САБАҚ: қазақ тілі | Мектеп:№111 М.Маметова атындағы жалпы орта мектеп | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ибрагимова Дилдора | |
Сынып: 5- сынып | Қатысқан оқушылар саны:12 Қатыспағандар: | |
Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік құсы | ||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | (5.Ж1.) Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу (5.А3.) Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту | |
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданады,ауызша мәтін құрастыра алады. Оқушылардың басым бөлігі орындай алады: Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданады, хабарлама, хабарландыру, хаттың айырмашылығын біледі,үндестік заңын ескеріп мәтін құрастыра алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданады, хабарлама, хабарландыру, хаттың айырмашылығын біледі, қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп, хабарлама, хабарландыру, хат жаза алады. | |
Құндылықтар | Ұлттық бірлік, бейбітшілік, келісім. | |
Жетістік критерийлер | 1 Бейбітшілік құсы тақырыбына байланысты ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданып, хат, забарлама, хабарландыру жаза алады. 2 Бейбітшілік құсы тақырыбында диолог құрастыра алады 3 Орфоэпиялық нормаларды сақтап,пікірталас жүргізе алады | |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жаза алады.Пән лексикасы және терминология: Ресми стиль, хат, хабарландыру, хабарлама.Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; Көгершін, хат таситын, дүниені аралап,кептер. | |
Осыған дейін меңгерілген білім | Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау (5.О3.); Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау (5.А4.). | |
Жоспар | ||
Жоспарланатын уақыт 40 мин | Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбер құрылады, оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады. | Дереккөздер |
Сабақтың басы 3 мин 5 мин | «Үй мен тұрғын» әдісі арқылы оқушыларды топқа біріктіру. Ой қозғау: «Телефон » әдісі арқылы бір-біріне «Құстардың бағалауы» ертегі мазмұнына байланысты сұрақтар қояды. ҚБ:«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. | |
Сабақтың ортасы 15 мин 5 мин 5 мин Сабақтың соңы 4 мин 3 мин | 1-тапсырма Топтық жұмыс Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі мәліметтерді жинақтап, негізгі ойды қорытындылаңыз. Көгершінді бейбітшілік құсы, достық пен бейбітшіліктің, татулық пен бірліктің символы, әлемді аралап хат таситын бақыт құсы ретінде есептейді. Әділеттілікті де білдіретін кездері болады. Халық санасында оны хат таситын құс ретінде сіңісіп кеткен, тек қазір хат байлап жіберетін көгершін де жоқ қой. Кептерді де хат таситын құс дейді. Оны қазір де қолданады. Ол тіпті интернет жылдамдығынан да тез екен. Ұқсастықтары: кәдімгі түрлерін хат таситындар дей бермейді, міндетті түрде ақ көгершін немесе ақ кептер хат таситын құстар болып саналады; екеуімен де хат тасуға асыранды түрде үйретуге болады. Тағы бір қызық мәлімет асыранды кептерді көгершін деп атайды екен. ҚБ: смайликпен бағалау Дескриптор: Білім алушы - мәтіннен мәліметтерді жинақтайды; - негізгі ойды қорытындылайды; - пікірмен келісу/келіспеу себебін айтады.
Сергіту: Оқушылар құс ұшыру арқылы бір – біріне хат (тілек) жазады. 2-тапсырма Топтық жұмыс «Жүгіртпе диктант» жаздыру: Тақтаға ілінген хат,хабарлама, хабарландыру мәтіндерін топ оқушылары келіп оқиды, топ хатшысына айтады, хатшы естігенін жазады. ҚБ:Топтық бағалау Дескриптор: Мәтінді дұрыс оқиды Есте сақтағанын дұрыс жеткізе алады Кері байланыс: Оқушылардың білім деңгейін саралай отырып, кері байланыс «Ұшақ сұрақтар» арқылы жүргізіледі. Рефлексия: Оқушылар стикерлерге рефлексия жазып «Білім ағашына» жапсырады. |