Просмотр содержимого документа
«Конспект к уроку.Тема Мемлекеттік тіл -ұлттың ұйытқысы»
Мемлекеттік тіл-ұлттың ұйытқысы
Айтбаева Айзада
Қарағанды қаласы,№65 орта мектеп
Тәуелсіздік қазақ халқына қансыз соғыссыз келді.Бірақ тәуелсіздіктің бастапқы жылдарынды халыққа оңай болған жоқ.1994 жылдары мектептер мен балабақшалар жойылып,еліміздің келешегі мен экономикасы қандай боларын ешкім білмеген шақ еді.Сол кезде заманның қиындығына,қаражаттың тапшылығына қарамастан ,Елбасымыз бірақ жастарды еліміздің болашағы үшін білім алып тәжірибе жинақтасын деп шетелдерге оқуға жіберді.Қазір «болашақ бағдарламасымен оқып келген жастар туралы әртүрлі пікірлер айтылып жүр ғой,кейбір кемшіліктерімізді айтып,кінәлап та жататындарды көрәп жүрміз.Бірақ бұл шетелдерге барып білім алған жастар білімдерін терең меңгере,өз еліне қызмет атқаруда.Олар осы елдердегі мектептерде,жоғары оқу орындарында үздік оқып,өз білімдерінің арқасында ғана «Болашақ»бағдарламасымен оқуға мүмкіндік алған жастар.Осы қоғамда өсіп-тәрбиеленгендіктен,бойларында кездесетін артықшылықтары мен кемшіліктері де-осы қоғамның жетістігі мен қателіктері.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тіл мәселесін саясаттандыруға болмайды,баламыз дүниеге шыр етіп келген сәттен оның тілінің ана тілінде шығуына әр отбасы ат салысуы қажет деп айтып жүр.Десек те,біздің қоғамда әлі де баласын өзге тілде тәрбиелеу дәстүрі кең орын алып тұр.Әрине бұл азаматтардың ұлттық санасы мен намысына қатысты шығар,дегенмен мемлекет тарапынан әлі де осы істі жүргізу үшін нақты шарлар қажет сияқты.Қазақтың ұлы ақыны Абайдың адамның адамшылығы ақыл,ғылым,жақсы ата,жақсы ана,жақсы ұстаздан болады деген сөз бар ғой.Жалпы,тіл мәселесі бір ұлтқа ғана тән мәселе емес.Қазір әлемде ағылшын тілі басымдық танытып келеді,бірақ та ол тап-таза ағылшын тілі емес,ағылшындар ағылшын тілі шұбарланып барады деп дабыл қағуда.Германияда алпауыт елдің тілі басынан-неміс тілі де қиын жағдайды басынан кешіруде.Кезінде әлемдегі көп елдер сөйлеген француз тілі деөзінің бұрыңғы деңгейінде емес.Қазіргі жастарымыздың көпшілігі бар күштерін ағылшын тілді үйренуге жіберуде.Оның себебі неде?Олар ағылшын тілі арқылы ақпарат аламын деп ойлайды.Бірақ тіл деген тек сөйлесу үшін ғана берілген.Біріншіден,тіл-мәдениетке,дәстүрге апаратын жол,ашатын кілт.Бір халықтың тілін білген,сол халықтың сырын да түсінеді.Бүгін қазақ тілін оқыған адам,ертең түрік тілін үйренеді. Сол түркітілдес кез келген тілді оңай үйреніп немесе түсініп кетуге оңай болады. Тілмен бірге мәдениет, дәстүр, тарихымыз, өткеніміз жалпы ұлт ретінде болмысымыз қатар жүреді. Оны меңгеруді әрбір адам өзінен бастауы керек. Қазақ тілі неге қазір қиын жағдайда тұр? Себебі көпшілігімізде әлі кеңестік идеологияның көлеңкесі бар. Ол тіл маған берер дейсің деген ескі көзқарас жатыр. Қазақ тілі – өте бай тіл, бірақ оны тек механикалық тұрғыдан тықпаласақ, оған келу қиындап кетеді. Біз – көшпенді халық болып жүріп, үлкен мәдени байлығымызды ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізе білген халықпыз. Тек бүгінде сол байлықтың насихатын дұрыс жолға қоюымыз керек. Оны балабақша мен мектептен бастамасақ, үлкен адамдардың бәрін бірдей өзгерте алмаймыз. Тіліміз, мәдениетіміз, музыкамыз, ұлттық ойындарымыз – оның бәріне біртұтас жүйе иретінде қарауымыз қажет. Қазір меңінше, мектептердегі ән-күй сабақтарына да өзгерістер енгізу керек сияқты. Мысалы, біздің ұлттық музыкамыздың бір саласы – күйлеріміз. Әрбір күйдің алдында әдемі аңыз немесе әңгіме бар. Соны айтып беріп, күйді тыңдатып болсақ, ол жас буынға қызығырақ болар ма еді?қазіргі жастардың проблемасы қандай? Біздің болашақтардың бас қосқанда қозғайтын әңгімелерінің бірі – осы тақырып. Қазіргі жастарының бет пішіні қазақ болғанымен, біріміз қазақ, біріміз орыс мектептерінде, біріміз тіпті мектепті шетелде оқыған жастармыз. Ішкі ойымыз, тәрбиеміз бен түсінігіміз, әр қилы, тіпті, әр планетадан келгендейміз. Бірақ әрқайсымыз далада туып, аспаннан келген жоқпыз ғой. Анадан, әкеден айналып келгенде қазақ деген халықтан тудық. Мысалы, Еуропада ата-бабаларының жеткен жетістігі болса, соны жасырмай көрсетіп, олардың суреттерін іліп, біздің бәленбайынша атамыз ақсүйек болған деп мақтанып дәріптеу дәстүрі бар. Тура сол біздің халқымызда да бар емес пе? Біздің жеті атамызды білу дәстүріміз қандай керемет. Жеті атамызды жетік білгеннің арқасында қан араластырмай, генофонды күшті халық атанып отырмыз ғой. Сол үшін тарихты тереңірек әрі түсініп оқыту керек деп есептеймін. Бұл жерде әрине, көп мәселелер мұғалімдеріміздің білімдеріне де байланысты. Шетелде оқыған, білімді жастардың ішінде ана тілін білмейтіндерінің жүрегінде өз елімізге, халқымызға деген сезімі бар. Қазір шетелдерге кетіп кетіп жатқан адамдардың бәрін бөтен елде бақытты өмір сүріп жатыр деп ойламаймын. Сондықтан да Елбасымыз айтқандай, ауызбіршілікпен аталарымыз армандап кеткен экономикасы күшті, ынтымағы мықты елді құру үшін еңбектенуіміз керек. Сол сияқты адамдар әрқилы, сол тұрғыда көзқарастар да сан алуан. Біреулер мына өмірдің мәні зат жинау десе, біреулер үшін білім жиған маңыздырақ.
Мақсат бір,тек әрқайсысымыздың оған жету жолдарымыз әртүрлі.Кез келген адамның өзінің алдына мақсат қойа,соған жетуге болады,адам өзін қандай қылғысы келсе сондай етіп жасай алады.Оған біздің елде толық мүмкіндік бар.Бірақ ол мақсаттың биігіне жету үшін,бірінші кезекте білім керек.Қазіргі жастар алған біліміне сай ақша алғысы келеді.Кейде өз халқымыздың бойындағы кемшіліктерді көріп,айтып томаса,оған өзінен басқа кімді кінәлай алады?Кезінде ата-анасысабағын қадағалап ,оқытуы керек еді.Қазір «Болашақ»бағдарламасы бойынша ауылда оқыған жастарға белгілі жеңілдіктер қарастырылған.Мемлекет оқимын дегендердің бәріне несие беріп,жағдай жасап отыр.Әр адам болашағын ойлаймын десе,қызметте де ол жұмысының қыр-сырын толық меңгерген маман болуға ұмтылуы қажет.Әсіресе,мемлекеттік қызметкерлер сол жағынан көп тәжірибе жинақтай алады,білімі мен біліктілігі жетсе,қызметте біртіндеп өсу де болады.Ал компанияларға барса,әрине бірден-бір жалақысы үлкен болады,бірақ,ол жерде өсу,көтерілу қиын.Тіл әрбір ұлттың қаны,жаны,ар-намысы үні десем,артық айтқандық емес.Қазағымыз үшін қазақ тілінен артық байлық та,қазына да,қуаныш та жоқ деп ойлаймын.Демек ,тіл бар жерде ұлт та бар,ал тіл жоқ жерде сол ұлт та болмайтындығы анық.
Ұлттың жанашыры,ұлттың жүректі азаматтары бар тілдің де өшпейтіндігін заман көрсетіп жатыр.Соның бір көрінісі-жылдың бір қорытынды мәжілісіндей болған тіл жанашырларын марапаттау салтанаты.Шараның негізгі мақсаты құр марапаттап қою ғана емес,елдің арасынан туған тіліне деген жанашырлар көбейсе екен деген тілек жатыр.Осы күрделі мәселенің шешімін бала-бақшадан,мектептен іздегеніміз дұрыс шығар.Бірнеше қазақ мектептеріне бас сұғып қарасақ,сыныпта сабақ қазақ тілінде өтеді де ,үзілісте балалар рыс тілінде сөйлеседі.Балабақша да сондай көрініс.Себебі теледидарларда қазақша сөйлеуі ,мультфильмдердің аз болуы,балаларға арналған бағдарламаның тіпті жоқ болуы салдарынан орысша сөздерді үйреніп алады.Осы бастама келер күні өзге өкілдерінің арасына да кең сипатқа енін,тіліміздің мекемелердегі қолданысында да көбірек өңіл бөлініп отырса,нұр үстіне нұр болар еді.Әрине алғашқы бастама оңай болады деп ойламаймын.Десек те. Осы ауқымды шараға шақырылған әрбір адам тәлге байланысты ой тастап,адамның рухын көтеретін сөздер айтылып жатыр.Соның адамға қатты әсер етеді.
«Жүректен шыққан сөз жүрекке тиеді»дейді.Әрине,ағылшын тілінде сөйлеу мақтаныш емес,орыс тілінде сөйлеу мақтаныш емес,ал өз тілінде сөйлей алмау-ол қорлық,азап,масқара.Ал оған біздің қазақ жастарымыз бүгінгі күн жол бермейді» деп ойлаймын.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Баймбек Б.К «Қазақстан мүмкіндігі жоғары,олар биіктері әлә алдында»
2.Артуш М.К «Ел ішінде өзге ұлт болсақ та, шетелдіктер үшін қазақпыз».
3.Филология ғылым кандидаты «мемлекеттік тілге – құрмет» бірлестігінің төрайымы,Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Осман А.Ә.