Просмотр содержимого документа
«Конспект на тему "Б?лмеде"»
03.12.2015ж
Тақырып:»Бөлмеде»
Мақсаты:IОқушылардың оқылым,сөйлесім,тыңдалым арқылы коммуникативтік дағдыларын шыңдалуына жағдай жасау.II.Оқушылардың көру,есту,оқу дағдыларын дамыту.III.Оқушыларды өз бөлмені дұрыс жабдықтау,таза ұстауға,еңбекшіл болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1. Жаңа сөздерді есте сақтау,ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
2.Қазақ тілінің тән дыбыстарын анық айту.
3.Сұрақтарға жауап айту,мәтінді дұрыс құрастыру.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.
Сабақтың жабдықтары:Дидактикалық материалдар, техникалық құралдар, көрнекіліктер.
Сабағымызды бір-бірімізге жылы лебеізімізді айтып бастайық.
Қайырлы таң,досым!
Қайырлы күн болсын!
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын!
Біздің алар білімдеріміз
Күнде тола берсін!
Отырыңдар,балалар.Енді ұлдар сөз айтады,қыздар сөз тіркесін құрайды. Ұл: қоянҚыз: екі қоян;секіртпе-бес секіртпе;машина-үлкен машина; қонжық-қоңыр қонжық
Жақсы, балалар.
II. Жаңа сабақ. Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін,осы сөздерді оқып бірінші әріпті алып сөзді құрап алыңдар
1 2
Бір өрік ақ мысық екі
Бөлме
Дыбыстық жаттығу: ә-дәптер
ө-бөлме,төсек
қ-жарық (әр сөздің суретін көрсету)
ү-үстел
і- кітап
ң-аңыз
һ-жиһаз
ұ-бұл
ғ-аға
Суреттегі заттар қайда болады?
Бөлмеде
Сабағымыздың тақырыбы:»Бөлмеде»
Сен сабақта не білесің?
Сөздерді білемін,тән дыбыстарды білемін,сұраққа жауап айтуға білемін.
Бөлмені суреттеу үшін тағы жаңа сөздермен танысайық.
Жаңа сөздер: жарық-светлый
таза-чистый оқу-аудару-сұраққа жауап беру
жатыр-лежит
-Бөлме қандай?
-Бөлме жарық.
-Не жатыр?
-Қалам жатыр.
Жарайсыңдар,балалар.
Кітаппен жұмыс 1-тапсырма.Суретке қара.Бөлмедегі заттарды ата.
Бөлме,шкаф,терезе,есік,үстел,орындық,төсек.
2-тапсырма. Толықтырып айт. Бөлмеде .... бар.
Бөлмеде шкаф бар.Бөлмеде есік бар. Бөлмеде терезе бар.
Үстелде кітап жатыр. Үстелде қарындаш жатыр.
Сергіту сәті.Балалар бойымызды сергітейік.
Сол қолымда 5 саусақ 1,2 шапалақ
Оң қолымда 5 саусақ. 1,2 топалақ
Бесті беске қосайық, 1,2 айналдық
Алақанды жаяйық. 1,2 отырдық.
Тыңдалым. Ал қазір, мәтінді мұқият тыңдап, есіңде сақтап жатқа айтуға керек болады.
Тыңдау-хормен айту-сұрақтарға жауап беру,суретпен жұмыс
Бөлмеде.
Мынау-бөлме. Бөлмеде шкаф, төсек бар.
Бөлмеде үстел,орындық бар.Үстелде кітап,дәптер жатыр.
Үстелде қалам,қарындаш жатыр.
Тақтамен жұмыс. Бөлмеде шкаф, төсек бар.
Бөлмеде үстел,орындық бар.Үстелде кітап,дәптер жатыр.
Үстелде қалам,қарындаш жатыр.
Артық сөздерді оқып оларды тауып айту.
Мынау-бөлме.
Бөлмеде шкаф, қоян бар.
Бөлмеде аю, орындық бар.
Үстелде кітап,дәптер жатыр.
Үстелде қалам,түйе жатыр.
Балалар,осы заттар бөлмеде болады ма?
Иә.Кәнеки,дұрыс сөйлемді құрастырайық.
қоян төсекте жатыр-Төсекте қоян жатыр. (сөйлемді жинау)
Аю бар орындықта- Орындықта аю бар.
Ойын.Жақсы,ал енді текшені жасырайық.
Текше қайда?Текше орындықта.Текше үстелде.
Текше шкафта.Текше төсекте. Текше бөлмеде.
III .Қорытынды.-Сабақтың тақырыбы қандай болды?
-Бөлмеде.
Сен сабақта не білдің?
Сөздерді білдім, сұрақтарға жауап білдім,тән дыбыстарды білдім.
Қазір тыңдаған мәтінді қалай меңгергенін шығармашылық жұмыста көрсетейік.
Жұппен жұмыс.
Мынау-бөлме.
Бөлмеде шкаф, бар.
Бөлмеде үстел, бар.
Үстелде кітап, жатыр.
Үстелде қалам, жатыр.
Тыңдаған мәтінде керекті сөздерді жапсыру,ортаға шығып оқу
IV.Бағалау
Дұрыс жауап бергендерге
Жақсы жауап бергендерге
Жарайсыңдар! Сендердің алдарыңызда жасыл және қызыл төртбұрыштар жатыр.
Рефлексия.
Қызыл төртбұрыштар: мен сөздерді білдім,тән дыбыстарды айта аламын,мен сұрақтарға жауап бердім,мәтінді толықтырдым.
Жасыл төтбұрыштар:маған сөздерді білуге қиын болды,сұрақтарға жауап бере алмадым.
Кім тақырыпты білді -қызыл төртбұрышты көтереді.
Кім тақырыпты түсіну кезінде қиындық көрсе- жасыл төртбұрышты көтереді.