- «Күн» деген сөзді естіген кезде ойларыңа не келеді, көздеріңе не елестейді, нені сезесіңдер? Алдарыңдағы күннің сәулелеріне ойларыңды жазып, тақтаға іле қойыңдар. Жылу жарық энергия көзі Бауырсаққа ұқсайды, мейірім шуағы Аптап, ыстық, бағыттаушы - Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Күн – жарық пен жылудың көзі» ә) Мағынаны тану Суретпен жұмыс - Не байқадық? Біздің планетамыздың өсімдіктер мен жануарлар әлемі, адамзаттың тіршілігі үшін жылу мен жарықтың алатын орны ерекше. Ал, жарық пен жылудың негізгі көзі – Күн. Күн – жерге өте жақын орналасқан кәдімгі жұлдыз, керемет үлкен газды шар. Ол күн жүйесіндегі орасан зор дене. Жұлдыздар жай көзге тек түнде ғана көрініп, күндіз көрінбейді. Оның себебі: Күн сәулесі олардың жарығын жеңіп кетеді. Күннің массасы Жердің массасынан 333 000есе үлкен. Жерден Күнге дейінгі қашықтық шамамен 150 000 000 км. Күннің жасы шамамен 5 миллиард жыл. Оның бетіндегі температура +6000° С-ге жуық. Ал ішкі жағындағы температура одан да көп. Жерге Күн қуатының 2 миллиардтан бір бөлігі ғана жетеді. Күннен шыққан жарық жерге 8 минут 19 секундта жетеді. Күн көкжиектен неғұрлым жоғары көтерілсе, соғұрлым күштірек жылытады. Күн сәулесі жер бетін біркелкі жылыта алмайды. Ғалымдардың есептеуінше жер бетіндегі тіршіліктің пайда болғанына 4млрд жылдан асыпты. Осындай ұзақ уақыт ішінде бір клеткалы қарапайым организмнен әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар дамып жетілді. Күн сәулесі болмаса жасыл өсімдіктер ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығармас еді. Оттегімен жан - жануарлар, адамдар тыныс алып, өмір сүреді. Күн сәулесі түспеген жерде өсімдіктер өспейді. Адамдар өмір сүру үшін қажетті киім, тамақ, үй, дәрі - дәрмек, жануарлар үшін азық та өсімдіктерден алынады. Олай болса, Күннен шығатын жарық пен жылусыз Жер бетінде атаулы болмас еді. б) Мәтінмен жұмыс - Дауыстап оқу (мұғалімнің оқуы) - Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді - Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. - Күннің бетіндегі температура қандай? - 6000° С - ге жуық - Күн қуаты қалай пайдаланылады? - Күн қуаты электр энергиясын өндіруге, үй жылытуға, астық және көкеністерді кептіруге т. с. с қолданылады. - Ғарыштан алынатын ақпараттардың шаруашылық үшін қандай маңызы бар? - Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді. Ғарыштан түсірілген суреттер ауа райын болжауға, аса апатты құбылыстардан алдын - ала сақтануға мүмкіндік туғызады |