Іздену ұйымдастырушы бөлімі | Сұрақ-жауап: Балалар бұл не? Қәне, қайталаймыз. Қ дыбысын буын ішінде керіліп қайталау арқылы жаттығуды орындату. Қо-қо-қо-қоян Құ-құ-құ-құлақ Қа-қа-қа-қалам Қы-қы-қы-қылыш Қу-қу-қу-қулық «Қ» дыбысының дауыссыз дыбыс екендігін, ауыз-қуысынан еркін шықпай, қысылып шығатындығын баалаларды айтқызу арқылы ажырату. Қоянға сипаттама беру: Қоянның түсі қандай? Оның жүні қандай? Қоянның құлағы қандай? Ұзын ба, әлде қысқа ма? Неше құлағы бар? Сергіту жаттығуы: «Сұр қоян» Ұзын құлақ сұр қоян Естип қалып сыбдырды, Ойлы-қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын сап көзінің Келе жатқан томаңдап, көжегі екен өзінің. (Т. Бердияров) Кө-кө-кө-көжек Кө-кө-кө-көже Кө-кө-кө-керек Кө-кө-кө-көрпе ( «К» дыбысының дауыссыз дыбыс екендігін, ауыздан кедергіге ұшырап, қысылып шығатындығын түсіндіру). Балалар, көжек қандай болады? Дидактикалық ойын: «Көжекпен ойналық» Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту жылдамдыққа үйрету. Ойын шарты: Тіл дамыту дәптерімен орындалады, көжектің сәбізге дейінгі жолын сызып көрсет. Қоян жүзеді ме? Әлде ұшады ма? Олар қандай жабайы аңдардан қорқады? Жабайы аңдарға нелер жатады? Мақалдың мағынасын түсіндіру. Мал жуасы-қой, Аң жуасы- қоян. | -Бұл -қоян Тәрбиеші сөзін қайталау арқылы, «қ» дыбысын анық айтуға тырысу. -Қоянның түсі сұр. -Оның жүні жұмсақ, мамық үлпілдек. -Қоянның құлағы ұзын. Оның екі құлағы бар және оның екі көзі, тұмсығы, аузы, мұрттары, төрт аяғы, кішкентай құйрығы бар. Балалар орындарынан тұрып, жаттығуды орындайды. -Көжек кішкентай, жүндері жұп-жұмсақ және сүп-сүйкімді болады. Балалар орындайды. -Жоқ, қоян секіріп жүреді. -Қоян әсіресе түлкіден қорқады. -Жабайы аңдарға түлкі, қасқыр, аю т.б жатады. мақал-мәтелді тәрбиеші көмегімен жаттап алуға тырысады. |