| Негізгі сөздер мен тіркестер: текстура, фактура, тегіс, қатты, жұмсақ, кедір-бұдыр, баспа, қайталау, дайындау форма, түс, бояу, сұйық, қою, өлшем, үлкен, кішкентай, таңдап алу. |
Ортасы 6-9 минут 10-14 минут 15 минут 16-23 минут 24-25 минут 26-33 минут 34-37 минут 38-40 минут 40-43 минут | Миға шабул. Жетелеуші сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа тақырыпты меңгертуге жетелейді: Оқу материалын мұғалімнің қосымша ресурстар арқылы түсіндіреді. Рефлексия: Бармақ әдісі Сарамандық жұмыс. Маталардың текстурасын зерттейді. Текстуралардың маңызын және түрлі жемістер, көкөністердің әртүрлі және/немесе ұқсас текстуралары (жапырақты көкөністер мен цитрустік) болатындығын жұппен талқылайды. Оларды ортасынан кесіп, ішкі текстурасын сыртқы қабығымен салыстыра отырып зерттейді, оларды қалай басып, үлгілерді қайталауға болатындығын көру үшін оларды сия толтырылған подносқа бетін төмен қаратып орналастырады. Олардың түрлі басып шығаруға болатын әдістер мен түрлі үлгілерін, сонымен қатар текстураларды бір өрнекке қалай біріктіруге болатыны туралы ойлауын сұрайды: • қатармен сол бір жемісті басу; • беттегі жемістерді түрлі формалар жасау үшін айналдыру, мысалы шеңбер; • беттің диагональ бойымен жемістерді басып шығу; • екі жемісті кезекпен пайдалану; • бір ғана немесе әртүрлі жемістермен баспаларды жасау. Жұмыс барысында мұғалім жекелеген оқушыларға қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп отырады. Рефлексия: «Плюс-минус-қызықты» әдісі Шеберлер ауылы. Оқушылар алдарындағы жемістер мен көкөністер жиынтығы бар үстелдердің айналасында жұмыс істейді. Олар жемістер мен көкөністерді қағазға басу экспериментін өткізеді. Кейбір оқушыларға матаның кішігірім квадратында қайталанған өрнектерді орналастырып басып шығаруды ұсынып, мұғалім форма мен мата, бояу таңдауда көмектесе алады (Оқушыларға олардың алдыңғы бөлімдегі орындаған басып шығару туралы орындаған тапсырмаларын естеріне салуға болады). Бұл оқушылардың көрмей тұрып, жемістерді/көкөністерді сипап сезу арқылы табуды, және олардың текстураға сипаттама ойлап табуларын сұрайды (мысалы, қатты, жұмсақ, қатаң). Оқушыларға мұғалім жемісті/көкөністі бояумен қалай басып шығуға болатындығын көрсетеді. Егер сияны көп қолданып, немесе жемістерді беттің үстімен ауыстырса онда баспа жан-жағына жағылып қалуы мүмкін. Мүмкіндігінше оқушыларға тәжірибелік жұмыста көмектесіп, кішігірім топтарда жұмыс жасауға қолдау көрсетеді (Визуалдық мысалдар мен көрсетулердің болуы оқушылардың идеяларын дамытады және дербестігін ұлғайтады). Критериалды бағалау. № | Критерий | Дискриптр | 1 | Идея | -идея ұсынады; -идеяға сәйкес таңба ұсынады; -түстерді ажыратады; | 2 | Орындау техникасы | -техника қауіпсіздік ережесін сақтайды; -түрлі формалар жасай алады; - реттілікті сақтай отырып жұмысты орындайды; | 3 | Тақырыптың ашылуы | - формалар мен түстердің үйлесімді қолданады; -идеяны шығармашылықпен жеткізе алады. | Көрме. Оқушылар жасаған жұмыстарын қабырғаға ілу арқылы көрме ұйымдастырады. Барлық оқушылар достарының жұмыстарымен танысады. Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек әдісі. Оқушылар қолдарындарындағы стикерлерге жұмыстарға қатысты пікірлері мен ұсыныстарын жазып, сол жұмыстын тұсына жапсырады. | баспалар (печать), суреттер Мата каталогы, таныстырылым, жеміс-жидектер, көкөністер, бояулар Алдыңғы бөлімде пайдаланылған құрал-жабдықтар, бұйымдарды кептіру үшін және дайын жұмыстардың көрме дайындайтын орын (баған немесе көлденең сырық). Қауіпсіздік ережесі Бағалау парақтары Скоч,оқушылардың дайындаған жұмыстары Стикерлер |
Дифференциялды оқыту өз бетінше жаттығулар кезінде мұғалім қолдауының алмасуы, арқылы іске асады. | Жетістік критерийлеріне сәйкес тапсырманы орындап мақсатқа жетуіне байланысты жетті немесе талпынды деп бағаланады | Дүниетану, музыкамен (музыкалық сүйемелдеу), ғылыммен (материалдарды зерттеу) пәндерімен пәнаралық байланыс бар. Таныстырылым қолданылады, Интерактивті тақтаны 20 - 25 минуттан артық қолдануға болмайды. Практикалық жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережесі сақталады. |
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары сəтті болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? | Өз сабағыңыз туралы рефлексияны төмендегі бос орынға жазыңыз. Сол жақтағы бағанада келтірілген сұрақтардың арасынан Сіздің сабағыңызға сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |