Сабақтың тақырыбы: «Наурыз».С.Сейфуллин.
Сабақтың мақсаты:Білімділік:С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы тереңірек таныстыру,өлеңді мәнерлеп оқып,негізгі идеясын ашу,талдауға үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне ықпал ету,ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік:Әсемділікке, көркемдікке,білімділікке,іздемпаздыққа баулу.
Көрнекілікке:Тірек сызбалар,автордың портреті,кестелер.
Түрі:аралас сабақ
Типі:жаңа сабақ
Әдісі:ой қозғау,баяндау,сұрақ-жауап,топтастыру,бес жолды өлең,түсіндіру,әңгіме кестесі.
Сабақтың барысы:1)Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
М.Дулатовтың «Наурыз» өлеңін мәнерлеп жатқа айту
ІІІ.Өткен сабақта бекіту
Әңгіме кестесі.
Өлеңнің тақырыбы,автор жайлы не білдің?Өлең не жайында?Көктемгі табиғат,көктемгі тіршілік туралы не түсіндің?
Негізгі түйін ой
ІV.Жаңа сабақ
Ой қозғау
Кеңсің дала,
Туған ана,
Көйлегің кең көк ала(Өлең жолдарын әрі қарай жалғастыр)
Өлеңнің авторы кім?
Ол туралы не білесің?
Ақын,драматург
«Тар жол,тайғақ кешу» Шын есімі Сәдуақас
Романы «Қызыл сұңқарлар», «Аққудың айрылуы»т.б 1894-1938, «Өткен күндер» тұңғыш өлеңдер жинағы.
V.Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Өлеңді мәнерлеп оқу
ІІ.Сұрақ жауап
-Өлеңде қай мезгіл суреттелген?
-Табиғат құбылыстары өлеңде қалай бейнеленген?
-Өлеңге сүйеніп,Наурыз айында болатын табиғаттағы өзгерістерді айтып бер.
ІІІ.Сөздік жұмыс
Ескек-самал,жел
Жадырау-күлімдеу,қуану,шаттану.
Дәптермен жұмыс
Өлеңде адам кейпінде бейнеленген табиғат құбылыстарын(кейіптеуді)жазып шығу
Қайтеді?
Жаз-----------------құшақтайды,беттен сүйеді
Су-------------------сөйлейді,күледі,былдырлайды
Құстар--------------шаттанады,жырлайды,сұңқылдайды.
Мал------------------жадырайды,қарсы алады,қуанады.
Топтық жұмыстар
І топ ІІ топ ІІІ топ
Өлеңді мазмұндау Ұқсастықты анықтау С.Сейфуллин жайлы
Автордың негізгі ойынан не білдің?
Салыстыру
С.Сейфуллин М.Дулатов
«Наурыз» «Наурыз»
Сергіту сәті: «Поэзия минуты»
Шығармашылық жұмыстар
І топ «Наурыз» сөзін топтастыру
ІІ топ «Наурыз» жыл басы
ІІІ топ «Наурыз»сөзіне бес жолды өлең құрастыру
VІ.Жаңа сабақты бекіту.
«Пікірлер ағашы»
VІІ.Бағалау.
VІІІ.Үйге тапсырма беру.
1.Өлеңді мәнерлеп жатқа айту.
2.Өлең мазмұнына сәйкес сурет салу.
3.Наурыз айы туралы деректер жинақтау.