шашын жаумас еді. Жерде сан алуан тіршілік болмас еді. Күн бізге жақын орналасқан басқа жұлдыздардан ірі сияқты болып көрінеді. Темірқазықпен салыстырғанда түйенің жанындағы жұмыртқадан жаңа шыққан балапандай болып көрінеді. Күннің диаметрі Темірқазықтан 120 есе кіші. Адамдар ерте кезден-ақ Күн қуатын пайдалану жолдарын іздей бастаған. Тек біздің заманымызда ғана пайдалана бастады.
- электр қуатын өндіруге, үй жылытуға, астық, жеміс кептіреді, түрлі ауруларды емдеуге
- Күн батареяларды ғарыш кемелері мен Жердің жасанды серіктерінде қуат өндірудің көзі ретінде қолданылуда.
2. Мәтін бойынша сұрақтар қою
1.Күн жүйесі деген не?
Күн жүйесі – Әлем кеңістігінің немесе ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана.
2.Күннің басқа жұлдыздарға ұқсастығы неде?
Басқа жұлдыздар сияқты ол да лаулап жанып тұрған газды шар.
3. Күн бетіндегі, қойнауындағы температура қандай?
Беткі 6000, қойнау 16млн
4. Жер бетіндегі тіршілік үшін күннің маңызы қандай?
Жер бетінде тіршілік болмас еді.
5. Күн қуаты қалай пайдаланылады?
Электр қуатын өндіру, үй жылыту, астық, жеміс кептіруге, ауруларды емдеуге, қуат өндіру көзі.
3. Өзіндік жұмыс.
Астраном ғалымдар анықтаған сандардың орнын тап.
330
Жер
массасы
есе артық
150
млн.км
қашықтығы
Жер
орналасқан
109
диаметрі
Есе үлкен
Жер
Өздік жұмысты оқыту, талдау, дұрысын айту.
4. Топпен жұмыс. Екі топқа Күн мен Жердің ерекшеліктерін санамалап айтып алу.
Күн: Жер:
-Электр энергиясын өндіруге -Жер өз білігін айналады
-Үй жылытуға -Күнді айнала қозғалады
-Астық, жемістерді кептіруге -Күн мен түн ауысады
-Түрлі ауруларды емдеуге -Жыл мезгілдері ауысады
-Қуат өндіру көзі -Жерде тіршілік бар
Шар тәрізді дене
Екеуі де шар тәрізді
Топ басшыларына оқыту.
5. Проблемалық сұрақ.
Егер Жер бетінде Күн болмаса не болар еді?
Мүмкін болатын балалардың жауабы.
6.Тудағы күннің бейнесі нені білдіреді?
Ашық аспанды, бейбітшілікті білдіреді.
7.«Әрқашан күн сөнбесін»
Әнін орындау.
8.Сабақты қорыту.
Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
Біз бүгінгі сабақта не білдік?
5 жолды өлең
Не? Күн
Қандай? Дөңгелек, жарық, жылы
Не істейді? Жақындаса күйдіреді, алыстаса үстіреді.