І. ?йымдастырушылы? кезе?.
Баланы бар ынта, зейінін саба??а ?арату, ынталандыру.
- Б?гін ?ай к?н?
- Аптаны? ?ай к?ні?
- Ауа-райы ?андай?
- Б?гінгі саба??а к??іл-к?йі? ?андай?
- ?йге не берілді?
Сурет салып келді? бе?
Б?гін біз ?рт?рлі ?имыл ?оз?алыс жатты?уларын жасаймыз.
- Ал, енді біз ?азір «?ріп» боламыз.
- Ал, орнымыздан т?рамызда, «А» ?рпі ?андай соны саламыз.
- «?» ?рпі ?андай?
- «Б» ?рпі ?андай?
- Енді, біз ым тілінде с?йлесіп к?рейікші. Мен са?ан ымдап с?йлем айтамын, сен тауып к?р.
- Д?рыс айтасы?. Мені? тама? ішкім келіп т?р.
- Ал, енді, сен ма?ан с?йлем айт. Мен тауып к?рейін.
- Сен ?йы?тап жатырсы?.
- Енді, мен айтайын. Билегім келіп т?р.
- Енді, ?ле? айтып т?рып, билейміз.
- Енді, жан-жануарларды? тілінде ?йлейміз.
- Жыл?ы ?алай кісінейді?
- Аю ?алай а?ырады?
- Мысы? ?алай мияулайды?
- Аю ?алай ж?реді?
- ?оян ?алай секіреді?
- ?те жа?сы, енді отырып кішкене кітап о?имыз. Буын?а б?ліп о?иы?.
- Ал, енді, шарша?ан шы?арсы?. Орнымыздан т?рып сергіту с?тін жасайы?.
Суретпен ж?мыс.
- Мына суретте сен не к?ріп т?рсы??
- Баланы
- Б?л баланы жеке т?л?а деп айта аламыз ба?
- ?рине
Сергіту с?ті:
Са?атты? тіліндей
Иіліп о??а бір
Са?атты? тіліндей
Иіліп сол?а бір
Са?ат?а ?арап ап
Жатты?у о?ай-а?
Саба?ты ?орытындылау.
- Сонымен айта ?ойшы біз б?гін саба?та не ?ттік.
- Жеке т?л?а деген кім екенін білдік?
- Жеке т?л?а?а кімдер жататынын білдік
?й тапсырмасын беру. «Мен кіммін» деген та?ырыпта шы?арма жазып келу.
?. Ба?алау
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Баланы бар ынта, зейінін сабаққа қарату, ынталандыру.
- Бүгін қай күн?
- Аптаның қай күні?
- Ауа-райы қандай?
- Бүгінгі сабаққа көңіл-күйің қандай?
ІІ. Жаңа сабақ.
Қазір бізде қай мезгіл?
Күз мезгілі.
Күз мезгілі қандай болады?
Күз мезгілінде құстар жылы жаққы ұшады. Көктемде оралады. Ал, енді, құстар қалай ұшатынын көрсетейікші. Қанатымызды ары-бері қағамыз.
Бүгін біз әртүрлі қимыл қозғалыс жаттығуларын жасаймыз. Тағыда жан-жануарларды салайықшы.
Ойын «Мен қандай әріппен доспын»
Бұл ойын әріптерді есте сақтап, сөйлеу тілін дамытуға ғана емес, сонымен бірге танымдық сипатқа да ие. Әртүрлі жануардың суреті болу керек (әр түрлі болуы мүмкін). Мысалы: сиыр, түйе, кірпі.
Бала айтады: «Менің сиырым «м» әрпімен дос, өйткені онда мүйізі бар», «Менің түйем «ө» әрпімен дос, өйткені онда өркеш бар».
Бала: «Менің кірпім «и» әрпімен дос, өйткені онда инелері бар.
Мына суреттерде қандай жануарлардың бейнесі бейнеленген? Олардың түсі қандай? Төлдері қалай аталады? Атап шығайық.
Енді, дәптерімізге жан-жануарларды, төлдерімен аттарын жазып шығайық
Ал, енді, шаршаған шығарсың, сергіту сәтін жасап, кішкене шынығып алайық
Сергіту сәті:
Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адым
Артқа бір адым.
Оңға бұрылып,
Солға үңіліп
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Үй тапсырмасын беру.
Ү. Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Эмоция және сезім тілі (мимика)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Эмоция және сезім тілі туралы жалпы түсінік
Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін дамыту, зейінін, ойлауын дамыта отырып, жан-жақты қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға, айналамен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын
Баланы бар ынта, зейінін сабаққа қарату, ынталандыру.
- Бүгін қай күн?
- Аптаның қай күні?
- Ауа-райы қандай?
- Бүгінгі сабаққа көңіл-күйің қандай?
- Үйге не берілді?
Сурет салып келдің бе?
ІІ. Жаңа сабақ.
Сенің аты жөнің кім?
Қай сыныпта оқисың?
Қай мектепте оқисың?
Сенің жасың нешеде?
Сен кімсің?
Оқушымын
Дұрыс айтасың сен оқушысың. Оқушы сабақта отырғанда қалай отырады?
Оқушы сабаққа қалай киінеді?
Адам өмірге жаңа туылғаннан бастап әртүрлі кезеңдерге бөлеміз. Нәрестелік кезең, балалық шақ, оқушы, студент, қарттық кезеңнен аяқталады. Өміріміздің барлық уақытын біз кезеңдерге бқлеміз. Осы кезеңдердің қайсысында болсақта біз «Тұлға» деп аталамыз.
Жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс - әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір – қасиеті , даралығы. Жеке тұлға - қоғамдық сананы алып жүретін адам, қоғамдық тірі жан. Жеке адам деп - нақты адамды, қоғамның белсенді, саналы, мүшесін, өмірге өзіндік белгілі бір көзқарастар бар, қарым - қатынастары бар, жеке моральдық талаптары, өзіндік психологиялық қасиеттері, өзге адамдардан жан иесін айтамыз. Жеке адам көп саналы құрылымға ие. 2. Жеке тұлғаның белсенділігі. Белсенділік деп адамның іс - әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс - әрекеттері барысында адамның қарым – қатынас жасау, таным және өзін – өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды. 3. Жеке тұлғаның бағыттылығы Жеке адамның бағыттылығы дегеніміз – сол адамның талғамы мен белсенділігін көрсететін ниеттер жүиесі.
Суретпен жұмыс.
Мына суретте сен не көріп тұрсың?
Баланы
Бұл баланы жеке тұлға деп айта аламыз ба?
Әрине
Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай-ақ
Сабақты қорытындылау.
Сонымен айта қойшы біз бүгін сабақта не өттік.
Жеке тұлға деген кім екенін білдік?
Жеке тұлғаға кімдер жататынын білдік
Үй тапсырмасын беру. «Мен кіммін» деген тақырыпта шығарма жазып келу.
Ү. Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Менің көңіл-күйім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көңіл-күй туралы жалпы түсінік беру.
Дамытушылық: Зейінін, етсе сақтау қабілетін дамыту, ұсақ мотрикасын дамыта отырып, жан-жақты қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға, айналамен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Жаңа
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелесу, түсіндірмелі, сұрақ-жауап, ойын
Баланы бар ынта, зейінін сабаққа қарату, ынталандыру.
- Бүгін қай күн?
- Аптаның қай күні?
- Ауа-райы қандай?
- Бүгінгі сабаққа көңіл-күйің қандай?
- Үйге не берілді?
- «Менің отбасым» деген тақырыпта шығарма жазып келдің бе?
- Шығармаңды оқып берші?
ІІ. Жаңа сабақ.
«Достар» деген сөз жазылған суретке қарап әңгіме құрастыру.
Бұл суретте екі бала не істеп тұр?
Екеуі достар. Бірге кетіп бара жатыр.
Дос дегеніміз не?
Әрбір адамның досы бар. Досың болса, досыңмен әнгімелесесің, бірге сабақ дайындайсың, бірге ойнайсың. Қиын кезде досың көмектеседі. Бірақ достар әр түрлі болады. Мысалы: жақсы, жаман, қайырымды, қамқоршы. Бір мақалда айтқандай:
Жаманмен жолдас болсаң, Кесірі жұғар. Жақсымен жолдас болсаң, Несібі жұғар. – Бұл мақалды қалай түсінесің? – Мағынасы неде? – Жақсы. Ал енді достық туралы қандай мақал – мәтелдерді білесің? – Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? – Біз бүгін сабақта нені үйренеміз?
Енді, мен саған Нұрсұлтанжаңа сөздерді оқып, мағынасын айтып беремін. Сен қайталап отыр.
Жаңа сөздер: Бет әлпеті–внешность Бойы–рост Сүйкімді–привлекательный, милый. Орта–средний Мінезі–характер Ермегі–хобби Мейірімді–добрый Үйірме–кружок. Қамқоршы–заботливый Еңбекқор–трудолюбивый Момын–скромный Ойын «Полиглот».
Ал, енді орысша сөйлемді қазақшаға аударамыз 30–У меня есть друг.Менің досым бар. 30–Его зовут–Сергей. Оның аты–Сергей. 30–У него красивая внешность.Оның бет әлпеті сүйкімді. 20–хороший друг,жақсы дос, 20–добрый характер,мейірімді мінезі, 20–голубые глаза,көк көзі, 10–хобби,ермегі, 10–ученик,оқушы, 10–друг, ДОС
Тест. 1. «Дос» сөзінің аудармасы қайсысы? а)рост ә)друг б)характер в)сверстник 2. Досымның бойы қандай? а)момын ә)қара б)қамқоршы в)орта 3. Жалғауларды тап: а)мен,сен ә)лар,дар,тар б)бор,кітап в)ші,шы 4.Сенің досыңның бет әлпеті қандай? а)сұлу ә)қысқа б)орта в)момын 5. Дұрыс жауабын тап: Досымның көзі ....... . а)ұзын ә)сыпайы б)қара в)мейірімді 6. Достық туралы мақалды тап: а)Отан – оттан да ыстық. ә)Ер дәулеті – еңбек. б)Жүз теңге ақшаң болғанша, Жүз досың болсын. в)Көз қорқақ, қол батыр. 7. Ол менің қандай досым? а)орта ә)жақсы б)бойы в)пікір 8. Досыңның шашы қандай? а)суық ә)мінезі б)қысқа в)ермегі 9. « Мінезі » сөзінің аудармасы қандай? а)характер ә)рост б)хобби в)музыка 10. Тар, тер, лар, лер,дар, дер қандай жалғаулар? а)септік ә)тәуелдік б)көптік в)жіктік Жауаптары: 1. ә 6. б 2. в 7. ә 3. ә 8. б 4. а 9. а 5. б 10.б
Сабақтың қорытындылау. – Сондықтан, балалар достықты бағалай біліңдер. – Досың қиналғанда, қол ұшын бер. ІҮ.Үй тапсырмасын беру.
Достық туралы мақал-мәтелдер жаттап келу
Ү. Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Саусақтардың қозғалысын дамыту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Саусақ қимылын дамыту жаттығулары туралы жалпы түсінік беру.
Дамытушылық: Зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін дамыту, ұсақ мотрикасын дамыту.
Тәрбиелік: қоршаған ортаны бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін жетілдіру.
Баланы бар ынта, зейінін сабаққа қарату, ынталандыру.
- Бүгін қай күн?
- Аптаның қай күні?
- Ауа-райы қандай?
- Бүгінгі сабаққа көңіл-күйің қандай?
- Үйге не берілді?
- мақал-мәтелдеріңді айтып беріңдерші?
ІІ. Жаңа сабақ.
Ойын «Ұстап көр»
Ал, енді сен көзіңді жұмасың, қолыңа берілген заттарды ұстап қандай зат екенін табасың;
Мынау қандай зат?
Оның пішіні қандай?
Ұзындығы қандай?
Салмағы қандай?
Осылай ойын жалғаса береді. Әртүрлі заттар қолданылады. Мысалы, қарындаш, қалам, сызғыш, өшіргіш т.б.
Логикалық ойын «Ойлан, тап» Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді? 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі? 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? Бір айда 5 жексенбі бола ма? Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай? Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз? Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады? Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7 Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені? Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрса неше пұт тартады? Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар? Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9-ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады? Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді? Немере атасынан: "Жасың нешеде? "деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде? Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады? Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді? Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
Ал, енді пластилинмен мүсіндер жасайық.
Сабақтың қорытындылау. – Сондықтан, балалар үлкен адамдарды бағалай біліңдер. – Сонымен біз бүгінгі сабақта не өттік?
ІҮ.Үй тапсырмасын беру.
Ү. Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Зейінді дамытатын ойындар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Зейіннің тұрақтылығына арналған ойындар туралы жалпы түсінік беру.
Дамытушылық: Зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту, ұсақ мотрикасын дамыта отырып, жан-жақты қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Айналаны бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін жетілдіру.
Баланы бар ынта, зейінін сабаққа қарату, ынталандыру.
- Бүгін қай күн?
- Аптаның қай күні?
- Ауа-райы қандай?
- Бүгінгі сабаққа көңіл-күйің қандай?
- Үйге не берілді?
- Мақал-мәтелдеріңді айтып беріңдерші?
ІІ. Жаңа сабақ.
Ойын «Зейінді бол»
Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу. Көрнекілік: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер. Барысы: Көрсеткіш таяқшамен бірінші /екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы/ суретті нұсқап, Нұрсұлтанға мынадай сұрақ қоямын:
Суреттен қандай таныс пішінді көресің?
Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар?
Есептеу кезінде аз қателессен ойынды ұтып шығасың.
«Мынау қай пішін?» ойыны
Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу. Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі. Барысы: Нұрсұлтан қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Мен оның қолына геометриялық пішінді ұстатамын. Оны сипап байқап, көрсетпей атын атайды.
«Кім зейінді?» ойыны
Мақсаты: Белгілі геометриялық пішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру. Көрнекілік: Сіріңке қорабында таратпа геометриялық пішіндер. Барысы: Төмендегі бейнелерді геометриялық пішіндерден алып бейнелер құрастыр. Жылдам, әрі тез орында
Сабақтың қорытындылау.
– Сонымен біз бүгінгі сабақта не өттік?
ІҮ.Үй тапсырмасын беру.
Ү. Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Заттарды толық және жеке қабылдау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Заттар және олардың бөлігі туралы жалпы түсінік беру.
Дамытушылық: Зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту, ұсақ моторикасын дамыта отырып, жан-жақты қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Айналаны бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін жетілдіру.
Баланы бар ынта, зейінін сабаққа қарату, ынталандыру.
- Бүгін қай күн?
- Аптаның қай күні?
- Ауа-райы қандай?
ІІ. Жаңа сабақ.
«Бет орамалға лайық жамауларды табу»
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер. Мазмұны: Арайлымга бет орамалдардың үлгісін беру. Алдындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.
Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру. Көрнекілік: Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер. (15 дана) Барысы: пішіндер суреттері беріледі. Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атауын айтып беруі керек.
«Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр» Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен толтырту. Көрнекілік: таратпа суреттер. Барысы: суреттер беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкес пішіндермен толтырып шығады.
«Қандай пішін жетіспейді?» ойыны
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу. Көрнекілік: Геометриялық пішіндер. (Қораптан алу) Барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Нұрсұлтанның көзін жұм деп, бір пішінді алып қоямын. Қай пішін жетіспейтінін табады.
«Пішіндерді боя» ойыны
Мақсаты: 1.Түстерді тани білуге үйрету. 2.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру. Көрнекілік: Геометриялық пішіндер Барысы: Ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Мен тақтаға боялған пішіндерді ілемін. Арайлымның міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды. Мұндай ойын баланың түсінуін және шапшаңдығын шыңдайды.