kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока на тему "Хайуанаттар ба?ында"

Нажмите, чтобы узнать подробности

4 сынып о?ушыларымен "Хайуанаттар ба?ында" та?ырыбында ашы? саба? зооба??а саяхат ретінде ?тті. Саяхат саба? барысында олар зооба??а ?рт?рлі тапсырмалар орындау ар?ылы жетті.  Саба?ты? ал?а ?ой?ан ма?сатына жету ?шін ?рт?рлі ?діс - т?сілдер, стратегиялар, ойын т?рлері, к?рнекіліктер ж?не т.б. ?олданылды. Саба? ма?сатына жетті, ?ріптестер тарапынан о?ды ба?а алды.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока на тему "Хайуанаттар ба?ында"»


Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттар бағына саяхат.

4 «а» сынып

Мақсаты:


Білімділік: оқушылардың жануарлар туралы түсінігін кеңейту, жануарлар туралы алған білімдерін қорытындылау, тақырып бойынша өтілген сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс пайдалана білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың тілін, ой - өрісін дамыту, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп, байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Тәрбиелілік: табиғатты, қоршаған ортаны аялай білуге, пәнге деген қызығушылыққа, адамгершілікке, жабайы жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

С/түрі: дәстүрлі емес, саяхат сабақ

С/ типі: білімді тексеру, қорытынды

С/әдістер: сұрақ - жауап, ой шақыру, әңгімелеу, ойын, жұмбақ шешу.

Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты суреттер,ойыншықтар, тапсырмалар.

Қолданылған технология элементтері: ойын, модулдік, диалогтік, коммуникативтік – ақпараттық..

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ояну күйі.

Айдай арайлап

Күндей күлімдеп

Жұлдыздай жарқырап

Қазақ тілін бастаймыз. Сегодня у нас особенный урок, присутсвуют гости, поприветствуем гостей, улыбнемся друг другу, пожелаем хорошие пожелание. Мен сендерге сәттілік тілеймін.

ІІ Сабақтың мақсатын айту. Біздің сабағымыз саяхат түрінде өтеді. Мы отправляемся на экскурсию в зоопарк, побудем в мире животных. На уроке мы узнаем много интересного о животных. Мы обязательно справимся со всеми заданиями, потому что мы внимательные, сообразительные, умные, находчивые, а самое главное – дружные.

Нені білу керек? (должны уметь) Уметь применять прилагательные в предложениях, уметь применять слова в предложениях, состсваить рассказ. Сын есімді сөйлемде дұрыс қолдана білу, сөйлем құрай білу, мазмұнын айта білуіміз керек.

Бағалау: оценивается по количеству фишек, больше фишек – хорошие оценки.


ІІІ Фонетикалық жаттығу. Дыбыстық талдау. Біз нені қайталадық?

Лексикалық жаттығу.

  • Бүгін нешесі?

  • Бүгін аптаның қай күні?

  • Қазір қай мезгіл? Қыс айлары қандай? Ақпан қыстың нешінші айы?

  • Ауа – райы қандай? Бағалау туралы: қызыл – «5», сары – «4», жасыл – «3» деген баға.

ІҮ Лексиканы қайталау. Хайуанаттар бағына саяхатқа барар алдында сөздерді қайталаймыз. «Адасқан жануарларды» («Потерявшие животные» игра) орнына жеткізіп салайық. Мына жәшікте адасқан аңдар бар. Не? Ол қандай?(крупный, сильный, тигр, лев, медведь, зоопарк, животное, планета, бегемот, жук, жираф, объезяна, лиса, черепаха, верблюд, быстрый)

Ең биік жануар? Ең жүйрік аң? Ең үлкен құс? Ең үлкен құс? Ең кішкентай құс? Ең ірі қоңыз? Ең ірі көбелек? Ең ірі жануар? Ең ауыр салмақты жануар?

Қандай сөздерді қайталадық? Эти слова мы должны уметь применять в своей речи. Қайталаған сөздермен сөз тіркесін, сөйлемдер құраймыз.

Ү Қауіпсіздік техникасы. Хайуанаттар бағында өзін ұстау ережелері, не істеу керек?

- Аңдарға тамақ берме – не кормить животных

- Аңдарды мазақтама – не дразнить животных

- Қолыңды шарбаққа кіргізбе – не просовывай руки через ограду.

ҮІ Бізге хайуанаттар бағына саяхатқа шығуға көмектесетін жол бастаушылар бар. Ол үшін саяхат бойы әртүрлі тапсырмалар орындауымыз керек. Мына сөзжұмбақты шешсек, ол аң туралы көбірек білетін боламыз.(әр балаға сөзжұмбақ беріледі, шешу өзара тексеру)

- Жолбарыс туралы Денис айтып береді, сендер мұқият тыңдап сұрақ қойыңдар. Сын есім бар ма?

ҮІІ Келесі жануар не екен? Ол үшін мына жұмбақты шешеміз.

Жайбасармын, сылбырмын,

Жүрісім бір өнбейді.

Мыртық аяқ құрғырың

Жүгіруге көнбейді.

Тасбақамен диалог арқылы танысамыз. Не туралы екен? Не қызықты нәрсе білдіңдер?

Сын есімді тап. Сұрақ қой.

ҮІІІ Келесі жануармен өзіміз, жол бастаушының көмегінсіз, танысамыз.

189 бетті ашыңдар, 1 тапсырма Мәтінмен жұмыс. Оқу, аудару, мәтін б/ша сұрақ қой, сын есімді тап.

ІХ Сергіту сәті.

Жасағанда, жасағанда жаттығу

Керек емес, керек емес аптығу

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш

Бүгілеміз, бүгілеміз бәкідей

Созыламыз, созыламыз сәкідей

Бір, екі, үш

Отырамыз, отырамыз тып – тыныш.

Х Келесі жануарды сипаттамасы бойынша өздерің табыңдар. Мұқият тыңдаңдар.

Ол құрлықтағы ең ірі, ауыр салмақты жануар. Салмағы 9 тонна. Тісінің салмағы 220 кг. Күніне 140 кг өсімдік жейді. Тәулігіне 100 – 200 литр су ішеді. Олар 70 – 80 жыл өмір сүреді. Оның Отаны – Африка мен Үндістан.

Не туралы? Не қызық білдіңдер?

ХІ Жазбаша жұмыс.

Сөйлемдерді сын есіммен толықтыр:


Өзара тексеру, дайын жауап арқылы.

ХІІ Қорытынды. Біз бүгін қайда саяхатқа бардық?

Қандай аңдар бар екен, қандай аңдарды көрдіңдер? (Сен қандай жануар көрдің?)

Риддер қаласында осы жануарлар бар ма?Үйлеріңде қандай жануарлар бар? Сен қалай қамқорлық жасайсың? Как вы должны относиться к животным, Каким должен быть человек по отношению к животным? (не оставлять в беде)

Саған қандай жануар ұнады? «Кім нені ұнатады?» ойынын ойнаймыз. Өздеріңе ұнаған жануардың қасына барып әңгімеле.

Жануарларға қомқор болу керек, қорғау керек, аялау керек, таза ұстау керек, ағашты сындырмау керек, қоқыс шашпа.

Сабағымды мына сөздермен аяқтағым келеді. Берегите животных, они наши друзья. Берегите природу, это наш общий дом, в котором хозяева не только люди, но и животные.

Бағалау. Что понравилось? О каких животных вы бы хотели узнать?

ХІІІ Үй тапсырмасы. Менің сүйікті жануарым тақырыбына әңгіме жазып келу, карточкамен жұмыс.


Рефлексия. Тақтада көңіл – күй индикаторы. Индикатор настроении. Көңіл – күйлерің қандай? Сабақ сәтті болды ма?

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Конспект урока на тему "Хайуанаттар ба?ында"

Автор: Отарбаева Алмаш Чаймардановна

Дата: 26.05.2016

Номер свидетельства: 330510


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства