Конспект урока по казахскому на тему: ?ткенді ?айталау.У ?рпіні? жазылуы.
Конспект урока по казахскому на тему: ?ткенді ?айталау.У ?рпіні? жазылуы.
Саба?ты? ма?саттары: Білімділік- ?ткен дыбысты ж?не ?рпті ?айталау, У ?рпі ?андай с?здерде кездесетінін, ?ай кезде дауысты, ?ай кезде дауыссыз болатынын пысы?тау, с?здерді? ішінен д?рыс тауып алуды ?йрету.
Дамытушылы?- о?у мен жазу ар?ылы ойлау ?абілеттерін дамыту, о?ушыларды? тіл белсенділігін, с?йлеу, жазу м?дениетін ж?не логикалы? ойлау да?дысын дамыту.
Сабақтың мақсаттары: Білімділік- өткен дыбысты және әрпті қайталау, У әрпі қандай сөздерде кездесетінін, қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын пысықтау, сөздердің ішінен дұрыс тауып алуды үйрету.
Дамытушылық- оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың тіл белсенділігін, сөйлеу, жазу мәдениетін және логикалық ойлау дағдысын дамыту.
Тәрбиелік- сабақта әдепті отыруға, ұйымшылдыққа, шыдамды, қайсарлы болуға, оқу құралдарын күтіп ұстауға, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.Саяхат.
Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап, суреттер.
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі-түсті борлар, сюжетті суреттер, құралдар, Қазақстанның картасы.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.
Мақсатымыз-білім алу
Міңдетіміз-еңбектену
Еңбек етіп жұмыла
"5"-ке қолды жеткізу.
2.Өткен сабақты пысықтау.
-Өткен қазақ тілі сабағында біз қандай әріппен таңыстық? (У)
-Қай кезде У дыбысы дауыссыз болады? (әуе, ауа- сөздің ортасында тұрса)
-Ал қай кезде У дауысты дыбыс болады? (дауыссыздан кейін тұрса: жазу,сусын.ту )
3.Жаңа сабақ.Саяхат.Ойын.
-Балалар, біз бүгін сабағымызда Қазақстанның бірнеше қалаларына саяхат жасаймыз.Саяхатты өзіміздің көршілес қаламыздан бастаймыз, ол-Көкшетау қаласы.Бұл қалаға жету үшін мынадай тапсырманы орындауымыз керек.
А- "Шапалақ" ойыны. Сөздер айтылады, солардың ішінде У дыбысы естілсе бір рет қол соғамыз.Мысалы, қол, ту, есеп, тау.
-Сонымен біз Көкшетау қаласына келдік.(әр қаланы картаға жапсыру)
-Біз Бурабай туристік жеріне жетуіміз керек.Ол үшін тапсырма: У дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба аңықтау.Дауысты болса қызыл,ал дауыссыз болса көк карточканы көтереміз.Мысалы, ауа, су, тау, әуе, ту, жазу.
-Сонымен біз Бурабайға да жеттік.
Б- "Орамал тастау".Бір-біріне орамал тастап, У дыбысы бар сөздерді айту.
-Ал енді біз Рудный қаласына жеттік.
В- "Сандықтарға дұрыс сал".Бір-бірден шығып әр сандыққа сөздерді салады.Мысалы, уақыт, ушықты, Республика, оқушы, суретші, ту, шашу, тау, оқу.
-Сонымен біз мұнай астанасы-Атырау қаласына келдік.
Сергіту сәті
Жаңбыр, жаңбыр себелеп,
Тырс-тырс етіп төбеме
Күркіре күн тарсылда
Найзағайым жарқылда.
Көк шалғынды аралап
Тәтті жидек теремін,
Жуып берсең жидекті
Өлең айтып беремін.
Г- Келесі жететін қаламыз Ақтау.
Тақтада үш сурет "аққу", "сиыр", "бұрщақ".
-Осы сөздердің бірінші және екінші сөздің екі әріпін, ал үщінші сөздің бірінші үш әріпін алсақ бір жаңа сөз шығады. (Қуыршақ)
4.Дәптермен жұмыс.
Сөздік диктант.Тақтаға бір-бірден шығып сөздерді жазады.Мысалы, ту, ауа, тау, әуе, шашу.Ту сөзімен сөйлем құрау.(бір бала тақтада жазады, қалғандары дәптерде).
Біздің Қазақстанның туы көк.Менің елімде таулар бар.Менің Отаным-Қазақстан Республикасы.