Мектеп: № 41 ЖОББМ |
Күні: | Мұғалімнің есімі: Г.С.Камзина |
Сынып: 1 «А» | Қатысқандар саны: 18 | Қатыспағандар саны: 0 |
Сабақ тақырыбы | Күн көзін бұлт баспасын! Заттың сынын білдіретін сөздер |
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | Заттың сыны туралы өздері білетіндерін деректер мен дәлелдеп, оны өмірде қолданып, шығарма ның негізгі түйінін қорытуға үйренеді. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: |
|
Оқушылардың басым бөлігі: |
Сөздерге заттың сынын білдіретін сөздерді қосып айта алады, ережесін біледі. |
Кейбір оқушылар: |
Мәтіндегі қиын сөздердің мағынасын түсіндіре алады. |
Тілдік мақсат | Оқушылар: Тақырыпты өмірмен байланыстырып, талдайды; ұғымдарды салыстырады, негізгі түйінін қорыта алады. |
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
Қиын сөздерге сөздік жұмысы: қазыналы, шұрайлы, нулы, берекелі, қабақ, қайғы, күрсінбесін. |
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер: |
Талқылауға арналған тапсырмалар |
Топтық жұмыскезінде бір-бірімен пікір алмасып, әңгіме жүргізеді. |
Сіз неліктен ...екенін айта аласыз ба? |
Мәтін неліктен осылай аталғанын дәлелде |
Жазылым бойынша ұсыныстар: |
Бақытты, қуатты, шұрайлы, жұртты, көкке. |
Алдыңғы оқу | «Қағып ал!» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұраймын. Өлеңді мәнерлеп оқиды. Заттың сынын білдіретін сөздер туралы ережені айтады. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар |
Мұғалімнің әрекеті | Оқушылардың әрекеті |
Баста луы | Сыныпта ахуал туғызу. «Атом, молекула» ойыны арқылы топқа бөлемін. «Миға шабуыл» Балалар бізде жақын арада қандай мейрам болды? Неліктен «Жеңіс күні деп аталды?» Қазір бейнебаянға назар аударайық. «Майданда» (видеоролик) Қазіргі өмірмен салыстырып, өз ойларыңды ортаға салып көріңдер. | Шаттық шеңберін құру (Бір біріне тілек айтады) «Атом, молекула» ойыны арқылы топқа бөлінеді. Сұрақтарға жауап беру арқылы және видеороликті талқылау арқылы миға шабуыл жасайды. | СТО АКТ бейнеролик Оқулықпен жұмыс Слайд |
Ортасы | Сонымен қазір біз бейбіт өмірде туғанымызға, тұрып жатқанымызға қуанамыз. Біз бейбітшілікті қалаймыз! Біздің бүгінгі тақырыбымыз да осы бейбіт өмірді қалайтынымыз туралы «Күн көзін бұлт баспасын» деп аталады екен. Ендеше осы тақырыпты оқиық. Бұл өлеңді белгілі ақын Өтебай Тұрманжанов жазған екен. Мына көрмеге назар аударып, ақынның өмірбаянымен танысайық. Мәтінмен жұмыс: мәтінді іштей оқу. Мәтіннен түсінгендерін сөзбен жеткізіп беру. Қазір біз ендеше елім, жерім қандай болсын? деген сұраққа жауап беріп көрейік. аман бақытты Елім қуатты болсын. тату берекелі үлгілі тыныш бай егінді Жерім қазыналы болсын. нулы малды шұрайлы «Жалғасын тап!» мақал- мәтелдер құрастыру. 1-топ Отансыз адам- ормансыз бұлбұл. 2-топ Ел бақыты -ер қолында. 3.Отан үшін отқа түс, күймейсің. 4. Отан- отбасынан басталады. | Ө.Тұрманжанов туралы мағлұмат алады. Мәтінді оқиды. Түсінбеген сөздерін түртіп алып отырады. Мәтіннен түсінгенін басқаларға түсіндіруге көмектеседі. Топтан бір оқушыны ортаға шығарады. Сын есім туралы білімдерін еске түсіреді. 186-жаттығуды орындайды. Жұппен,топпен диалогқа түсіп, талқылайды. Елім, жерім қандай болсын деген сұраққа жауап іздейді. Берілген сөздерден мақал- мәтел құрастыру. Әр топқа бір мақал- мәтел. |
Аяқта луы | Шығармашылық тапсырма: «Адасқан сөздер» ойыны Берілген сөздердің қарама қарсы мәндес сөздерін табады: қиын-оңай, жеңіл-ауыр, терең-таяз, биік-аласа, қымбат-арзан, жарық-қараңғы, кең-тар, алыс-жақын. Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырмалар: Заттың сынын білдіретін сөздерді қойып жаз. … гүл, ….. адам, … оқушы, ….. дәптер, ….. жол, …… қыс. Қабілетті оқушыларға: берілген сөздерден сөйлем құрап жаз. 1 Өседі,қаптап,жерде ,арша таулы. 2 Аласа ,бойы, болады, аршаның. 3 Жанады, өте, жақсы,ол. 4 Көгеріп, тұрады, ол, қысы-жазы. | Дәптерлерін ашып, көркем жазу мен күн атауын жазады. Үлгерімі төмен оқушылар заттың атын білдіретін сөздерге заттың сынын білдіретін сөздер қосып жазады. Қабілетті оқушылар дұрыс сөйлем құрап жазады. |
Қосымша ақпарат |
Келесі оқуға арналған тапсырмалар Ұлы Отан соғысына қатысқан аталары туралы эссе жазу.Өлеңді мәнерлеп оқу. |
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделіндіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс |
Үлгерімі төмен оқушыға тапсырма | Смайликтер бағдаршам, | Дүниетану |
Рефлексия | |