Просмотр содержимого документа
«К?нпара?ты? жоспар: Біреуге ор ?азба ?зі? т?сесі?......»
Пәні: әдебиеттік оқу
Күні: 14.03.15
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Біреуге ор қазба өзің түсесің......
1.Білімділік: 1.Оқушыларды ертегімен таныстыра отырып негізгі идеясын ,байлық пен кедейліктің айырмашылығын және байлықтың адамға тигізер әсерін түсіне білуге жағдай туғызу.
2. Оқушылардың оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын , есте сақтау , салыстыру қабілеттерін дамыту , қиялын ұштап,сезімін ояту.
3.Топтық жұмыстар арқылы өзара құрмет сезімдерін тудыру. Басқаның пікірін тыңдауға , сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.
Байлықтың пайдасы мен зияның аражігін дұрыс түсіну арқылы адами қасиеттерден айырылмау керектігін ұғындыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралыс байланыс: қазақ тілі
Құралдар: Интербелсенді тақта, А-4, маркер, фломастер, қарындаш, өшіргіш, түсті қарындаштар
Әдіс тәсілдер: АКТ, СТО, диалогтік оқыту
Оқыту нәтижесі: Байлық пен кедейліктің айырмашылығын ұғындыру
Сілтеме: әдебиеттік оқыту оқулығы Алматыкітап баспасы 2011
Сабақ
кезендері
Уақыт
Кіріктірілген
модуль
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру
3мин
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер
1.Жағымды психологиялық ахуал тудыру.
2.Топқа бөлу. Өздеріне ұнаған қағазды алу арқылы топ құру. «Бай адам», «Кедей адам», «Орташа адам» деген сөздер жазылған.
1.Шеңберге тұру арқылы өздері туралы пікірлерін айтады
2.Топқа бөлінеді
Үй тапсырмасын тексеру
4мин
Диалогтық оқыту
«Адамдардың барлығы бір-біріне қарыз» атты ой толғау
Оқушылар тапсырмаларды орындайды
БІЛІМ
8мин
СТО
Әр топ таңдап алған қағаздарына қарап, осы сөздерге орайластыру (ассоциация) жасау. «Бай адам», «Кедей адам», «Орташа адам» деген сөздер жазылған.Осы сөздердің мағынасын ашу. Топта талқылау. Ортақ пікірлерін ортаға салу. Топтар пікірлерін тыңдап болған соң,бүгінгі сабақтың негізгі ойын табу.(Байлық пен кедейлік).
-Қалай ойлайсыңдар бай болу немесе кедей болудың арасында белгілі бір өлшем бар ма?
-Байлық немен өлшенеді?-Балалар бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы «Біреуге ор қазба-өзің түсерсің»
-Ертегі не жайлы болады деп ойлайсыңдар?
1. Оз пікірлерін ортаға салып, талдайды.Дәлелдейді
2. Сұрақтарға жауап береді
Түсіну
9мин
ЖИГСО әдісі
1.Мәтінмен жұмыс
2.Жұппен, топ ішінде ой бөлісу
Мәтінді бес бөлімге бөліп оқып, талдайды
Талдау
7мин
Диалогтық оқыту
1.Оқушылар өзара сұрақ қойып, ақпарат алмасады. «Алма ағашы» ойыны
Оқушылар жемістерге өздері құраған сұрақтарын жазып, алма ағашына іледі.Топтан оқушылар шығып талдайды. Топ оқушылары сұраққа толық жауап беруге тырысады.
Қолдану
5мин
СТО
Мәтінді пайдалана отырып топтарға тапсырмалар беру
1-топ -Басты кейіпкерлерді атаңдар.
-Әр кейіпкерге сипаттама беріңдер.
-Әрқайсының жақсы жағымен жаман жағын тізіп жазу.
2-топ Оқиғалық жағдай.
Сен бір өте бай отбасында дүниеге келдің делік. Осы отбасындағы әкең-тәкаппар,өзімшіл адам, ал анаң-кішіпейіл ,мейірімді жан.Қалай
ойлайсың сен кімге көбірек ұқсар едің?Және байлық саған қандай мүмкіндіктер берер еді?
-Адам қалай өзгереді?
3-топ: Венн диаграмасын құру (Бұрынғы
кездегі байлар мен қазіргі кездегі байларды салыстыру).
1,2-топтар постер жасайды
3-топ жағдаяттан шығу жолдарын қарастырады.
Сергіту сәті
2мин
АКТ
видеожаттығу
Оқушылар жаттығу жасайды
Синтездеу
4 мин
СТО,АКТ
«Бәйге» ойыны Ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру
10-ұяшықтың сұрақтары
1.ертегіде неше түйе, неше өгіз бар?
2.Биік тау қалай аталады?
3.Баланы суға секіргенде не құтқарады?
20-ұяшықтың сұрақтары
1.Ертегідегі қайратты адам кімнің бейнесі
2.Бай базарда қандай мақсатпен жар салды?
3.Ертегіде «Мес» деген не?
30-ұяшықтың сұрақтары
1.Тау басына адамдардың сүйектері қалай келді?
2.Кедейдің баласы 4 жаста әке-шешесі өліп, кімдердің қолында тәрбиеленді?
3. «Біреуге ор қазба – өзің түсерсің» дегенді қалай түсіндіресіз
Топтар алдын ала айындалған сұрақтарға жауап береді