Күні | Пәні қазақ тілі сыныбы ІҮ |
Сабақтың тақырыбы | Морфология әлеміне саяхат |
Сілтеме | Қазақ тілі ІҮ сынып 2015жыл, кесте, ереже дәптерлері, Сын тұрғысынан ойлау, бағалау, диалогтік оқу |
Жалпы мақсаты | Морфология туралы білімдерін бекіту, сөз тіркесін құраудағы жалғаудың рөлін аңғарту, сөздік қорын молайту, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу |
Оқыту нәтижесі | Морфология туралы білімдерін бекітеді, сөз тіркесін құраудағы жалғаудың рөлін аңғарады, сөздік қорын молайтып, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиеленеді |
Тапсырмалар: І. Ұйымдастыру бөлімі 1. «Ыстық орындық» 2. «Ойланып жауап бер» 3. «Кім жылдам?» 4. Шығармашылық тапсырма 5.Кері байланыс ІІ.Үйге тапсырма ІІІ.Бағалау |
Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
3-мин | І. Ұйымдастыру Психологиялық дайындық. Оқушылар бір-біріне тілек айтып, сәттілік тілейді. Оқушыларды 1-ден 2-ге дейін санай отырып, топтарға бөлу | Оқушылар бір-біріне тілек айтып, санай отырып, топтарға бөлініп, өз тобына отырады |
5-мин | «Ыстық орындық» 1-тапсырма үй тапсырмасын тексеру Күрделі сөз дегеніміз не? Олар қалай жасалады? Біріккен сөз дегеніміз не? Олар қалай жазылады? Қос сөздер дегеніміз не? Олар қалай жасалады? Қос сөздің бір сөздің қайталануы немесе екі сөздің қосарлануы арқылы жасалуы дегенді қалай түсінесің? Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздерге нелер жатады? Қысқарған сөз дегеніміз не? Қысқарған сөздер қалай жасалады? Мысал келтір Формативті бағалау: жұлдызша | Оқушыларға сұрақтар қойылып, соған жауап береді,үй тапсырмасы тексеріледі |
5-мин | «Ойланып жауап бер» 2-тапсырма Синтаксис дегеніміз не? Фонетика дегеніміз ше? Морфология жайында не білесің? | Оқушылар ауызша талдап, өз ойларын айтып береді, сөз таптарын анықтайды |
10-мин | «Кім жылдам?» 3-тапсырма Ребусты дұрыс шешсең, жаңа сөз таптарының аттары шығады | Жұптасып тапсырманы орындап, әр топтан бір оқушыдан жауап береді |
2-мин | Сергіту сәті:музыкалық жаттығулар | Оқушылар сергіту жаттығуын өткізеді |
13-мин | Шығармашылық тапсырма 4-тапсырма Іт Сөздерді мағыналарына қарай топтап жаз Зат есім Етістік ІІт Сөздерді мағыналарына қарай топтап жаз Сан есім Сын есім | Оқушылар өз тобында орындап,тақтада талдау жүргізеді |
1-мин | ІІ. Үйге тапсырма 2-жаттығу, ереже | Оқушылар күнделіктеріне жазады |
5-мин | Кері байланыс: «Жабық көз» әдісі Оқушылар көзін жұмып, ойша үш сұраққа жауап береді Мен бүгін не білдім? Мені бүгін не қызықтырды? Кешегі күнге қарағанда мен нені білдім? | Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған білімдерін айтады, ережені еске түсіреді |
1-мин | ІІІ. Бағалау Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау | Өз-өздерін бағалайды, қорытынды бағалау |