Б?гін,балалар, біз «Ер Тар?ын» жырынан алын?ан ?зіндімен таныса отырып, ауыз ?дебиетіні? бір ?лгісі – батырлар жырымен танысамыз.Алдымен ауыз ?дебиеті туралы т?сінік беру.
Халы? арасында ауызша шы?арылып, ?рпа?тан- ?рпа??а жеткен шы?армалар
Бүгін,балалар, біз «Ер Тарғын» жырынан алынған үзіндімен таныса отырып, ауыз әдебиетінің бір үлгісі – батырлар жырымен танысамыз.Алдымен ауыз әдебиеті туралы түсінік беру.
Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан- ұрпаққа жеткен шығармалар
Егер ел қорғайтын батырлар болмаса,ел жағдайы не болар еді?
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Нені білгім келеді?
Жыр неліктен «Ер Тарғын » деп аталады?
Жырдағы басты кейіпкер кім?
Жырда оқиға немен аяқталады?
1-слайд. Жырды тыңдау.
2-слайд . Суретпен жұмыс.
5.Топтық жұмыс:
Бағдаршам түстері арқылы топқа бөлу.
6.Жырды іштей оқу.
1-топ сұрақтарға жауапбереді.
1.Жыр неліктен «Ер Тарғын»деп аталады?
2.Жырда Тарғынның ержүрек батыр екені қалай берілген? Өлеңнің алғашқы 12 жолын оқы. Не түсіндің?
Тарғынға соғысуға келе жатқан кім?
2-топ сұрақтары:
1.Сонда Тарғын сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
Ары қарай жалғастыру. Тарғынның сөзінен не байқадың?
2.Жырдың ортасында «Қорамсаққа қол салды»деп басталатын қайталанған өлең шумағын табу.
3.Қайталанған шумақта қандай өзгешелік бар? Бұл жерде қандай оқиғалар баяндалады?
3-топ сұрақтары:
Домбауылдың атқан оғы Тарғынға тиді ме? Осы жерін жырдан тауып оқу.
Жырда оқиға немен аяқталады?
«Ер Тарғын» жырының ерекше ұнаған жерін айту.
6. Сергіту сәті.
7.Постер қорғау.
1-топ Жырдың мазмұнына байланысты сурет салып, қорғау.
2-топ.Батырлар туралы эссе жазу.
3-топ Ер Тарғынға сипаттама беру.
8. Сөздік жұмысын жүргізу.
9. Түйінді ой.
Осы жырдан түйген ойларың қандай?
10. Қорытынды:
Тарғын елі үшін, халық кегі үші кейіпкер. Ол бір ауылдың, бір рудың намысы үшін емес, бүкіл ноғайлы жұртының намысы үшін сыртқы жаулармен қанды шайқасқа түседі. Елінің,халқының тәуелсіздігін, бостандығын, намысын қорғауды өзінің азаматтық парызы деп білген.
Тарғын- ержүрек, үлкенді сыйлаған, ел қамын ойлаған батыр. Шыдамды, адамгершілігі жоғары, үлкен жүрек иесі.
11.Рефлексия.
Бүгінгі тақырып ұнады ма?
Мәуелі ағашқа ойларын стикерге жазып ілу.
12.Үйге: Ер Тарғын жырын оқып, түсіну.
13.Бағалау.
Қызыл, сары, жасыл смайликтер тарату арқылы бағаланды.