Сабақтың мақсаты: Мысал ертегі мазмұнын түсініп, идеясын ашуға және
әдеби теориялық білім арқылы шығарманың жанрын
ажыратуға мүмкіндік беру. Шығарма құрылысын өз
бетімен талдауға, ізденуге,шығармашылық дағдысын
дамытуға жағдай жасау. Сыйластық, достық, бірлік
қадірін түсінеге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
С.Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңін мәнерлеп оқыту.
ІІІ.Өткенді бекіту
Тақтаға наурыз мерекесіне байланысты суреттер ілінеді.
Оқушылар, мен мына суреттерді не үшін ілді деп ойлайсыңдар?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Жаңа сабақ
1.Қызығушылығын ояту
Тақтаға сөзжұмбақ ілінеді.
Б
А
Қ
Ы
Т
Т
Ы
Ұ
Я
Т
Ө
М
К
А
Қ
Ы
Л
І
Б
І
Р
Л
І
К
Н
Д
О
С
Ы
І
Қ
О
Р
Қ
Ы
Н
Ы
Ш
Ж
А
Н
А
Ш
Ы
Р
1.Балалар, сендер тәуелсіз елде тұрып жатырсыңдар. Тегін білім аласыңдар. Тамақтарың тоқ, киімдерің көп, ештеңе ойламайсыңдар. Сонда сендер қандай балаларсыңдар?
2. Өлімнен ... күшті.
3. ... - тозбайтын тон,
Білім - таусылмайтын кен.
4. ... болмай, тірлік болмас.
5. ... көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.
6. Төбе шашы тік тұрды. (Қандай сөз тіркесі)
7. Мадина жолда келе жатып, жылап отырған кішкентай қызды көреді. Қасына барып, мән-жайды сұрап болған соң, Мадина оны үйіне апарып тастайды. Балалар, сонда Мадинаның жүрегінде қандай сезім пайда болды?
8. Бармағын тістеп қалды. (Қандай сөз тіркесі)
- Балалар, қандай сөз шықты?
- Құмырсқа
- «Құмырсқа» сөзіне ассоциация жасату.
2. Мағынаны тану
- Олай болса, бүгін біз өздерің жазған сезімдер мен ұғымдарды басынан кешірген кейіпкер туралы қызық мәтінмен танысамыз, - деп, сабақ тақырыбы және автормен таныстыру.
«Болжау» стратегиясы бойынша сабақты өзкіземін.
Мәтінді басынан бастап, «Өзіңе ғана жинасаң, қиналмас та едің» деген жерге дейін оқытамын.