kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?оз?алыс?а байланысты есептер шы?ару.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?оз?алыс?а байланысты есептер шы?ару.?айталау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?оз?алыс?а байланысты есептер шы?ару.»

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 "б"


Сабақтың тақырыбы: Қозғалысқа байланысты есептер шығару.Қайталау.
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Жылдамдық, уақыт, қашықтыққа берілген есептер жайлы білімдерін тиянақтап пысықтау.

Дамытушылық: Бір-біріне қарама- қарсы бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, алған білімін өмірде қолдана білуге, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, салауатты өмір салтын, ұлтымыздың салт- дәстүрін ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Оқыту әдісі: сұрақ - жауап, талдау, салыстыру, ажырату, жинақтау, жаттықтыру, ізденіс әдісі, жазба жұмысы, өзіндік жұмыс.
Көрнекіліктер: слайд, сызба, суреттер.
Пән аралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу, дене шынықтыру.

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Оқушылардың сабаққа әзірліктерін қадағалау. Зейіндерін сабаққа аудару.

Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын
«Ғылымдар патшасы»- деп дараланып,
Математика - қызыққа тоймайтұғын


-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.


ІІ. Үй тапсырмасы:

№6.

25 220:65=388 5040:84=60 3650:73=50 3900:65=60


ІІІ. Жаңа сабақ:

- Балалар, өткен сабақта қандай тақырыпты өттік.

Қозғалысқа байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?


Қыбырлаған- қырдан асар.


Жүгірген жетпейді,

Бұйырған кетпейді.


Су анасы - бұлақ,

Сөз анасы - құлақ,

Жол анасы - тұяқ.


Қолы қимылдағанның, аузы қимылдайды.


-Балалар қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? Көкпар, асық, бәйге, күш салыстыру, арқан тартыс, алтыбақан тебу, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу.
- Балалар, қазір біз ұлттық ойындармен таныса отырып, сабағымызды ары қарай жалғастырымыз. Әрқайсың ойыншы болып жарысасыңдар. Әр есепті дұрыс шығарсаңдар, ойын жеңімпазы атанасыңдар.

Ойымызды жаңғыртып мынаны еске түсіріп алайық.
- Мына жазу нені білдіреді? Кім айтып береді?
S = V x t V = S: t t = S: V
Оқушылар жылдамдық, уақыт, қашықтықты табу ережесін еске түсіреді.


№1 тапсырма. Слайд. Көкпар. Кестені пайдаланып, уақытты өрнек түрінде жазып көрсет.


Жылдамдық

Уақыт

Қашықтық

24 м/мин

? 4 мин

96 м

Х м/мин

? 48:Х мин

48 м

6 м/мин

? а:6 мин

А метр


№2. Слайд. Бәйге ойыны. Кестенің әр бағанындағы берілгендерді салыстыр. Не тұрақты болды? Не өзгерді және қалай?


Жылдамдық

Уақыт

Қашықтық

24 м/мин

4 мин

96 м

12 м/ мин

4 мин

48 м

6 м/ мин

4 мин

24 м


№3. Теңге алу. Кестені пайдаланып, машиналардың әрқайсысының жүрген уақытын, олардың бір-біріне жақындау жылдамдығын, екеуі жолда барлығы қанша уақыт болғанын өрнек түрінде жазып көрсет.

Қозғлыстағы дене

Жылдамдық

Уақыт

Қашықтық

Жеңіл машина

90 км/сағ

? 2

180 км

Жүк машинасы

Х км/сағ

? 150:Х сағ

150 км


Сергіту сәті.


№4. Слайд. Аударыспақ.

S=48 км t = 3 cағ

V=16 км/сағ V = 8 км/сағ

t=? S = ?

Ш: 48 км: 16 км/сағ =3 сағ Ш: 8 км/сағ ∙ 3 сағ = 24 км


№5. Алтыбақан.


S =24 км S = 40 км

t =3 сағ V = 8 км /сағ

V = ? t = ?

Ш: 24 км : 3 сағ = 8 км/сағ Ш: 40 км : 8 км/сағ = 5 сағ


№6. Слайд. Асық ату ойыны. Бөлуді орында және оны тексер:

9100 : 26 = 350 1680 : 28 = 60 1740 : 29 = 60 1620 : 27 = 60


№7. Слайд. Қазақша күрес. Амалдарды орында:

86 м 75 см + 340 м 67 см = 427 м 42 см

608 ц 65 кг - 479 ц 87 кг = 128 ц 78 кг


№8. Слайд. Тоғыз құмалақ. Теңдеулерді шеш:

Х + 42 = 25 536 А - 36 = 1430 + 20

X = 25 536 - 42 A - 36 = 1450

X = 25 494 A = 1450 + 36

A = 1486

25 494+42 = 25 536

25 536 = 25 536 1486 - 36 = 1430 + 20

1450 = 1450

Х ∙ 42 = 25 536 А : 36 = 1480 - 30

X = 25536 : 42 A : 36 = 1450

X = 608 A = 1450 ∙ 36

A = 52 200

608 ∙ 42 = 25 536

25 536 = 25 536 52 200 : 36 = 1480 - 30

1450 = 1450

№9. Слайд. Арқан тартыс.

Суретте барлығы неше бұрыш бар? - 8

Түзу нешеу? - 2

Кесінді ше? - 1

Сәуле нешеу? - 2

Үшбұрыш ше? - 1

T

D T A K K


O

M B A

O E


Логикалық тапсырма.


Теңдіктерді салыстыр:

25 ∙ 11 = 250 + 25 = 275

25 ∙ 15 = 250 + 125 = 375

25 ∙ 19 = 250 + 225 = 475р

25 ∙ 23 = 500 + 75 = 575

25 ∙ 27 = 500 +175 = 675

25 ∙ 31 = 750 +25 = 775


IV. Қорытынды:

V. Үйге тапсырма: №7 2-ші бағаны

№8 2-ші бағаны
VI. Бағалау:






































Психологиялық дайындық
С - салмақты
П - парасатты
О - озат
Р - рухты
Т - төзімді
Ш - шыныққан
Ы - ынтымақшыл болайық! Бүгінгі сабағымызда осы қасиеттер бойларынан табылады деген ойдамын. Сәттілік тілеймін!
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
№ 7, 9 тапсырманы тексеріп шығу.

ІІІ. Жаңа тақырып. 
1. - Балалар, қазір әрқайсың шаңғышы болып жарысасыңдар. Әр есепті дұрыс шығарсаң шаңғышы бір бөгеттен өтіп тұрады. Сөйтіп сабақ аяғында кім озып келетінін анықтап бағалаймыз. Ойымызды жаңғыртып мынаны еске түсіріп алайық.
- Мына жазу нені білдіреді? Кім айтып береді?
S = V x t ------------ V = S: t ----------------- t = S: V
Оқушылар жылдамдық, уақыт, қашықтықты табу ережесін еске түсіреді.

2. №1 тапсырма. Слайд пен суретті пайдаланып сұрақтарға жауап беру. Дәлелдеу.
Бұл спорттың қай түрі? Біздің Ақтөбе облысынан Аслан Даумов деген жас конькиші бұл жарысқа қатысуда. 1 бөгет
3. №2 тапсырма
Бір оқушы тақтада сызбаны пайдаланып, есепті талдап береді. Шартын құрады. Шығарған есебінің дұрыстығын слайдтағы жазумен тексереді
Жүк машина V - 55км/сағ ------------------- Ш: (55+65) х3+89=449км
Жеңіл машина V - 65км/сағ ----------------- (55+65) х7+89=929км
S - 89км
t - 3 сағ S -? км
t - 7сағ S -? км
2 бөгет
4. - Енді балалар, сәл спорттан ауытқып елімізге оралайық. Биыл президент халыққа жолдауын арнады. Ол биылғы Жолдауында да баспана мәселесіне басымдық берді. Жалға берілетін тұрғын үй алаңын жыл сайын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажеттігін атап өтті. Баспана мәселесін шешу үшін 2011 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы түзілген болатын, қазір игілігін беріп, бір жыл ішінде 55 мың қазақстандық қоныс тойын тойлады. Ендеше келесі есебіміз осы үй құрылысына арналған.
Тақтаға келесі оқушы шығады.
№3тапсырма
6 үй – 198 пәтерлі ------------------------------- Шешуі: 198 х 6+270 х 5=2538
5 үй – 270 пәтерлі ------- 15000 --------------- 15000 – 2538 = 12462
Қалғаны -? пәтер
3 бөгет

Сергіту сәті
- Енді балалар, сәл тынығып алайық. Ол үшін мына сандарды оқиық.
753 829
46013
Бірінші санның 2 разрядында қанша бірлік болса, сонша рет аңдардың қимылын қайталаймыз. 4 разрядта? 6 разрядта? 9 разрядта?
Екінші санның 6 разрядта? 4 разрядта? 1 разрядта?
Балалар, неге бұл аңдар шықты? Оқушылардың ойын тыңдау.


4. №4тапсырма.
360+х: 3=440 -------------- х: 8+140=212 ------------ (х+25) х4=360
Х: 3=440 - 360 ------------- х: 8=212 - 140 ------------ х+25=360: 4
Х: 3=80 --------------------- х: 8=72 --------------------- х+25=90
Х=80х3 --------------------- х=72х8 -------------------- х=90 - 25
Х=240 ---------------------- х=576 ---------------------- х=65
4 бөгет
5. №5 тапсырма. Оқушылар деңгейлік тапсырманы таңдап, өз бетінше орындайды.
1. деңгей
Тік төртбұрышты кітаптың мұқабасының ені 10 см, Бұл оның ұзындығынан 2 есе кем. Кітап мұқабасының ұзындығы неше сантиметр?
2. деңгей
Сәйкес келетін санды тап:
□ х 11=957 ---------------- 92 х □ =1012
□ х 101=8787 ---------------- 92 х □ =9292
□ х 1001=87087 ---------------- 92 х □ =92092
3 деңгей
Сызба бойынша есеп құра және шығар:
52км/сағ? км/сағ
Келесі 5 бөгеттен өту.
230км
IV. Қорытынды:
6. Шығармашылық тапсырманы орындау, Жазуды аяқтау. «Кім шапшаң?»
V. Үйге тапсырма:.
VI. Бағалау: Мәреге бұрын жеткен шаңғышы бойынша мадақтау, өздерін бағалау
Естелікке олимпиаданың бойтұмар аңдарының суретін сыйлау

































  1. «Көкшетау» лагеріне 120 ұлдар мен 180 қыздар келді. Оларды бір бөлмеге 6 баладан орналастырды. Барлық балаларды орналастыруға неше бөлме кетті.
    A) 50
    B) 40
    C) 100
    D) 30
    2. Килограммен жазыңыз: а) 2 ц 50 кг б) 1 т. В) 3ц 2кг
    А) 25кг, 10кг, 32кг 
    В) 205кг, 100кг, 320кг 
    С) 250кг, 1000кг, 302кг 
    D) 2050кг,100кг, 3020кг 
    3. Есептеңіз: 783-252•2-279 
    А) 100 
    В) 36 
    С) 50 
    D) 0 
    4. Еңбек сабағында екінші сынып оқушылары 24 балға, ал үшінші сынып оқушылары 72 баға жасады. Үшінші сынып оқушылары 2 сыныпқа қарағанда неше балға артық жасады?
    А) 99 
    В) 48 
    С) 84 
    D) 46 
    5. Есептеңіз: 783 – 252 • 2 - 279 
    А) 15 
    В) 10 
    С) 0 
    D) 20 
    6. Құлынның салмағы 35 кг, бұл үйректің салмағынан 7 есе үлкен. Үйректің салмағы неше?
    А) 5 
    В) 7 
    С) 10 
    D) 6 
    7. Есептеңіз: 138: 3+111 
    А) 157 
    В) 769 
    С) 154 
    D)149 
    8. Есептеңіз: 35 • 4 + 29 • 3 
    А) 237 
    В) 347 
    С) 227 
    D) 440 
    9. 54м матадан 9 костюм тігілді, тура соншама көйлекті 27м матаға тікті. 1 костюмге көйлекпен салыстырғанда канша метр мата артық жұмсалды?
    А) 4 
    В) 6 
    С) 5 
    D)3 
    10. Есептеңіз: (23000+51000)+14000 
    А) 80000 
    В)98000 
    С)84000 
    D)88000 
    11. Теңдеуді шешініз: 76000 – Х = 6000 
    А) 700000 
    В) 70000 
    С) 7000 
    D)700 
    12. Есептеңіз: 497+ С=5300 
    А) 5497 
    В) 4973 
    С) 3953 
    D)4803 
    13. Есептеңіз: 14307:3 
    А) 7102 
    В) 5609 
    С) 4769 
    D) 8779 
    14. Есептеңіз: 40070кг • 6 
    А) 320400кг 
    В) 224200кг 
    С) 404200кг 
    D)240420кг 
    15. Ауылдан екі велосипедші бірдей уақытта қарама-қарсы бағытта жүріп кетті. Бірінші велосипедшінің жылдамдығы 12км/сағ, ал екіншінікі 10 км/сағ. 2 сағаттан соң олардың бір-бірінен арақашықтығы қандай болады?
    А) 43 км 
    В) 44 км 
    С) 28 км 
    D) 34 км 
    16. Төртбұрышты бөлменің ұзындығы 6 см, ал ені Х см екені белгілі болса оның ауданын есептеніз.
    А) 5Х 
    В) 12Х 
    С) 3Х 
    D)6Х 
    17. Мәнін табыныз: 64203 : 3 – 72018 : 9 
    А) 13499 
    В) 14939 
    С) 13399 
    D)14993 
    18. Дүкенде 3 күн бойы 42000 теңгеге тауар сатылды. Бірінші күні – 22000 теңгеге, ал екінші күні одан 2 есе аз суммаға. Үшінші күні қалған тауар сатылды. Үшінші күні сатылған тауардын суммасын табыныз.
    А) 9000 
    В) 900 
    С) 90 
    D)9 

    19. Теңдеуді шешініз: Х – 560 : 7 = 20000 
    А) 20180 
    В) 20080 
    С) 23180 
    D) 23080 
    20. Ыңғайлы жолмен есептеңіз: 150х(2х9) 
    А) 2700 
    В) 2200 
    С) 1570 
    D)2730


    2 вар:

    Математика 4029 
    1. Асханаға 300кг күріш және одан 3 есе аз қант алып келді. Асханаға канша килограмм қант алып келді?
    А) 200 
    В) 150 
    С) 100 
    D) 300 
    2. Центнермен жазыңыз: I-) 3т100кг= II-) 5т = III-) 1000кг= 
    А) 310ц, 50ц, 100ц 
    В) 310ц, 50ц, 10ц 
    С) 31ц, 5ц, 11ц 
    D) 3100ц, 5ц, 1000ц. 
    3. Есептеңіз: 884 : 4 + 696 - 400 
    А) 517 
    В) 688 
    С) 157 
    D)167 
    4. Мектепте 30 мұғалім және 450 оқушы. Мұғалімдердің саны оқушылардан нешеге аз?
    А) 350 
    В) 420 
    С) 300 
    D)480 
    5. Құлынның салмағы 28 кг, бұл үйректің салмағынан 7 есе үлкен. Үйректің салмағы неше?
    А) 3кг 
    В) 7кг 
    С) 4кг 
    D) 5кг 
    6. Есептеңіз: (747+156):3+346 
    А) 674 
    В) 747 
    С) 647 
    D)947 
    7. Есептеуді орындаңыз: (138:3+111)+6х7 
    А) 619 
    В) 791 
    С) 199 
    D) 339 
    8. Есептеңіз: 189:9-75:25 
    А) 18 
    В) 15 
    С) 17 
    D) 19 
    9. Шеберханада 7 қоянбөрік және 7 тымақ тікті. Әр қоянбөрікке 2 теріден, ал тымаққа 4еуден жұмсалды. Жалпы қанша тері жұмсалды? 
    А) 72 
    В) 42 
    С) 13 
    D)31 
    10. Есептеңіз: (230000 + 510000) + 140000 
    А) 67000 
    В) 890000 
    С) 790000 
    D)880000 
    11. Теңдеуді шешініз: Х + 20000 = 80000 
    А) 60000 
    В) 600 
    С) 60 
    D) 6000 
    12. Теңдеуді шешініз: С- 98 =1300 
    А) 1813 
    В) 1287 
    С)1319 
    D)1398 
    13. Есептеңіз: 4769х3 
    А) 17698 
    В) 13703 
    С) 14307 
    D)16138 
    14. Есептеңіз: 15450 км : 5 
    А) 2090км 
    В) 3090км 
    С) 4905км 
    D) 3950км 
    15. Арақашықтығы 81км болатын екі ауылдан, бірдей уақытта бір-біріне қарай 2 көлік шықты. Бірінші көліктің жылдамдығы 12 км/сағ, ал екіншінікі 15км/сағ. Қанша сағаттан соң олар кездеседі?
    А) 3сағ
    В) 4 сағ
    С) 5 сағ 
    D)6 сағ 
    16. Алмас екі костюм үшін 7200 тенге төледі. Егерде пальто костюмнан 2 есе артық турса, Алмас екі пальто үшін қанша теңге төйлеу керек? 
    А) 1444 
    В) 3600 
    С) 7206 
    D)14400 
    17. Төртбұрышты бөлменің ұзындығы 5 см, ал оның ауданы 30м2 екені белгілі болса, Бөлменің енін есептеніз.
    А) 5м 
    В) 4м 
    С) 6м 
    D)3м 
    18. Өрнектің мәнін табыныз: 17619 • 5 + 6120 • 3 
    А) 11645 
    В) 106455 
    С) 17654 
    D) 176455 
    19. Теңдеуді шешініз: 3090:10-Х=209 
    А) 100 
    В) 110 
    С) 120 
    D) 130 
    20. Ыңғайлы жолмен есептеңіз: 560: (10х7) 
    А) 5 
    В) 7 
    С) 6 
    D) 8 



Математика. Тест тапсырмалары. 
І тоқсан. 4 сынып


Математика І нұсқа
1. Ең үлкен үш таңбалы санды тап: 
A. 769
B. 876
C. 978
D. 987
E. 980
2. 3 мыңд. 6 жүзд. 3 онд. 6 бірл. Бар санды тап.
A. 30636
B. 36036
C. 300636
D. 360036
E. 3636
3. Қосылғыштарды есептеуге ыңғайластырып, топтастыр: 
540+6400+360+600=7900
A. (540+600)+(6400+360)
B. (540+6400)+(360+600)
C. (540+360)+(6400+600)
D. (6400+360)+(600+540)
E. (6400+540)+(600+360)
4. 230002х4 мәнін тап
A. 8002008 С. 9200008 Е. 820008
B. 8020008 Д. 920008
5. Санды өрнектің мәнін тап:
1576х7+2040х8
A. 23532 С. 27352 Е. 26352
B. 22352 Д. 25352
6. Теңдеуді шешу: х:70=420:60
A. 591
B. 690
C. 734
D. 810
E. 490
7. Амалдарды орында, дұрыс жауабын тап: 
16440:60х40+8888
A. 19488 С. 19848 Е. 18894
B. 19884 Д. 18984
8. Еділбай қойынан 457 кг жүн күзелді. Бұл меринос қойларынан күзелген жүннен 4 есе кем. Меринос қойынан неше килограмм жүн күзелді? 
A. 1288 С. 1628 Е. 1868
B. 1688 Д. 1828
9. Қоймаға 90 кг сәбіз түсірілді. Оның 58 килограмын қапқа салды да қалғанын 8 килограмнан жәшіктерге бөліп салды. Неше жәшік қажет? 
A. 8 С. 6 Е. 2
B. 7 Д. 4
10. Бір торда үш қоян отыр еді. Үш оқушы оларды бір – бірден таратып алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалып қойды. Ол қалай? 
A. Бір оқушы қоянды алмаған
B. Бір оқушы қоянды ұмытып кеткен 
C. Бір оқушы қоянды торымен алған 
D. Торда қоян жоқ 
E. Олай болуы мүмкін емес 
11. Өрнектің мәнін тап: 589 және 357 сандарының қосындысын 3-ке көбейт
A. 2338С. 2828 Е. 5622
B. 2838 В. 2645

12. 2 дм2 – де қанша квадрат сантиметр бар? 
A. 200 см2
B. 200 мм2
C. 200 дм2
D. 200 м2
E. 20 см2
13. 889725 санын 7 он мыңдыққа азайт 
A. 819655
B. 819648
C. 819025
D. 812725
E. 819725
14. ИЛ-86 ұшағы 350 жолаушы, ал ЯК – 42 ұшағы 120 жолаушы таси алады. 5 рейс жасағанда жасағанда, ИЛ-86 ұшағы ЯК-42 ұшағына қарағанда қанша жолаушыны артық таси алады? 
A. 1705 Д. 1500
B. 1750 Е. 1150
C. 600

15.Теңдеу құрып , х – тің мәнін тап: « Бірінші қосылғыш – 320, екінші 
х – ті екіге бөлгенге тең. Қосындысы – 540» 
А) 390
В) 410
С) 440
Д) 457
Е) 670

Математика ІІ- нұсқа

1. Екі санның қосындысы 784 – ке, ал бір қосылғыш 360- қа тең. Екіншісін тап.
А) 454 С) 434 Е) 414
В)444 Д) 424
2. Разрядтық қосылғыштардың қосындысын жаз:
40000+4000+600+7
А)44067 С) 44067 Е) 40476
В)40467 Д) 44607
3. Тура теңдікті тап:
А) 678 = 607+10+8 
В) 987 = 900+800+7
С) 1264 = 1000+600+64
Д)9463 = 9000+40+63
Е)9785 = 9000+780+5
4. 9 бен 4- тің көбейтіндісін 40- қа арттыр.Нәтижесін тап.
А)72 С) 86 Е) 66
В)85 Д) 76
5. Санды өрнектің мәнін тап:
10000-90000/100+796
А)9896 С) 9796 Е) 9806
В)9897 Д) 6869
6. Өрнектің дұрыс мәнін тап: 54 900/30
А)183 С) 175 Е) 17500
В)1830 Д) 18300

7. 3 литрлік 2 кг ыдысқа 385 г керосин сияды.8 л керосиннің массасын тап.
А) 3606 С) 3660 Е) 6300
В) 6306 Д) 6360

8. Шаруашылықта 800 жылқы бар. Жылқылар саны сиырлар санынан 5 есе артық. Шаруашылықта неше сиыр бар?
А)165 С) 156 Е) 106
В) 160 Д) 150

9. Бірінші кесіндінің ұзындығы 4 см, екіншісі одан 2 есе ұзын., ал үшінші кесінді екіншіден 3 ұзын. Үшінші кесіндінің ұзындығын табыңыз. 
А)9 С) 11 Е) 13
В) 10 Д) 12



10. Мәні 136- ға тең болатын өрнекті тап.
А)3618/18
В)2435*2
С)1632/12
Д)6119*9
Е)6045/15
11. Өрнектің мәнін тап:с= 4020, d= 5 деп алып, с, d және с/d
А)19100/408
В)20100/408
С)21100/804
Д)20100/804
Е)20100/480
12.Жастық 1200 тг тұрады. Ол көрпеге қарағанда 6 есе арзан. Көрпе қанша тг тұрады?
А)200
В)600
С)6200
Д)7200
Е)8200
13. 530м 2 см 2 мен өрнекте:
А)530000
В)53000
С)5300000
Д)5300
Е)53000000
14.Өрнектің мәнін тап: 1 м 2 – 1 дм 2
А) 9 дм 2
В) 99 дм 2
С) 999 дм 2
Д) 909 дм 2
Е) 91 дм 2
15.Теңдеу құрып , х – тің мәнін тап: « Бірінші қосылғыш – 320, екінші 
х – ті екіге бөлгенге тең. Қосындысы – 540» 
А) 390 С) 440 Е) 670
В) 410 Д) 457




Математика ІІІ – нұсқа

1. 490:Х=700:100
A. 5 С. 7 Е. 9
B. 6 Д. 8
2. Салыстыр: = белгісін қой 
A. 63:9 *45:9
B. 9х3 * 4:2
C. 54:9 * 3х2
D. 4+12 * 5х3
E. 27:9 * 6х3
3. 356х23 мәнін тап: 
A. 8108 С. 8818 Е. 8801
B. 8188 Д. 8088

4. Жауабының мәні 2100 болатын өрнекті тап: 
A. 100х(3х4)
B. 20х(25х5)
C. 250х(4х2)
D. 7х2х3х50
E. 20х3х4х5
5. Шаршының қабырғасы 5дм. Оның ауданын тап: 
A. 20дм2
B. 25дм2
C. 50дм2
D. 100дм2
E. 150дм2
6. Өрнектің дұрыс мәнін тап: 4680:60
A. 87 С. 708 Е. 807
B. 780 Д. 78
7. 150 кг көкөніс бірнеше дүкенге тең бөлініп берілді. Бірінші дүкенде 20 кг көкөніс сатылғаннан кейін, онда әлі сатылмаған 30 кг көкөніс қалды. Көкөністер неше дүкенге берілді? 
A. 150=Х:20+30
B. 150:Х==0-20
C. 150:Х=20+30
D. 20+30:Х=150
E. Х:30-20=150
8. Бір жүз қырық бес мың екі жүз он бір санын тап: 
A. 1045210 С. 1405211 Е. 1045011
B. 1045211 Д. 145211
9. Тітөртбұрыштың периметрі 48 см, ал оның ені 6 см.Осы тіктөртбұрыштың ауданын тап. 
A. 78см2
B. 84см2
C. 96см2
D. 108см2
E. 118см2
10. Өрнек түрінде жаз: 45 пен 5-тің бөліндісін 2 есе арттыр. 
A. 45:5+2 С. 45:5х2 Е. 45:5-2
B. 45+5:2 Д. 45+5:2
11. 2дм2 – де қанша квадрат сантиметр бар? 
A. 200 см2
B. 200 мм2
C. 200 дм2
D. 200 м2
E. 20 см2
12. Қалдықпен бөлуді орында 21739:300
A. 62(қалд.149)
B. 72(қалд.139)
C. 71(қалд.139) 
D. 73(қалд.109)
E. 71(қалд.139)
13. Бір торда үш қоян отыр еді. Үш оқушы оларды бір – бірден таратып алады. Сонда торда әлі де бір қоян қоян қалып қойды. Ол қалай? 
A. Бір оқушы қоянды алмаған
B. Бір оқушы қоянды ұмытып кеткен.
C. Бір оқушы торымен алған
D. Торда қоян жоқ 
E. Олай болуы мүмкін емес 
14. Амалдарды орында, дұрыс жауабын тап: 
600945 санынан 8769 бен 5602-нің қосындысын кеміт 
A. 586457 С. 586574 Е. 584567
B. 586754 Д. 585674
15. Сатып алушы дүкеннен 3 ақ түсті және 2 көк түсті көйлекті бірдей бағаға сатып алды. Барлық затты сатып алуға ол 4000 теңге жұмсады. Ақ түсті қанша теңге? Көк көйлектерге қанша теңге жұмсалды? 
A. 2000 және 5000 теңге 
B. 800 және 800 теңге 
C. 2400 және 1600 теңге 
D. 2000 және 5000 теңге 
E. 299 және 4

Тақырыбы: Білімді тиянақтау.(4 сынып) Мақсаты: 1. Ұлттық ойындардың ережесімен танысу, алған білімдерін тиянақтау, қайталау есептерін шығару. 2. Ойларын, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тілдерін дамыту. Ұлттық дүниетанымын кеңейту. 3. Ұлттық ойындардың ерекшелігін білуге, есептерді жылдам әрі қатесіз, түсініп шығаруға тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайд. Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі. Сабақ барысы І. Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу ә) мақсатын хабарлау б) психологиялық дайындық (адамның көңіл-күйі) ІІ. Негізгі бөлім - Балалар, бүгінгі сабағымызұлттық ойындармен байланысты өтеді. - Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер? - Қыз қуу, Теңге алу, Көкпар, Асық, Бәйге, Күш салыстыру, Арқан тартыс, Тоғызқұмалақ, Ақ сүйек, Аударыспақ, т.б. - Ұлттық ойындардың қандай пайдасы бар? - Ұлттық ойындардың қандай ерекшеліктері бар? ІІІ. Өтілгенді пысықтау. «Алтыбақан» ойыны - Бүгінгі ойындарды ойнамас бұрын, Алтыбақан теуіп алайық. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік: 1) Жылдамдықты немен белгілейміз? 2) Уақытты ше? 3) Қашықтықты немен белгілейміз? 4) Жылдамдықты қалай табамыз? 5) Уақытты қалай табамыз? 6) Қашықтықты қалай табамыз? ІV. Ауызша жұмыс. «Қыз қуу» ойыны - Бұл қандай ойын? Шартын кім біледі?(оқушының жауабы) №1 - Суреттегі қоян мен тазының қозғалыс бағыты туралы не айтуға болады? - 900-800 айырмасы нені білдіреді? - Тазы қоянды неше минутта қуып жетуі мүмкін? 900-800 = 100м/мин 500м:100м/мин =5мин Жауабы: Тазы қоянды 5 минутта қуық жетеді. V. «Теңге алу» ойыны: - Бұл қандай ойын? - Қалай ойналады? (оқушының жауабы) №2 - Есепті теңдеу арқылы шығарамыз. Дұрыс шығарсақ, теңгені аламыз. V1 = 65 км/сағ V2= 85 км/сағ S = 60 км t = ? сағ - Балалар, уақытты қалай табамыз? t = S/V - Енді есепті теңдеу құру арқылы шығарайық. (85 – 65) х Х = 60 20 х Х = 60 Х = 60 : 20 Х = 3 Тек: (85-65) х 3 = 60 Жауабы: Жеңіл машина жүк машинасын соңынан 3 сағаттан кейін қуып жетеді. VІ. «Көкпар» ойыны: - Бұл қандай ойын? - Қалай ойналады? (оқушының жауабы) - Ал балалар тулақты қазандыққа салу үшін №3 есепті орындайық. 5 км/сағ – 4 км/сағ = 1(км/сағ) 2 км/сағ : 1 км/сағ = 2(км/сағ) 5 км/сағ х 3 сағ = 15( км) 4 км/сағ х 3 сағ = 12(км) 15 км – 12 км = 3(км) 5 км/сағ х 4 сағ = 20 (км) 4км/сағ х 4 сағ = 16 (км) 20 км – 16 км = 4(км) Жауабы: Қасым Есімді қуып жете алмайды. VІІ. Сергіту сәті. VІІІ. «Бәйге» ойыны: - Бұл қандай ойын? - Бәйгеден озу үшін, өрнектердің мәнін табайық. №6 а) 810 х 16 : 60 =216 ә) (а : 27) + 1275, мұндағы а=27000 (27000:27) + 1275 = 2275 б) 46550 : 98 + 987 = 1462 в) (2035-608) х 48 = 68496 ІХ. Асық ойыны «Қанталапай» - Бұл қандай ойын? Қалай ойналады? - Енді осы ойын бойынша №5 есепті шығарайық. Енді асықтардағы бөлулерді орындайық. Бөлуді шығарған соң, оны қалай тексереміз? Әрине көбейтумен тексереміз. 2516:17=148 148х17=2516 2844:18=158 158х18=2844 3021:19=159 159х19=3021 5725:25=229 229х25=5725 Х. «Күш салыстыру» Күш салыстыруда күрес, қол күрес сияқты түрлері бар.Бұл ойындар қалай ойналады? Қандай пайдасы бар? Ал біз күшімізбен қоса білімімізді де салыстырайық. Кім жылдам шығарса сол оқушының күші көп. Өздік жұмыс:№9 І бағанын шығарамыз. 6007х28+4008х38=168169+152304=320473 7006х82+8004х83=574492+664332=1.238824 ХІ. «Ақ сүйек» ойыны: Бұл қандай ойын? Қалай ойналады? Бұл ойын кеш батқанда ойналатын ойын. Бұл ойынның шарты: жігіттің немесе қызбаланың көзін байлайды. Малдың жілік сүйегін лақтыру керек, көзін шешіп сүйекті іздейді. Біз осы ойын бойынша №7 геометриялық тапсырманы орындайық. Тіктөртбұрыш қандай фигура? Қасиеті қандай? Р- қалай табамыз? Р=(a+b)х2 S- қалай табамыз? S=a х b Біз осы тіктөртбұрыштың енін іздеп табайық. Кім іздеп тапса ақсүйек сол адамдікі болады. Берілгені: a=20см бұл 2 есе артық b-? 20: 2 =10(СМ) Жауабы: b=10(см) ХІІ. Ал балалар енді «Тоғыз құмалақ» ойыны туралы не білеміз? Ол ойын қалай ойналады? Тоғыз құмалақ ойланып ойналатын ойын. Аты айтып тұрғандай тоғыз құмалақ немесе тоғыз таспен де ойнауға болады. Әр тастың өз атауы бар: тандық, атөтпес, көшпелі, атсұраттар, бел, белбасар, қандықақпан, көкмойын, маңдай. Ал енді балалар оқулықтағы ең соңғы тапсырмаға назар аударайық. Осы тапсырманы орындасақ біз тоғыз құмалақты жеңгеніміз. Логикалық тапсырма: 1) Адамның жүрегі 1 минутта 5 литр қан айналдырса, 1 сағатта қанша қан айналады? 2) 3 жұмыртқа 3 минутта піссе, 1 жұмыртқа неше минутта піседі? ХІІІ. «Рефлексия» Қорытынды: - Балалар, біз қандай тақырыпты қорытындыладық? - Қандай есептер шығардық? - Ойынның қандай түрлерін білдік? - Уақыт, жылдамдық, қашықтықты қалай табамыз? ХІV. Үйге тапсырма: №4,№8 - 180-бет ХV. Бағалау: Сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалау
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/kz/sabak/matematika/1939-matematika.html

Мен әдепті баламын

Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиет, әдепті бала ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады. Әрдайым таза жүреді. Автобуста үлкенге, жасы кіші балаларға орын береді.

4 сынып
№1 тапсырма

1. Бөртегүл ағашының бұтағында 4 күлтеден тұратын 35 гүл бар. Барлық күлтелердің саны 153. Сонда 5 күлтелі гүлдер нешеу екенін тап.
2. Менің ақшама осы ақшамның жартысын қосса, менде 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған?
3. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш - үштен, ұлдарына екі - екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап.
4. Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста?
5. Бал салынған қалбырдың салмағы 500 грамм. Жермай құйылған дәл сондай қалбырдың салмағы 350 грамм. Жермай балдан екі есе жеңіл, сонда қалбырдың салмағы қанша?
6. Үш сөмкеде екі ондық дәптер бар. Бірақ біреуіндегі дәптерлер басқа сөмкелерден екі есе аз. Әр сөмкеде қанша дәптер бар екенін тап.
7. Егер әмияндағы бар ақшаға сол ақшаның үшінші бөлігіндей тағы сан қосса, 680 тенге болар еді. әмиянда қанша ақша болған?
8. Бір санды 6 - ға көбейтудің орнына 6 - ға бөліп қойды. Сонда 15 шықты. Дұрыс жауап қалай болу керек еді?
9. Қағазға 12 санын бір таңбалармен жауабы 7 шығатындай етіп бөл.
10. Туристер жолдың төрттен бір бөлігін және 8 км жолды жүріп өткенде, әлі жолдың екі бөлігі мен 2 км жол жүру керек еді. Барлық жолдың ұзындығы қанша?

№2 тапсырма

1. Дүкендегі жүзімдер 2 кг - нан 40 пакет қалтаға салынған. 15 пакет қалта сатылған болса, дүкенде неше кг және неше пакет жүзім қалған?
2. 6 тәрелкеге бауырсақтар салынды. Біріншісіне 1 бауырсақ, екіншісіне 2 бауырсақ, солай әрбір келесіге бір - бірден артық салынды. Бауырсақтарды тәрелкелерден алмай үш жаққа бірдей етіп қалай бөлуге болады?
3. Егер әр қайыққа 3 адамнан алса, жағада 6 адам қалады. Ал егер 4 адамнан алса, жағада 3 адам қалады. Сонда қайық нешеу, адам саны нешеу?
4. 95 шелек сыятын суқоймаға 2 құбырмен су құйылады. Бір құбырдан минутына 12 шелек, ал екіншісінен минутына 7 шелек су ағады. Егер екі құбырды да қосып қойса, суқойма неше минутта толар еді?
5. Саудагер 7600 теңгеге 38 метр мата сатып алды. Тез арада ол алған матасының екіден бір бөлігін 5700 теңгеге сатты. Саудагер 1 метр матадан қанша пайда түсірді?
6. Баспадан кітап басылып шықты. Әрбір бетте 32 жол болса, 90 беттік кітаптың неше жолы бар?
7. Бала кітап оқып отыр. Дүйсенбі күні 15 бет оқыған бала сейсенбі күні екі есе көп оқыды. Осыдан соң кітаптың әлі оқылмаған төрттен бір бөлігі қалды. Бұл кітапта неше бет бар екенін тап.
8. Әжесі қалтаға салуға маржандар сатып алды. 6 маржанның 7 тасы бар, 4 маржанның 12 тасы бар, 1 маржанның 10 тасы бар. Бірде бір маржанды үзбей осыларды тең етіп екіге қалай бөлуге болады.

№3 тапсырма

1. Мектептегі викторина кешінде оқушыларға 30 сұрақ берілді. Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға 7 ұпайдан берілді. 77 ұпай жинаған оқушы неше сұраққа жауап берді, нешеуіне жауап бере алмады?
2. Ағасы мен қарындасы аманатқа 90 000 теңге алған. Егер қарындасы өз аманатынан 10 000 теңгесін ағасына берген болса, ағасы қарындасынан екі есе бай болады. Аманат екеуіне қалай бөлініп беріліп еді?
3. Бірінші вазада 9 қияр, екінші вазада біріншісінен 2 қияр артық, үшінші вазада бірінші мен екінші вазаны қосқаннан 4 есе кем. Егер барлық қиярдың саны 32 болса, төртінші вазада және әр вазада неше қиярдан болған?
4. Мәрден балық аулауға барды. Ол өзенге дейін жаяу барды да, келерінде велосипедпен келді. Барлық жолға 40 минут кетті. Келесі күні ол өзенге барғанда да, келгенде де велосипедпен жүріп жолға 20 минут қана кетірді. Сонда жаяу жүрген жолға неше минут кетуі мүмкін?
5. Саудагер жәрмеңкеде сиырдың бағасы иттен төрт есе қымбат, жылқыдан төрт есе арзан тұратынын білді. Ол жәрмеңкеге 200 000 теңге алып барды. Осы ақшаның бәріне 1 ит, 2 сиыр және 1 ат сатып алды. Қайсысы қанша тұрады?
6. Мына санды 6 - ға бөлгенде 14 шығады, 4 - ке бөлгенде 21 шығады, 2 - ге бөлгенде 42 шығады. Ол қандай сан?
7. Шұжықтың жартысының бағасы оның жартысының жартысынан қымбат па, арзан ба?
8. Кез келген нәрсенің төрттен бір бөлігі көп пе, әлде жартысының екіден бір бөлігі көп пе?

№4 тапсырма

1. Әлиасқар бір санды 127 - ге бөлді, ал Нұржан 72 - ге бөлді. Нұржанның жауабы 508 шықты, ал Әлиасқардың жауабы қанша?
2. Тоғыз адам тоғыз минутта тоғыз балмұздақ жеді. Он адам он минутта неше балмұздақ жеуі мүмкін? Ал сегіз адам сегіз балмұздақты неше минутта жейді?
3. Имаштың бойы 98 см. Бір жылдың ішінде ол шамамен 4 см - ге өседі. Ал оның інісі Азамат 3 см - ге ғана өседі. Екеуінің бойының өсуін қосқанда 42 см болса, олардың әрқайсысының бойлары қанша болады?
4. Зообақта 9 тордың ішіне 45 қоянды отырғызу керек. Торлардың ішіндегі қояндар саны әр түрлі болуы тиіс.
5. Он күшік пен мысыққа 56 котлет берілді. Әр мысыққа 5 котлеттен, әр күшікке 6 котлеттен келді. Неше мысық пен неше күшік тамақ жегенін тап.
6. Игілік өзінің інісі Ақаннан 4 жас үлкен, ал әпкесі Мерейден 5 жасқа кіші. Үшеуінің жасын қосқанда 31 болса, Игілік неше жаста деп ойлайсыңдар?
7. Баланың жинаған коллекциясында 8 қоңыз бен өрмекші бар. Коллекциядағы барлық жәндіктің аяқтарының саны 54. Қоңыздың 6 аяғы, өрмекшінің 8 аяғы бар десек, коллекцияда неше қоңыз бен неше өрмекші бар?
8. Отбасында 3 бала бар: Дәурен, Әсет және Сұлу. Дәурен Сұлудан екі есе үлкен, ал Әсет Сұлудан 6 жас үлкен. Үшеуінің жасын қоссақ 22 болады. Балалардың жасы нешеде?
9. Сарымсақ пен пияздың салмағы 180 г. 1 сарымсақ пен 4 пияз 300г. Сонда бір пияз бен бір сарымсақтың салмағы қанша?

№5 тапсырма

1. Асханада таңертеңгі асқа бірнеше кг нан берілді, түскі тамаққа одан 7 есе көп, ал кешкі асқа түскіден 69 кг кем берілді. Яғни, кешкі асқа 22 кг берілген болса, таңертеңгі асқа қанша нан берілген?
2. Ерте өткен заманда бір хан «Кімде кім 840 метр жүгіріп озып келсе, хандығымның жартысын және сұлу қызымды беремін» деп жар салыпты. Сонда тазша бала атына мініп жарысқа қатысып, 1 минутта 210 метр жүгіріпті. Ал 840 метрді жүгіріп өту үшін неше минут керек еді?
3. Дәптердің тысы 4 теңге тұрады, ал дәптер 16 теңге тұрады. Меңтай 56 теңгеге дәптерлер мен одан үш есе көп дәптердің тыстарын сатып алды. Дәптер нешеу және дәптердің тысы нешеу екенін тап.
4. Алдар көсе байдың қызына үйленбекші болыпты, ал қыз оған мынандай жұмбақ айтыпты: «Бөшкеге суды толтырғанда 3170 кг болды, ал судың жартысы 1870 кг болады. Сонда бөшкенің өз салмағы қанша?» Алдар көсеге есеп шығаруға көмектесейік.
5. Екі үлкен ыдыста бал бар еді. Біреуінде 20 кг болған, аю оның 2 кг алды. Енді екінші ыдысқа қарағанда мұнда 4 кг кем бал қалды. Екі ыдыстағы балдың салмағы қанша?
6. Жеті рет кір жуғаннан кейін сабынның көлемі ұзындығы жағынан да, ені жағынан да, қалыңдығы жағынан да екі есе кішірейді. Қалған сабын неше рет кір жууға жетеді деп ойлайсыңдар?
7. Бір түлкі ауылға кіріп әтеш ұрлап қашыпты. Қуғыншыдан қатты қорыққан түлкі сағатына 18 км жолды жүгіріпті. Ал ит түлкінің соңына 2 сағаттан кейін түседі. Түлкіні қуып жету үшін сағатына 24 км жүгіру қажет болса, ит оны неше сағаттан кейін қуып жетеді?

№6 тапсырма

1. 37 л су екі шелекке құйылған. Біраздан соң бір шелектен 2 л суды, екінші шелектен 5 л суды құйып алып кетті. Енді екі шелектегі су бірдей болды. Әуелде олар неше литрден болып еді?
2. Қосаяқ минутына 70 рет секіріп, әр секірістің жылдамдығы 10 м/сек болған. Ал қосаяқты қуып келе жатқан адам 10 м/сек жылдамдықпен жүгірсе, ол қосаяқты қуып жете ме, әлде қуып жете алмай ма?
3. Үй иесі көкөніс алуға базарға келді. Ол ақшасының 5/8 бөлігіне орамжапырақ алды, 1/8 бөлігіне сарымсақ алды, ал қалған 20 теңгесіне сәбіз алды. Үй иесінің барлық ақшасы қанша болған?
4. Досан Асаннан үш күнге кітап сұрап алды. Бірінші күні ол кітаптың жартысын оқыды. Екінші күні қалған жартысының үшінші бөлігін оқыды. Үшінші күні алғашқы екі күнде оқығанының жартысын оқыды. Сонда Досан үш күнде кітапты оқып үлгерді ме?
5. Пенал мен бір қорап фломастер 520 теңге тұрады. Фломастерлер пеналға қарағанда 100 теңгеге арзан. Пенал мен фломастерлердің бағасын тап.
6. Мәдина Асқардан «Сенің жасың нешеде?» деп сұрады. Асқар: «Егер менің жасымды 3 есе көбейтіп, сосын 16 - ға азайтсаң, менің жасым 17 - де болар еді», - деп жауап берді. Демек Асқардың жасы қаншада екен?
7. 4 қой қойлардың алдында келе жатыр, 4 қой артында келе жатыр, 1 қой ортасында келе жатыр. Барлық қойдың саны қанша?
8. Екі қапта 100 кг картоп бар. Оның біреуінде екіншісіне қарағанда 4 кг кем. Сонда бірінші қапта қанша, екінші қапта қанша килограмм картоп бар болуы тиіс?

№7 тапсырма

1. Бір сапфир мен екі асылтас зүбаржатқа қарағанда 3 есе бағалы. Ал жеті сапфир мен бір асылтас 8 есе бағалы. Сапфир бағалы ма, әлде асылтас бағалы ма соны тауып, есеп құрастырыңдар.
2. Тас жолдың бойындағы көрсеткіш тақта екі ауылға - Балталы мен Бағаналы ауылдарына баратын жолдың қашықтықтарын көрсетіп тұр. Бір жолаушы дұрыстап қарап екі жақтағы сандардың бірдей 13 екенін байқады. Енді Балталы ауылы мен Бағаналы ауылының арақашықтығы қанша екенін тап.
3. Қыздар үш - қара, сары және ақ мысықтарды қолдарына ұстап көтеріп тұр. Қыздардың есімдері мынандай: Қарақыз, Сарықыз, Аққыз. Бірақ бірде бір қыз өзімен аттас мысықты ұстап тұрған жоқ. Аққыз қасындағы құрбысы ұстап тұрған қара мысыққа қарап тұр. Кім қандай мысықты ұстап тұр?
4. Екі таңбалы сандардың айырмасы екі ондыққа тең. Ал азайғыш сан айырмадан 4 есе үлкен. Ол қандай сан екенін табыңдар.
5. Үш дос жүгіруден жарысты. Біріншісі 15 сек. келсе, екіншісі 20 сек. келді, ал үшіншісі 13 сек. жүгірді. Темірлан Асанәліден тез келді, ал Асанәлі Рүстемнен бірінші келді. Кім неше секунд жүгіргенін тап.
6. Малшы үш түрлі мал бағып жүр: қой, сиыр және жылқы. Барлық малдардың саны 3936. Осы санның 123 бөлігі сиырлар, ал жылқылар сиырлардан 54 есе көп. Сонда малшының алдында неше қой бар?
7. Мына сандар қатары қандай тәртіппен орналасқан: 4 8 32 256 8192

№8 тапсырма

1. Сүт екі шелекке бөліп құйылған. Бірінші шелектегі сүт екінші шелекке қарағанда екі есе көп. Енді екі шелектен де 10 литрден сүт құйып алғанда, бірінші шелекте екіншіге қарағанда 3 есе көп сүт қалды. Әуелде әр шелекте неше литр сүт болған?
2. Ермек 4 кітап сатып алды. Бірінші кітапты санамағанда қалған үш кітап 420 теңге тұрады, екінші кітапты санамағанда қалған үш кітап 400 теңге тұрады, үшінші кітапты санамасы 380 теңге, төртіншіні санамаса 360 теңге тұрады. Енді әр кітаптың бағасын табыңдар.
3. Құмырсқа көрші илеуге барғанда жаяу барған, қайтарында көбелек құртына мініп келген. Жолдың бірінші жартысын көбелек құртына мініп өте ақырын жүрген. Бұл жаяу жүргенге қарағанда екі есе ақырын еді. Ал екінші жартысын ол шегірткеге мініп келді. Бұл жолы ол жаяу жүргеннен 5 есе жылдам жүрді. Құмырсқа қонаққа бара жатқанда аз уақыт кетті ме, келе жатқанда аз уақыт кетті ме?
4. Абаттандыру кезінде әр үйге 9 көшет отырғызса, онда 100 көшет жетпейді. Егер әр үйдің қасына 5 көшеттен отырғызса, онда 20 көшет тал артық қалып қояды. Демек, үй нешеу, көшет нешеу болғаны?
5. Дүкенде 1 қап қант (салмағы 50 кг) 2600 теңге тұрады, ал базарда (салмағы 45 кг) 2520 теңге тұрады. Қантты қай жерден сатып алған ыңғайлы?
6. Ұлу биіктігі 10 метр бағанаға шықпақшы болды. Күндіз ол 4 метр өрмелейді, ал түнде 3 метр төмен сырғанайды. Сөйтіп ұлу бағананың төбесіне неше күнде жетеді екен?
7. Үлескелік жердің ені 25м, ал ұзындығы 15 метрге көп. Егер осы жердің енін 7 метрге ұлғайтса, ұзындығын 5 метрге кішірейтсе жер көлемі қалай өзгерер еді?

№9 тапсырма

1. Бір ұзақ өмір сүрген қария мен оның шөбересінің жастарын қосқанда 117 жыл екен. Шөбересінің туғанына неше ай болса, қарияның жасы сонша жыл. Сонымен қарияның жасы нешеде, шөбересінің жасы нешеде екенін тап.
2. Ағасы қарындасына 5 дәптер бергенде екеуінде де 12 дәптерден болды. Әуелде екеуінің дәптерлері қанша болған?
3. Бір мая шөпті ат 1 айдың ішінде жейді, ал ешкі 2 ай, қой 2 ай жейді. Ал үшеуі қосылып бір мая шөпті қашан бітіреді?
4. Менің екі қалтамда 28 теңге бар. Оң қалтамда екі теңгелік қанша болса, сол қалтамда бес теңгелік сонша. Сонда әр қалтамда қанша ақша бар?
5. Екі санның қосындысы 462. Бір қосылғыш нөлмен аяқталады. Егер нөлді алып тастаса екінші қосылғыш шығады. Бұл қандай сандар?
6. Ұзындығы 156 см лентаны 3 - ке бөлгенде бірінші бөлік екінші бөліктен 18 см ұзын, ал екінші бөлік үшінші бөліктен 15 см қысқа. Енді әр бөліктің ұзындығын табыңдар.
7. Райымбек екі таңбалы сан ойлады. Сол санды қосындының мәніне бөлгенде бөлгішке тең сан шықты. Ойлаған сан неше?
8. Екі санның қосындысы 111 - ге тең. Екі қосылғыштың біреуі екіншісінен 2 есе көп. Ол қандай сан?
9. Саят кітаптың 24 бетін оқығанда Торғын кітап оқуды жаңа бастады. Торғын бір күнде 18 бет оқи алады, ал Саят 12 бет оқи алады. Бес күннен кейін Торғын Саятты қуып жете ме?
10. Марат пен Мұраттың жасын қосқанда 14 жас, Мұрат пен Медеттікі 20 жас, Марат пен Медетке 16 жас. Әркімнің жасын тап. Бәрінің жасын қосқанда неше?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?оз?алыс?а байланысты есептер шы?ару.

Автор: Есбосынова Меруерт

Дата: 10.05.2016

Номер свидетельства: 325205


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства