Саба?ты? ма?саты: 1)М??алімге т?н ?асиет- бала?а ж?регіні? жылуын б?ліп беру екенін ??ындыру.
2)О?ушыларды? м??алімге деген с?йіспеншілігін,оны? т?л?асына сыймен ?арау да?дыларын бекіте т?су,м??алімні? кез келген жа?дайда шешім таба алатынын адам екенін ??ындыру.
3)?стаздарды ба?алау?а,сыйласты? пен ??рметтеуге т?рбиелеу.
Саба?ты? к?рнекілігі: ?стаз,балалармен бірге т?скен суреттері.
Саба?ты? барысы:
1.?йымдастыру кезе?і Шатты? ше?бер.С?лемдеседі. «Жар?ын ж?зді ?стазым» ?нін бірге орындайды.
2.??гімелесу М??алім мен ш?кірт арасында?ы сыйласты?ты ?арым-?атынастарын дамыту ма?сатында ??гіме ?йымдастырамын.
3.М??алімні? ?орытындысы: Т?рбие,т?лім,білім,а?ыл беретін адамдарды біз ?стаз дейміз.Ата-ана - ?стаз,м??алім – ?стаз,?лкендер – ?стаз,кітап – ?стаз.Олар бізді? жа?сы адам болып ?мір с?руімізге к?мектеседі.?р?ашан да жа?сы жа?тары?нан к?рініп,?лкен жетістіктерге жеті?дер.Осыдан ?орытынды шы?арып жатса?дар,м??алім ?те ?уанышты болады.
Просмотр содержимого документа
«К?нделікті саба? жоспары"А?ыл мен арман" »
Сабақтың тақырыбы: «Күнді қарсы алу»
Сабақтың мақсаты: 1)Адамның ішкі жан дүниесі мен арман-тілегіне жетудегі жолда табиғаттың алатын орны мен адам бойындағы табандылық қасиеттерінің арасындағы байланысты ұғыну.
2)Сын тұрғыда ойлау стратегияларын пайдалана отырып,өз бетімен шешім қабылдай білуге,тілдерін дамытуға баулу.
3)Достық қарым-қатынаста болуға,досқа көмекке,туған-туысқанға деген бауырмалдылық сезімдерін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,Күн көзі.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын сұрау,бекіту.
Өзін-өзі тану пәнінің элементтерін пайдалану.
Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Көк аспанда күн күлсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда Күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын!
3.Қызығушылықты ояту.
-Осы өлең жолдарын естігенде,көз алдарыңа не елестейді?
«Топтастыру» өткізу.Мысалы: Күн – бейбітшіліктің нышаны,жылулық пен ананың жылы құшағының белгісі. Күн көзінің суретін сал.
Енді бұл күн көзі сабақ аяқталғанша сабағымызға жылу шашып тұрады.
4.Мағынаны тану.
Мысал ретінде «Күн құшағында» мәтінді оқып талдаймыз.
Мәтінді оқу.-Мәтін саған қандай әсер қалдырды?
-Мәтінді қандай дауыс ырғағымен оқыған дұрыс болады?
-Мәтіннің шарықтау шыңы неде болды?
-Оған не жетеледі?
-Табиғат-Ананың біз әрқашан перзентіміз,ол бізді өз құшағына алып,қамқор болады.Сол қамқорлықты біз тек сезіне білуіміз керек.Оның қорғаушысы,сақшысы болып,болашақ ұрпаққа аманат етуіміз керек.
-Бала өз мақсатына жету үшін қандай табандылық танытты?
«Әдеби үйірме» стратегиясы, «Кубизм» стратегиясы арқылы тапсырманы анықтап беру.
1-топ: Сілтеме табушылар(Мәтіндегі негізгі ойды анықтап тұрған,оқиғаның ең қызықты жерін тауып оқы.
2-топ.Кейіпкерлерді сипаттаушы
3-топ.Ізденушілер (қосымша ақпарат ұсыну)
4-топ.Сөз тапқыштар тобы.(Мәтінге сәйкес мақал-мәтел,нақыл сөздер табады)
5-топ.Бейнелеуші,суреттеуші топ.(Кейіпкерлердің суреттерін,соларға қатысты іс-әрекеттерінің суреттерін салу)
Топтардың жауаптарын тыңдау.
Әр жауаптың соңында: «Себепкер болған не?»-деп, өз Күндеріне қарату.
-Ендеше,бәрімізге көмекші болған Күнге алғысымызды айтайық.
Шаттық шеңберге тұрып, «Әрқашан күн сөнбесін» өлеңімен аяқтайық.
-Кейіпкерлеріміз кімді тапты?Бауырларына жетелеп апарған не болды?күнге алғысымызды білдірейік.
Сабақты қорыту.
-Бұл сабақтан қандай әсер алдың?Енді неге мән беретін боласың?Кімге қалай қол ұшын бере аласың?
Сабақтың тақырыбы: Мұғалім
Сабақтың мақсаты: 1)Мұғалімге тән қасиет- балаға жүрегінің жылуын бөліп беру екенін ұғындыру.
2)Оқушылардың мұғалімге деген сүйіспеншілігін,оның тұлғасына сыймен қарау дағдыларын бекіте түсу,мұғалімнің кез келген жағдайда шешім таба алатынын адам екенін ұғындыру.
3)Ұстаздарды бағалауға,сыйластық пен құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ұстаз,балалармен бірге түскен суреттері.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер.Сәлемдеседі. «Жарқын жүзді ұстазым» әнін бірге орындайды.
2.Әңгімелесу Мұғалім мен шәкірт арасындағы сыйластықты қарым-қатынастарын дамыту мақсатында әңгіме ұйымдастырамын.
3.Мұғалімнің қорытындысы: Тәрбие,тәлім,білім,ақыл беретін адамдарды біз ұстаз дейміз.Ата-ана - ұстаз,мұғалім – ұстаз,үлкендер – ұстаз,кітап – ұстаз.Олар біздің жақсы адам болып өмір сүруімізге көмектеседі.Әрқашан да жақсы жақтарыңнан көрініп,үлкен жетістіктерге жетіңдер.Осыдан қорытынды шығарып жатсаңдар,мұғалім өте қуанышты болады.
-Ұстаз деп кімдерді айтамыз?
-Сендер өздеріңе кімдерді ұстаз санайсыңдар?
-Ұстаздарыңды қалай қуантар едіңдер?
Ұстаз Адырбек Сопыбеков
Күлімдеген ,
Күнім деген,
Қамқор болған, ұстазым.
Жаны жайсаң,
Жайдары жан,
Ұғындырған сөз сазын.
Бәрін білген,
Білім берген,
Жас ұрпаққа талмастан.
Әрбір жастың –
Қарлығаштың,
Көңіл сырын дәл басқан.
Талаптанып,
Қанаттанып,
Өмір сырын ұғамыз.
Білім алып,
Тұлғаланып,
Азамат боп шығамыз.
«Әдеби үйірме» стратегиясы Өлең шығармыз. Кластер құрамыз
Жауап аламын.
Тапсырма Төменде айтылған ойды түсіндір.
Мақсат-оқушылардың мұғалім еңбегін түсініп,бағалай білуге ықпал ету.
-Мұғалім - білім беруші.
-Мұғалім – қамқоршы.
-Мұғалім - ақылшы.
-Мұғалім – сенімді дос.
Сабақты қорыту.
-Иә,шәкірттерінің тек қана жақсы жақтарынан көрінуі,үлкен жетістіктерге жетуі- ұстаз үшін үлкен қуаныш.
-Балалардың әке сөзін тыңдай білгеннің арқасында қандай дәрежеге жете білгендері туралы өз ойыңды білдіріп көр.
3.Мұғалімнің қорытындысы: Әңгімедегі әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалары өмірде ештеңеден қиындық көрмей,жақсы өмір сүреді.Ал өсиет сөзге құлақ аспайтын адамның ісі алға баспайді,сол күйі қалалды.Ата сөзін,әке сөзін,ұстаз сөзін,үлкендер сөзін,халық даналығын,өсиетін дұрыс ақылға салып тыңдай білген адамның ақылы толыса береді.Ақылды тыңдайтын бала да ақылды атанады.Сондықтан халық:
3.Айтылған сөзге мән беріңдер! 4.Әңгімені мұқият тыңдап алыңдар!
5.Сөйлеушінің сөзін бөлмеңдер! 6.Сөйлеп тұрған адамға көңіл бөліңдер!
Тапсырма «Өздеріңе айтқан үлкендердің ақыл сөздерін еске түсіріп айтыңдар. -Арманың қандай?
Сабақты қорыту.
-Бізге үлгі-өнеге болатын үлкендердің,даналардың ақыл-өсиеттерін,даналық сөздерін тыңдап,оларды өмірде қолдана алсақ,өмірден өз орнымызды нақты таба аламыз.Сол себепті қолдан келгенше үлкендердің қеңесін,ақылын құлақ түріп,тыңдаған жөн.