Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, слайд тапсырма суреттері, кесте, оқулық, дәптер, күннің көзі мен айдың суреттері, жұлдызшалар, семантикалық карта, тест тапсырмалары, қима қағаздар, бағалау парақтары.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, саяхат сабақ.
Сабақтың типі: пысықтау.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Өзімізге: сәттілік, қуаныш.
Қонағымызға: жақсы көңіл-күй тілейміз.
Елімізге: тыныштық, молшылық тілейміз.
Сондықтан бүгін қуанышқа кенелейлік,
Жақсы алғысқа бөленейік.
II.Үй тапсырмасын тексеру. №6 (2баған)
Х:26+1654=2610 x=24856
24000: (x-12)=80 x=312
120+x*3=375 x=85
III. Тірек білім, білік және дағдыларын белсендіру. «Ой шақыру» әдісі.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше саяхат сабақ болмақ. Қане, балалар қайда саяхатқа баратынымызды білу үшін, мына сиқырлы сандарды ретімен орналастыра қояйық.
3
5
1
4
7
6
2
Р
Ш
Ғ
Ы
А
Қ
А
«ҒАРЫШҚА» саяхатқа ұшу үшін бізге не қажет? Ғарыш кемесі. Ендеше балалар ғарыш кемесіне отыру үшін «ИӘ -ЖОҚ» сауалнамасына жауап берейік.
-Қазақстан жер көлемінен сегізінші орын алады. Жоқ (тоғызыншы).
-Ғарыш айлағы Байқоңырда орналасқан. Ия.
-Ғарышкерлер күні 13 сәуір күні. Жоқ (12 сәуір)
-Ең алғаш аспан кеңістігіне 12-ші сәуір күні 1961 жылы Ю. А Гагарин ұшқан. Ия.
- Қазақтың тұңғыш ғарышкері 1992жылы 3 қазан айында ғарышқа ұшты. Жоқ. (1991жылы 2 қазан айында ғарышқа ұшты)
- Т. Мұсабаев ғарышқа 1994,1998 жылдары 2 рет аттанып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ия.
- Күн жүйесінде 8 ғаламшар бар. Жоқ.(9 ғаламшар бар) Атап шығу: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон.
-Олай болса, балалар, ғарышкерлер ағаларың сияқты аспан әлеміне осы ғаламшарларға сапар шегеміз өз білімдерімізбен зерттеуге ұшамыз.
Бүгінгі сабағымызда «Ғарышқа ұшамыз».
-Ол үшін күннің көзі мен айды таңдап алу арқылы 2 экипажға бөлініп отырып, ұрандарын және ұшудағы мақсаттарын айтып, командирлерін сайлайды.
Ұранымыз: «Математика керек әр күнде, математика қажет өмірде»
I-экипаж II-экипаж
Мақсаты: «Біріміз бәріміз үшін, Мақсаты: «Білекті бірді жығар,
бәріміз біріміз үшін» білімді мыңды жығар»
Командирлер: Экипаж ұшуға дайындал,
Алыс айға Марсқа
Біз ұшамыз ғарышқа.
-Дәптерлерімізге күн ретін, тақырыпты жазып алайық.
№2 есеп бойынша қателерді тауып, дұрыстығын тексереді.
3027 931
105 210
317835 931
3027 1862
45405 195510
III. Шолпан ғаламшарына саяхат
3-тапсырма. Топпен жұмыс.Топпен бірігіп орындайды.№ 4 қозғалысқа берілген сөзді есепті оқушылар түсіндіре отырып шығарады. (тақтада және дәптерде орындайды)
экипаж а) Ғарыштық кеме 8км\с жылдамдықпен ұшады.Бір минутта ол неше киолметр жерді ұшып өтеді?
Шешуі: 1 минут =60 секунд
8км\с*60с = 480км
Жауабы: Бір минутта ол 480 километр жерді ұшып өтеді.
2-экипаж. ә)Ұшақ 3\1сағатта 180 км қашықтыққа ұшып өтті. Ұшақтың жылдамдығы қандай?
Шешуі: 180км : 3=60(км\сағ)
Жауабы:Ұшақтың жылдамдығы 60 (км\сағ)
V . Нептун ғаламшарына саяхат.
IV. Сергіту сәті.
Аспанға ұшамыз,
Жұлдыздарды құшамыз.
Ғаламшарларды зерттейміз,
Ғарышкер ағаларға ұқсаймыз,
Туған жерге аман ораламыз.
VI. Сатурн ғаламшарына саяхат
4-тапсырма: «Кім жылдам?» ойыны. 2- экипаждың командирлеріне шығармашылық тапсырма ретінде логикалық тапсырма беріледі.
Логикалық тапсырма:
экипаж командиріне:
Ең кіші 2 таңбалы санды, ең кіші 3 таңбалы және ең кіші 4 таңбалы сандардың қосындыларын тауып айту.
(10+100+1000=1110)
2-экипаж командиріне
Егер ең кіші 4 таңбалы саннан алдымен ең кіші 1 таңбалы санды, содан кейін ең үлкен 2 таңбалы санды шегерсе, қандай сан шығады?
(1000-1-99=900)
VII. Юпитер ғаламшарына саяхат
5-тапсырма. Қима қағаздар бойынша жұмыс. №5 Көрсетілген өлшем бірліктерін өрнектеуге берілген есепті әр оқушы тақтада және дәптерде орындалып тексеріледі.
VIII.Уран ғаламшарына саяхат
6-тапсырма: Семантикалық карта бойынша жұмыс. №6 (1,2 бағаны) өзіндік жұмыс ретінде орындалып, бір- бірін тексереді.
Жауаптар
Есептер
203
212472
909
189145
146790
75
202242
234*908
40803:201
209*905
826281:909
233*630
72900:972
911*222
IX.Жерге оралып,білімдерін бекіту.
X.Қорытынды: Тест тапсырмаларын орындату, тексеру.
Тест тапсырмалары:
1.4123 пен 2 сандарының көбейтіндісін тап.
А) 9246 Ә) 8246 Б)8249
2.Санның 8\1 бөлігі 808- ге тең. Бүтін сан нешеге тең.
А)101 Ә)11 Б)6464
3.Теңдеуді шеш х:2=4200
А)=840 Ә)=8400 Б)2100
4.Өрнектің мәнін тап: a*7, мұңдағы a=653
А)4571 Ә )1234 Б)4251
5.6сағат ішінде пойыз тоқтамастан 480 км жер жүрді. Пойыз қандай жылдамдықпен қозғалады?
А)80км Ә)2880км\сағ Б)80км\сағ
- Оқушылардан саяхаттан алған әсерлерін сұрап, қорытындылау.
VI . Бағалау. Әр экипаж жұлдызшаларын санайды, көп жинаған экипажды осы жұлдызшалармен марапаттау, құттықтау және бағалау парақтары бойынша білімдерін бағалау.