kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока каз.яз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Дауыссыз дыбыстарды? т?рлері. 

Саба?ты? ма?саты: О?ушыларды? ?ткен дауыссыз дыбыс туралы

білімдерін ?орытып, игерген білімдерін толы?тыру,

оны? т?рлері туралы жа?а білім ?алыптастыру,

с?здерді талдау, сауатты жазу?а т?селдіру, ой-

?рістерін,есте са?тау, шы?армашылы? ?абілеттерін

дамыту, ??стар?а ?ам?орлы? жасау?а, оларды аялау?а

т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: аралас саба?

Саба?ты? ?дісі: с?ра?- жауап, т?сіндіру, талдау, жина?тау, тест,

шы?армашылы?

П?наралы? байланыс: д?ниетану, бейнелеу ?нері, ?дебиеттік о?у

К?рнекілігі: тест, электронды о?улы?, грамматикалы?,

дидактикалы? ойындар, интерактивті та?та, ба?алау

картасы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«конспект урока каз.яз»

Астана қаласы

№64 мектеп-лицей

Бастауыш сынып мұғалімі: Мұқан Гүлмира Серікқызы

Қазақ тілі

2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері. 

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен дауыссыз дыбыс туралы

білімдерін қорытып, игерген білімдерін толықтыру,

оның түрлері туралы жаңа білім қалыптастыру,

сөздерді талдау, сауатты жазуға төселдіру, ой-

өрістерін,есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін

дамыту, құстарға қамқорлық жасауға, оларды аялауға

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау, тест,

шығармашылық

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, әдебиеттік оқу

Көрнекілігі: тест, электронды оқулық, грамматикалық ,

дидактикалық ойындар, интерактивті тақта, бағалау

картасы.

С а б а қ т ы ң б а р ы с ы :

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Өткен материалды еске түсіру:

Тест жұмысы ( мұғалімнің планшетінен әр оқушының планшетіне тест жіберіледі )

1.У дыбысы жуан айтылған сөзді тап:

а) таулар ә) уәде б) әуе

2.У дыбысы дауысты болып тұрған сөзді тап:

а) бауырсақ ә)жауынгер б) қуыршақ

3. Алдынан ү дыбысы естілетін сөз:

а) қарау ә) тігу б) санау

4. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой:

...т, к...ім, т...ын

а) й ә)у б)и

5.Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап:

а) алм- а ә) ақ- қу б) а- ст- ық

Нәтижесі интерактивті тақтаға шығады, оқушы көршісін бағалап, бағалау картасындағы «үй тапсырмасы» деген бағанға тиісті белгілерін қояды.

3.Жаңа сабақты түсіндіру:

«Дыбыстар патшалығы» ертегісін айту

Әлдеқандай патшалықта емес, әлдеқандай мемлекетте емес, тура өзіңнің аузыңның ішінде дыбыстар тұрып жатыр. Ал олардың үйлері, міне, қандай әдемі ( аузыңды көрсетші, аша ғой, қане). Үйдің төбесі бар ( тіліңді тигізіп көр, өзіңнің үйіңнің төбесін ізде,таптың ба?). Еден дегеніміз-төменгі таңдай, есік – еріндер. Есік бекем болу үшін қойылған сүйек шарбақтар да бар ( тістерін көрсетсін).

Бәрі жақсы болар ма еді, қайтер еді, бірақ үй ішіне бір айдаһар кіріп орнығып алды (тілдің ұшын қимылдатыңыз).

...Сөйтіп, ол өзінің зұлымдық істерін жасай бастады. Кей дыбыстарды ол емін- еркін өткізіп жіберді, міне, былай, менен кейін қайталаңдар: [а], [ә], [о], [ы ],[и] ... Бұл дыбыстар еріннен, яғни есіктен еркін өтіп жатты және олардың киіп алған мынадай қызыл көйлектері бар еді (оқушылар қызыл текшені көрсетеді).Ал басқа дыбыстардың жолына айдаһар түрлі кедергілер тұрғызады немесе есікті жауып қояды [м-м-м], ал [т] дыбысын төбеге итеріп , жасырып қояды. Айдаһар дыбыстарды біресе ысылдап шырылдауға [ш], пысқырынуға [ф], ысқыруға [с] , қырылдауға [х] мәжбүр етеді. Біресе дыбыстарды құйрығымен ұрады [р] ( айтып көріндерші, тіл діріл қағып тұр ма?). Сондықтан бұл дыбыстар ауыздан емін – еркін шыға алмайды, олар мынадай көк көйлек киіп алған.

Бүгін біз осы көк көйлекті дыбыстар туралы айтпақпыз, сонымен, тілдің түрлі кедергілеріне ұшырап шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп атаймыз. Дауыссыз дыбыстар 3 үлкен топқа бөлінеді. (тақтаға дауыссыз дыбыстар, олардың түрлері туралы кесте ілінеді, сол арқылы сабақты түсіндіремін.)

Дауыссыз дыбыстар және олардың ерекшеліктері туралы фильмді көрсету (iMektep.kz)

http://imektep.kz/dauissyz-dibistar

Планшетпен жұмыс:

(өз бетімен жұмыс)

1-жаттығу

Сөздердегі дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

Тырна, қырғауыл, бүркіт, бөдене, сұңқар, шүрегей, тауық, сауысқан.

Артық құсты табу және дәлелдеу. Дұрыс нұсқасы интерактивті тақтада көрсетіледі, оқушылар көршілерінің бағалау парағындағы «1-жаттығу» деген бағанға тиісті белгілерін қояды.

«Дұрыс, бұрыс» ойыны (iMektep.kz)

http://imektep.kz/dauissyz-dibistar

1.Дауыссыз дыбыстар қатаң, ұяң, үнді болып үшке бөлінеді.

2.Қатаң дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздер: Май, нан, уық, лақ, раушан.

3. Ұяң дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздер: Бұлт, доп, жүзім, вагон, зымыран, ғарышкер.

4.Үнді дауыссыз дыбыстарға Р, Л, Й, М, Н, Ң, У дыбыстары жатады.

Әр оқушы өз планшетіне дұрыс, бұрыс жауаптарын белгілеп отырады. Тақтадағы дұрыс жауаппен салыстыра отырып көршілерін бағалайды.

2-жаттығу (оқулықпен жұмыс)

Қою жазумен берілген сөздердегі дауыссыз дыбыстарды топтап жаз

Балапан, жасайды, тұрғызады.

Қатаң: п, с, т.

Ұяң: б, ж, д, ғ, з.

Үнді: л, н, й, р.

Көршілерін бағалап отырады.

Деңгейлік тапсырмалар. Ой толғау (планшетпен жұмыс)

- Қай дыбыс екі топқа да ортақ? ( У )

У дыбысы дауыссыз болатын сөздер жаз.

Тура оқысақ та, кері оқысақ та бір сөз болатын 4 сөз жазу. Осы сөздердегі дауыссыз дыбыстардың астын сызу.

Әрбір сөзі бірдей дыбыстан басталатын сөйлем құрастыру.

Ж ж ж ж .

Б б б б .

С с с с .

Сергіту сәті

«Тамаша күн»

3-жаттығуды ауызша оқыту (оқулықпен жұмыс)

-Аққу, қанат, суық сөздеріне дыбыстық талдау жасату

- Күзгі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу:

Күн салқындап, шөп қурап, құстардың жемі азая бастайды. Бұрынғыдай айналада қаптап жүрген шыбын- шіркей, құрт- құмырсқалар да көріне қоймайды. Жемнің азаюы- құстардың жылы жаққа қайтуының басты себебі. Біртіндеп құстар топтала бастайды. Соңынан лек- легімен жылы жаққа қайта бастағаны байқалады. Алдымен ұсақ бунақденелілерді қорек ететін құстар қайтады. Бұлардан кейін өсімдіктердің жемістерін, тұқымдарын қорек ететін құстар қайтады. Су құстары- үйрек, қаз, тырна, аққулар барлығынан кейін, су салқындап қатысымен қайта бастайды. Жыл мезгіліне байланысты қоныс аударатын құстарды жыл құстары деп атайды.

- Қарлығаш, қараторғай, көкек туралы оқушыға қысқаша әңгімелету. (интерактивті тақтада осы құстардың суреттері көрсетіліп тұрады )

- Құстар туралы мақалдар сұрау.

«Артығын алып тастау» ойыны (iMektep.kz)

http://imektep.kz/dauissyz-dibistar

Сабақты бекіту: (планшетпен жұмыс)

«Сөз ойла да, тез ойла » ойыны

К е к Қ а қ

К и і к Қ и ы қ

К ө к е к Қ а с ы қ

К і р п і к Қ а й м а қ

К ө б е л е к Қ у ы р д а қ

К ү н д е л і к Қ ы т ы р л а қ

« Сөз тапқанға » ойыны

(Оқушының жауабы ылғи бір дыбыстан басталуы керек, мысалы, М дыбысынан)

Қалтаңда не бар?

Бор қандай?

Аспан қандай?

Қандай сурет саласың?

Өскенде кім боласың?

Ауа райы қандай?

Сабақты қорыту:

Үйге тапсырма беру, бағалау. 4-жаттығу, ереже жаттау..

Бағалау. Оқушыларды бағалау парағы бойынша бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
конспект урока каз.яз

Автор: М??ан Г?лмира Серік?ызы

Дата: 30.01.2016

Номер свидетельства: 285356


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства