kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

??мырс?аны? ?ана?аты конспект

Нажмите, чтобы узнать подробности

Здравствуйте, уважаемые коллегиІ Добавляю свою работу. Надеюсь, что кому-то пригодится.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«??мырс?аны? ?ана?аты конспект»

Тексерілді

ОІМ_______________

«____»_____________2015 жыл







«№ 13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі Дербисова Кулсара Аджигалиевнаның

әдебиеттік оқу пәнінен өткізген қалалық ашық сабағының

қысқа мерзімді жоспары

30.04.2015 жыл.


















Жаңаөзен қаласы

2014-2015 оқу жылы

Пән атауы:

Әдебиеттік оқу

Сабақ тақырыбы:

«Құмырсқаның қанағаты» ертегі.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ертегідегі негізгі ойды түсіндіріп, жаңа білімді меңгерті, ойын жүйелі айтуға үйрету. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамытып, өздігінен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру. Оқушыларды эстетикалық тәрбиеге баулу, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті:

Құмырсқа туралы мәлімет беру. Талпынысы мен табандылығын үлгі ету.

Күтілетін нәтиже:

Ертегіде айтылған негізгі ойды түсінеді, ойлау қабілеті, дамиды, сөздік қоры молаяды, өздігінен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады, еңбекқорлыққа үйренеді.

Сабақтың түрі:

Жаңа материалды меңгерту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі:

Оқиды, жазады, әңгімелейді, сұрақ-жауап алысады, талдайды, салыстырады, шығармашылық жұмыс жасайды.

Сабақтың көрнекілігі:

Оқулық, дәптер, сурет, бейнеүзік, ақ парақтар, маркерлер, бағалау бетшелері.

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, музыка, дүниетану.

Сабақтың барысы:

Уақыты

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


2 минут

Ұйымдастыру

1. Психологиялық дайындық

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Түйе боздап, қой қоздап – қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду – ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.

2. Оқушыларды 3 топқа бөледі.

Оқушылар хормен айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

І топ. «Құмырсқа», ІІ топ. «Шегіртке», ІІІ топ. «Инелік»


10 минут

Үй жұмысын тексеру

1. «Алтын балта» ертегісін әңгімелетеді. Әр топтан 1 оқушыға.

2. Сұрақ қою арқылы тақырыпты қорытады.

А) Ертегінің әр кейіпкеріне мінездеме беріңдер.

ә) Ертегіден көңілдеріңе не түйдіңдер?

Оқушылар әңгімелейді, сұрақтарға жауап береді.


12 минут

Жаңа сабақ

1. Жұмбақ шешкізу арқылы жаңа тақырыпқа түседі.

Басы мен құйрығы үлкен қарабатыр,

Өзінен он есе ауыр жүкті арқалап келе жатыр. Ш: құмырсқа.

2. Ертегіні диктофоннан тыңдатады.

3. Сұрақ-жауап арқылы ертегінің мағынасын ашады.

4. Сөздік жұмысын жүргізеді.

Оқымысты – ғұлама, білімді, данышпан, көзі ашық.

Қанағат – барға риза болу, місе тұту.

5. Сергіту сәті «Құмырсқа»

Ұзын мұртты құмырсқа Келе жатты жұмысқа.

Допты қойдым алдына Оң жағына қарады,

Сол жағына қарады Тау екен деп ойлады,

Өрмелеуге тырысты.

Жұмбақ шешеді, ертегіні мәнерлеп оқиды, сұрақ-жауап алысады, жаңа сөздермен танысады.


15 минут

Жаңа сабақты бекіту

1. Құмырсқа туралы бейнеүзік көрсетеді.

2. Оны талдатады.

3. Шығармашылық жұмыс. Постер жасап, оны қорғатады. І топ. «Құмырсқа», ІІ топ. «Шегіртке», ІІІ топ. «Инелік» тақырыптарына.

4. Құмырсқа туралы бес жолды өлең құрастыртады.

Құмырсқа

Еңбекқор, қанағатшыл

Еңбектенеді, жүреді, ойланады.

Құмырсқа еңбекқор, қанағатшыл, еңбектенеді, жүреді, ойланады.

Бейнеүзікті көріп, талдайды.

Постер жасап қорғайды. Бес жолды өлең құрастырады.

3 минут

Кері байланыс

Кесте таратып береді. «Не білемін? Не білгім келеді? Үйрендім?»

Кестені толтырады.


2 минут

Бағалау

Мұғалім ескертеді.

Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды. Топтар бірін-бірі бағалайды.


1 минут

Үй тапсырмасы

Ертегіні оқып, әңгімелеп беруге дайындалып келеді және құмырсқа туралы эссе жазып келеді.

Орындап келеді.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
??мырс?аны? ?ана?аты конспект

Автор: Дербисова Кульсара Аджигалиевна

Дата: 26.04.2016

Номер свидетельства: 322745


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства