Бекітемін :
Күні :09.02.2017 ж
Пәні :әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы :Т.Молдағалиев «Гүлдер»
Жалпы мақсаты :Оқушыларға Т.Молдағалиев туралы жалпы мағлұмат
беру, «Гүлдер» өлеңінің мазмұнын ашу,мәнерлеп
оқуға жаттықтыру,ой—өрісін , дүниетанымын ,тілін
дамыту,туған жердің табиғатын сүюге ,аялауға
тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже :-тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен
білетініне сүйенеді
-шығармашылықпен жұмыстануға деген ынтасы
артады
-сыни ойлау арқылы терең білім алу қабілеттері
дамиды
-өз бетімен білім алушылық қабілеті қалыптасады
Қолданылатын ресурстар:сабаққа қажетті слайдтар,топтарға берілетін
ресурстар
Оқыту әдістері : СТО технологиясы , оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Мотивациялық кезең :
I.Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
II.Өткенді қорытындылау « Біліміңді тексер » Сөзжұмбақ шешу
Операциялық кезең :
Тарау : «Көңілді көктем жырлары »
Топқа бөліну : 1 топ Қызғалдақ 2 топ Бәйшешек 3 топ Жауқазын
-Бүгін не туралы өтеміз ? Гүлдер
-Авторы «Балдырған» журналының бас редакторы Т.Молдағалиев
-Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді және тақырыпты жазамыз
Автор жөнінде мағлұмат беру
Оқулықпен жұмыс Өлеңді оқыту (тізбектей )
Ой қозғау : Гүл дегенде көз алдарыңа не келді ?
Жауаптарын тыңдау
Өлеңді талдау :
1.Ақын өлеңді қандай сезіммен жазған ?
2.Ақын гүлді неге теңейді ?
3.Гүлді кімге теңейді ? Неліктен ?
4.Гүлді кімге сыйлағысы келеді?
5.Өлең неше тармақтан тұрады?
6.Өлеңнен қайталанып тұрған сөздерді тап, қайталану себебін түсіндір.
Ережемен таныстыру :
Қайталау –сөз әсерін күшейту. Ақын оқырман назарын өзіне айрықша аудару үшін бір нәрсені немесе құбылысты бірнеше мәрте қайталау.
Ережені дәптерге жазғызу
Сергіту сәті
«Гүл өсіру »
Шығармашылық жұмыс
1 топ Ұйқас сөздерді пайдаланып , гүл туралы 1 шумақ өлең құрастырады .
2 топ Ұнайтын гүлдің суретін салу
3 топ Бөлме өсімдіктерін күту шағын эссе жазу
Топпен жұмыс : «Топтасып жұмыстан »
1 топ Гүл сөзіне 5 жол өлең құрастыру
2 топ Гүл туралы мақал-мәтел айту
3 топ Шағын әңгіме жазу
Рефлексиялық кезең Қорытынды
Тест орындау , бір-бірін тексеру
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Бағалау
Үй жұмысы :1 .Өлеңді жаттау 2. Гүл туралы мағлұмат жинастыру