kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока "Таби?ат ??былыстары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  Таби?ат ??былыстары.

Саба?ты? ма?саты:  1. Білімділік: Математиканы?  д?ниетанумен байланысы  туралы ал?ан білімдерін тияна?тау, ?рі жетілдіру. Таби?ат ??былыстары ж?нінде ма?л?маттар    беру, т?сіндіру

 2. Дамытушылы?:   ?з ойларын тияна?тап айту?а да?дыландыру, танымды?  белсенділіктерін арттыру, шы?армашылы?  ж?мыс жасау?а,   ізденуге ?йрету;

 3. Т?рбиелік: Таби?ат?а с?йіспеншілікпен ?арап,онда?ы таби?и ??былыстарды  а??ару?а,аялау?а баулу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«конспект урока "Таби?ат ??былыстары"»

Сабақтың тақырыбы: Табиғат құбылыстары.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Математиканың дүниетанумен байланысы туралы алған білімдерін тиянақтау, әрі жетілдіру. Табиғат құбылыстары жөнінде мағлұматтар беру, түсіндіру

2. Дамытушылық: Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру, танымдық белсенділіктерін арттыру, шығармашылық жұмыс жасауға, ізденуге үйрету;

3. Тәрбиелік: Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап,ондағы табиғи құбылыстарды аңғаруға,аялауға баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Венн диаграммасы, топтастыру, баяндау. АКТ-ны пайдалану, СТО, диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс

Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, интер.тақта,презентация,жұмбақтар,стикер,музыка,видео

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, музыка.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі. (2 мин.)

  1. Амандасу. Тренинг.

«Қар көшкіні» оқушылар алған қар ұшқындарын алып оқып бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

 «Күн көзіндей жарқыра!»
«Жаңбыр суындай мөлдір бол!»
«Ниетің қардай ақ болсын!»
« бұлттай ашық бол!» «Судай сұлу бол!»

Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр . Қош келіпсіздер! Ал балалар өзімізді білімді,тәртіпті екенімізді көрсету керекпіз.Сабағымыздың тақырыбы табиғат құбылыстары деп аталады. 1 слайд

Бүгінгі сабағымызда табиғат құбылыстарына нелер жатады екенін білу керекпіз.

2 слайд.

Топпен жұмыс істейміз. Топ аттары:1 топ:қыс 2 топ:көктем

3 топ:жаз 4 топ: күз 3 слайд

Топ ережесін еске түсірейік: (Кульдана оқиды)

4 слайд 1.Жұмысты бірге істеу.

2.Бір біріңді тыңдау.

3.Кезекпен сөйлеу.

4.Ынта қойып тыңдау.

5.Мұғалімнің ұсынысына назар аудару.

- Сабақтың кезеңдерін топ басшылары бағалау қағазына бағалап отырады.

Балалар үй жұмысын тексейік .

II. Үй жұмысын тексеру. (5 слайд)

Әр топқа қима қағаздарға жазылған сұрақтар таратылады.

1.Дүниетану пәнін оқып үйренуге қай пән көмектеседі?

2.Термометрді не үшін қолданады?

1.Ұзындық өлшем бірліктерін ата

2.Сызғыш пен өлшеуіш не үшін қажет?

1.Уақыттың өлшем бірліктерін ата

2.Сағат пен күнтізбе не үшін қажет?

1.Салмақтың өлшем бірліктерін ата

2. Салмақты өлшеуге қандай құрал пайдаланады?

Жеке тапсырмалар: Алмаз- үйіндегі бөлменің температурасын біліп келу.

Бэла,Анель- дала температурасын біліп келу.

Нұржан, Жансая- үйлерінің өлшемдерін.

IV. Жаңа сабақ. Түрткі болу әдісі (2 мин)

-Температура бір қалыпта бола ма? - Неге бір қалыпта болмайды?

- Табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады.

-Қандай өзгерістер болатынын жыл мезгілдеріне байланысты топтарыңда талқылап көріңдер

Топпен жұмыс: Вкл: таймер 1 мин

1- топ: Көктемде қар ериді, су ағады, су тасиды.

2 топ: Жазда күн ысиды, жел соғады.

3-топ:Күзде күн бұлттанып, жаңбыр жауады.

4-топ: Қыста қар жауады, боран болады.

(болғандарын қол көтеру әдісін қолдану)

Ойларын жинақтау.

Мәтінмен жұмыс. (Вкл:таймер 5минут) 6 слайд

Әр топ оқулықта белгіленген мәтінді оқып талқылайды.

(сұрақтары болса қызыл түсті көрсетеді,топпен жұмыс жүріп жатқанда "будильникті қосып "қою) (Приготовить доску для письма)

Топтастыру стратегиясы: Жыл мезгіліне байланысты болатын табиғат құбылыстары: жел,жаңбыр,найзағай,қар,боран,бұршақ,күн күркірейді (интерак тақтада жазады)

V. Дәптермен жұмыс. (5 мин) 7,8,9,10,11,12,13,14.

Сабақ тақырыбын жазып сөздерді дәптеріне жазады.

VI. Сергіту сәті. (1.25 мин) Видео

(7 мин)«Сен білесің бе»? айдары . 15 слайд Әр топ берілген  халық болжамдары туралы оқиды.Әр топ мүшелері бір-бірімен бөлісіп біреуін ғана айтады.

Балалар халық болжамдары туралы өз білетіндерін ортаға салады.

-Қарға тұмсығын қанатының астына,жасырса,күн суытады.

-Мысық қабырғаны тырнаса ауа-райы бұзылады,бұйығып жатса,аяз болады.

-Жұлдыз жиі болса,қыста суық,жазда ашық ауа-райы орнайды.

-Аспанда жұлдыз аз болса,ауа-райы бұлыңғыр болады.

(5 мин) VII. Шығармашылық тапсырма. Жұмбақтар жасыру. (үйде дайындаған)

VIII. Видео сюжет "Табиғи апаттар" (4 мин)

Сұрақтар:- Көргендерің табиғи құбылыстарға жатады ма?

Зілзала,су тасу,сел басу,дауыл, жер сілкінісі,дауыл- табиғи апаттар. Мұндай жағдайда адам,жануарлар зиян шегіп,қалалар мен ауылдар қирайды.Адам көңілін қорқыныш басады.

IX. Сабақты қорыту. (2 мин) 16 слайд

Бүгінгі танысқан табиғат құбылыстарын атау.

Шыққан бейнені атау.

Аспанымыз ашық, бұлт шалмасын.

Күн сәулесі нұрын шашып тұрсын.

IX. Бекіту. Кері байланыс жасау. Рефлексия. (2 мин)

— Нені білдік?

— Нені үйрендік?

-Балалар бүгін біз жақсы жұмыс істедік. Рахмет. Бүгінгі сабақ бойынша сендердің ойларыңды білгім келеді, сондықтан  мына  стикерлерге аттарыңды жазып, мына үш суреттің біреуінің астына жабыстырыңдар:

Чемодан Мясорубка Қоқыс жәшігі

X. Бағалау. (3 мин)Әр топтағы балалардың еңбегін бағалау.

X . Үйге тапсырма. (1 мин) 17 слайд Мәтінді оқу. Мына сұрақтарға жауап іздеп келіңдер:

- Неге найзағай болады? - Неге жауын жауады?































Қызылжар ауданы

Кондратовка орта мектебі











Сабақтың тақырыбы :

« Табиғат құбылыстары »











Бастауыш сынып мұғалімі :

Жиентаева Қарлығаш Еламанқызы











2015-2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
конспект урока "Таби?ат ??былыстары"

Автор: Жиентаева ?арлы?аш Еламан?ызы

Дата: 12.04.2016

Номер свидетельства: 318008


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства