Саба?ты? ма?саты: 1)Адамны? ішкі жан д?ниесі мен арман-тілегіне жетудегі жолда таби?атты? алатын орны мен адам бойында?ы табандылы? ?асиеттеріні? арасында?ы байланысты ??ыну.
2)Сын т?р?ыда ойлау стратегияларын пайдалана отырып,?з бетімен шешім ?абылдай білуге,тілдерін дамыту?а баулу.
3)Досты? ?арым-?атынаста болу?а,дос?а к?мекке,ту?ан-туыс?ан?а деген бауырмалдылы? сезімдерін ояту.
Саба?ты? к?рнекілігі: суреттер,К?н к?зі.
Саба?ты? барысы:
1.?йымдастыру кезе?і
2.?й тапсырмасын с?рау,бекіту.
?зін-?зі тану п?ніні? элементтерін пайдалану.
Шатты? ше?берін ?йымдастыру.
К?к аспанда к?н к?лсін!
Бірге к?лсін б?лдіршін.
К?к аспанда К?н к?лсін,
Жерге ?дайы н?р ??йсын!
3.?ызы?ушылы?ты ояту.
-Осы ?ле? жолдарын естігенде,к?з алдары?а не елестейді?
«Топтастыру» ?ткізу.Мысалы: К?н – бейбітшілікті? нышаны,жылулы? пен ананы? жылы ??ша?ыны? белгісі. К?н к?зіні? суретін сал.
Енді б?л к?н к?зі саба? ая?тал?анша саба?ымыз?а жылу шашып т?рады.
4.Ма?ынаны тану.
Мысал ретінде «К?н ??ша?ында» м?тінді о?ып талдаймыз.
М?тінді о?у.-М?тін са?ан ?андай ?сер ?алдырды?
-М?тінді ?андай дауыс ыр?а?ымен о?ы?ан д?рыс болады?
-М?тінні? шары?тау шы?ы неде болды?
-О?ан не жетеледі?
-Таби?ат-Ананы? біз ?р?ашан перзентіміз,ол бізді ?з ??ша?ына алып,?ам?ор болады.Сол ?ам?орлы?ты біз тек сезіне білуіміз керек.Оны? ?ор?аушысы,са?шысы болып,болаша? ?рпа??а аманат етуіміз керек.
-Бала ?з ма?сатына жету ?шін ?андай табандылы? танытты?
Просмотр содержимого документа
«К?нделікті жоспар «К?нді ?арсы алу» »
Сабақтың тақырыбы: «Күнді қарсы алу»
Сабақтың мақсаты: 1)Адамның ішкі жан дүниесі мен арман-тілегіне жетудегі жолда табиғаттың алатын орны мен адам бойындағы табандылық қасиеттерінің арасындағы байланысты ұғыну.
2)Сын тұрғыда ойлау стратегияларын пайдалана отырып,өз бетімен шешім қабылдай білуге,тілдерін дамытуға баулу.
3)Достық қарым-қатынаста болуға,досқа көмекке,туған-туысқанға деген бауырмалдылық сезімдерін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,Күн көзі.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын сұрау,бекіту.
Өзін-өзі тану пәнінің элементтерін пайдалану.
Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Көк аспанда күн күлсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда Күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын!
3.Қызығушылықты ояту.
-Осы өлең жолдарын естігенде,көз алдарыңа не елестейді?
«Топтастыру» өткізу.Мысалы: Күн – бейбітшіліктің нышаны,жылулық пен ананың жылы құшағының белгісі. Күн көзінің суретін сал.
Енді бұл күн көзі сабақ аяқталғанша сабағымызға жылу шашып тұрады.
4.Мағынаны тану.
Мысал ретінде «Күн құшағында» мәтінді оқып талдаймыз.
Мәтінді оқу.-Мәтін саған қандай әсер қалдырды?
-Мәтінді қандай дауыс ырғағымен оқыған дұрыс болады?
-Мәтіннің шарықтау шыңы неде болды?
-Оған не жетеледі?
-Табиғат-Ананың біз әрқашан перзентіміз,ол бізді өз құшағына алып,қамқор болады.Сол қамқорлықты біз тек сезіне білуіміз керек.Оның қорғаушысы,сақшысы болып,болашақ ұрпаққа аманат етуіміз керек.
-Бала өз мақсатына жету үшін қандай табандылық танытты?
«Әдеби үйірме» стратегиясы, «Кубизм» стратегиясы арқылы тапсырманы анықтап беру.
1-топ: Сілтеме табушылар(Мәтіндегі негізгі ойды анықтап тұрған,оқиғаның ең қызықты жерін тауып оқы.
2-топ.Кейіпкерлерді сипаттаушы
3-топ.Ізденушілер (қосымша ақпарат ұсыну)
4-топ.Сөз тапқыштар тобы.(Мәтінге сәйкес мақал-мәтел,нақыл сөздер табады)
5-топ.Бейнелеуші,суреттеуші топ.(Кейіпкерлердің суреттерін,соларға қатысты іс-әрекеттерінің суреттерін салу)
Топтардың жауаптарын тыңдау.
Әр жауаптың соңында: «Себепкер болған не?»-деп, өз Күндеріне қарату.
-Ендеше,бәрімізге көмекші болған Күнге алғысымызды айтайық.
Шаттық шеңберге тұрып, «Әрқашан күн сөнбесін» өлеңімен аяқтайық.
-Кейіпкерлеріміз кімді тапты?Бауырларына жетелеп апарған не болды?күнге алғысымызды білдірейік.
Сабақты қорыту.
-Бұл сабақтан қандай әсер алдың?Енді неге мән беретін боласың?Кімге қалай қол ұшын бере аласың?