Пәннің аты
Дүниетану
26.01.2017ж
Сабақтың атауы
Өсімдікке су және топырақ керек
Мақсаты
1. Оқушылардың өсімдікке қажетті жағдайлар туралы түсініктерін қалыптастыру.
2. Өсімдік туралы әңгімелей отырып, айналадағы дүниені танып білуге қызығушылығын дамыту. Оқушы ойын кеңейту.
3. Табиғатты қорғауға, сүюге, табиғат заттарына жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Өсімдіктер туралы толық мағлұмат бере отырып, олардың тіршілігін түсіндіре алады;
Жұмысты өзбеттерінше, топпен жоспарлап, бағалай алады;
Алған мәліметтерді талдап, өз білімдерін бағалай алады;
Түсінігін топтап, жүзеге асыра алады, оқушының сөзі жүйелі, қисынды, қорытындыны дәлелдей алады.
Психологиялық ахуал
Табиғат күлімсірер күніменен
Ән айтар бұлбұл сайрап түніменен
Көркіне көз тоймайды табиғаттың
Сұлулықты сүйе біл шыныменен.
Ұйымдастыру бөлімі
Топқа бөліну. 4- топқа бөлінеміз.
1-топ: жапырақ
2-топ: гүл
3-топ: түйнек
4-топ: жеміс
Үй тапсырмасы
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.
Тест:
1.Неліктен мәдени өсімдік деп аталады?
А) Адам өсіретіндіктен
Ә) Далада өсетіндіктен
Б) Орманда өсетіндіктен
2. Май алынатын өсімдікті ата.
А) Картоп
Ә) Мақта
Б) Қарбыз
3. Тағамдық көкөністер қатарын тап.
А) Сәбіз, қызанақ, пияз
Ә) Алма, алмұрт, қияр
Б) Зәйтүн, қауын, қарбыз
4. Астық дақылдарынан не дайындайды?
А) Сүт
Ә) Май
Б) Ұн
5. Мәдени өсімдіктің адам ағзасына пайдасы бар ма?
А) Жоқ
Ә) Бар
Б) Білмеймін
Бекіту мақсатында тест алынады.
Қызығушылығын арттыру
Жаңа тақырыпқа байланысты практикалық жұмыс жүргізу.
Гүл отырғызу.
Ой қозғау
Сол жасалынған практикалық жұмысқа байланысты сұрақтар қойылып, жауаптар алынады.
- Өсімдікке не керек екен?
- Өсімдік қандай топырақтарда жақсы өседі?
- Суды ысырап етуге болады ма? Т.б.
Жаңа сабақ
Осы жасалынған жұмыстар арқылы жаңа тақырыпты ашып алады. Жаңа тақырып «Өсімдікке су және топырақ керек.»
Мағынаны тану
Сергіту сәті
Музыкалық әуенмен «Көңілді күн»
Ой сергітеді,шаршағандары
басылады
Ой толғаныс
Топтық тапсырма
1-топ: Топырақтың құрамы
2-топ: Өсімдікке не қажет?
3-топ: Құнарлы жердің өсімдігі қалай өседі?
4-топ: Құнарсыз жердің өсімдігі қалай өседі?
Қорытынды
«Сиқырлы ағаш» ойыны арқылы жаңа тақырыпты қорытып, бекітемін.
- Өсімдік қандай ағза?
- Өсімдіктің өсуіне қажетті жағдайларды ата.
- Еріген тұздарды өсімдік қайдан алады?
- Топырақты тыңайту туралы әңгімеле.
- Өсімдіктің бойында судың барын қайдан білуге болады?
- Өсімдіктің тірі ағза екенін дәлелде.
- Құнарлы топырақта өсетін өсімдік қалай өседі?
- Құнарсыз топырақта өсетін өсімдік қалай өседі?
Үйге тапсырма
Мәтінді оқып түсінгенін айту.
Күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
«Алма ағашы» стратегиясын қолдану. «Бүгінгі сабақтан алған әсерім»
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады