kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Коспект урока на тему 9 санының құрамы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ мақсаты:

1) Білімділік: 9 санының құрамымен таныстыру,Сандарды салыстыру. 9 санының                      

                        құрамымен байланысты  мысалдар орындау. Қосу амалына құрылған

                        теңдікке кері теңдіктер құру.

2) Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетін дамыту,қызығушылығын арттыру.

                                 Математикалық жасанды тілмен сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

3) Тәрбиелік:   Оқушыны тиянақтылыққа,толық,дұрыс жауап беру, қисынды ойлау  

                           мәдениетіне тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы

Сабақтың түрі: Сынақ сабақ

Оқыту әдістері: Ой қозғау, талдау-жинақтау,практикалық, «басқа оқиғаға көңіл аудару»

                              әдісі, ойын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Коспект урока на тему 9 санының құрамы»

1 «Б» сыныбы. Математика . Шығармашылық сабақ жоспары. 29.11.11



Сабақ тақырыбы: 9 санының құрамы

Сабақ мақсаты:

1) Білімділік: 9 санының құрамымен таныстыру,Сандарды салыстыру. 9 санының

құрамымен байланысты мысалдар орындау. Қосу амалына құрылған

теңдікке кері теңдіктер құру.

2) Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетін дамыту,қызығушылығын арттыру.

Математикалық жасанды тілмен сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

3) Тәрбиелік: Оқушыны тиянақтылыққа,толық,дұрыс жауап беру, қисынды ойлау

мәдениетіне тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы

Сабақтың түрі: Сынақ сабақ

Оқыту әдістері: Ой қозғау, талдау-жинақтау,практикалық, «басқа оқиғаға көңіл аудару»

әдісі, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар,мысал жазылған үлестірмелер,тілек

жазылған кестелер

Оқыту формасы: Ұжымдық,жеке


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1-10 көлемінде орыс және ағылшын тілідерінде тура және кері санау.

- Балалар, кім орыс тілінде 10-ға дейін санап береді ?

- Кім орыс тілінде кері қарай санайды ?

- Кім ағылшын тілінде санай алады ?

- Кері қарай ағылшын тілінде кім санайды ?


ІІ. Жаңа сабақ

  1. Ой қозғау. Қандай сандардың қосындысы 9 санын құрай алады деп ойлайсыңдар ?

9 дан қандай сандарды азайтуға болады?

Оқушылардан ауызша жауап алынады.


  1. 9 саны құрамын талдау.

Б ерілген сурет бойынша теңдіктер құрамыз.


+ =


8 + 1 = 9

7 + 2 = 9

6 + 3 = 9

5 + 4 = 9

- Енді осы құрылған теңдіктердегі қосылғыштардың орнын ауыстыруға бола ма ?

- Болады.

1 + 8 =9

2 + 7 = 9

3 + 6 = 9

5 + 4 = 9

- Бұл теңдіктер бізге қандай заңдылықты еске түсіреді ?

- Қосудың ауыстырымдылық қасиеті туралы еске түсіреміз.

- Қосуға кері амал қандай амал ?

- Қосуға кері амал – азайту амалы.

- Ендеше кері теңдік құрамыз. Қосу амалымен қатысты қанша кері теңдік құруға

болады?

  • Екі теңдік құруға болады.


8 + 1 = 9 7 + 2 = 9 6 + 3 = 9 5 + 4 = 9

9 – 8 = 1 9 – 7 = 2 9 – 6 = 3 9 – 5 = 4

9 – 1 = 8 9 – 2 = 7 9 – 3 = 6 9 – 4 = 5


ІІІ. Жаңа сабақты бекіту

  1. Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтың 56- бетіндегі № 4 – мысалды орындау.Оқушылар дәптерге орындайды.

Кейбір оқушылар тақтада жазуға шығарылады.Теңсіздік пен теңдік туралы еске түсіреміз.


0 * 9 9 см * 7 см 6 * 9 4 см * 9 см

9 * 9 9 см * 9см 9 * 8 9 см * 6 см


Сергіту сәті

Орман іші шу-шу

Жел соғады гу-гу

Нөсерлеткен жаңбырдан

Үсті-басым су-су


өлеңі бойынша оқушылар қимылдар жасайды.

  1. «Басқа оқиғаға көңіл аудару » әдісі бойынша оқушыларға мысалдар жазылған

Үлестірмелер таратылады. Үлестірмеге жазылған мысалдың мәні 9 санының құрамына сәйкес келе ме ? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: 5 + 4 қосындысы - 9 санының құрамына сәйкес келеді.


- 4 + 3 қосындысы 9 санының құрамына сәйкес келмейді, себебі мәні 7 – ге тең

болады.

  1. Шығармашылық жаттығу.

Кестеде берілген түймелер қатарынан 3 – қатардағы бос тор көздегі түймені табу

қажет.

Жауабы: 3 – қатардың 3 –ші бос тор көзінде екі көзшесі бар түйме болуы керек.

ІҮ. Қорытынды.

  1. Ойын « Кемпірқосақ »

Ойынның мақсаты: Оқушылардың ауызша есептеу дағдысын жетілдіру.

Қызығушылығын,белсенділігін арттыру.

Ойынның барысы: Слайда берілген кемпірқосақ жолағындағы мысалдар ауызша шығарылады.Әр мысалдың жауабына қарай түстер анықталып,кемпірқосақ жол-

дары боялады. Кемпірқосақ пайда болады.

2 ) Бағалау. Оқушыларды мадақтай отырып,оларға тілек жазылған кестелер тара-

тылады. Кестеде жазылған 9 саны құрамы туралы есте сақтау керектігі ескертіледі.

Кестеде « 9 тілді меңгеріп, 9 түрлі ілім үйрен » деген өсиет сөз жазылған.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Коспект урока на тему 9 санының құрамы

Автор: Қарақұл Гулмира Байболатқызы

Дата: 17.06.2020

Номер свидетельства: 553467


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства