kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока К?лме?іздер к?ріге.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок соответсвует стандарту ГОСО начальные классы. урок проходил во втором казахском классе. где учащиеся активно принимали участие, в процессе всего урока были заинтрисованы, активны, энергичны. урок проходил в тардиционной форме. а дети бурно обсуждали сюжет рассказа, приводили примеры из жизни.в  конце урока для себя каждый ученик извлек положительные эмоции.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока К?лме?іздер к?ріге.»

Сынып:   2 «а»                                                       Пәні: Әдебиеттік оқу

 

Сабақтың тақырыбы: Күлмеңіздер кәріге. М. Дулатов  Жұлдыздар Удмурт халық ертегісі

 

Жалпы мақсаттар: Оқушылар өзгеге жасаған  жақсылықтың ерте ме, кеш пе ,алдыңнан шығатынын ұғынады

 

Әдіс – тәсілдер:  жеке, жұппен, топпен

 

Қолданылатын модульдер: АКТ,СТО, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, талантты және дарынды балаларлы оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау (белгілеп астын сызып қою)

 

Оқыту нәтижесі: -оқушылар қазақтың классик ақыны М.Дулатов өмірімен толығырақ танысып, мәтіндегі негізгі идеяны ұғынады.

-әртүрлі ойдамыту стратегиялар арқылы шығармашылық ойлануына өзіндік жұмыс жасап ізденеді

 

Дерек көздер :Оқулық, қосымша мәліметтер, интерактивті тақта,ұялы телефон,кестелер.

 

Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі:

 

Психологиядық дайындық: «Көңілді күн» бейнеролик              Би қимылдарын жасайды

 

Топтарға бөлу. Жұлдызшалар арқылы түстеріне қарай топтарға бөлінеді

 

Үй жұмысын тексеру Хрестоматиядан «Жаман жолдас» әңгімесін оқып, мазмұны бойынша салған суреттерінен (диафильм)көрме ұйымдастыру                         

Салып келген суреттерін (диафильм) тақтаға іледі.

 

Қызығушылығын ояту1. «Кәрілік» сөзіне ой шақыру (кластер құру) жұппен жұмыс

 

Мағынаны  тану-Балалар біз бүгін сендермен Міржақып Дулатовтың «Күлмеңіздер кәріге» әңгімесімен танысамыз.

Міржақып Дулатұлы (1885-1935)-қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы. Қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты «Қызбел» ауылында туып өскен. Әкесі шебер адам, ер-тұрман жасап, етік, мәсі іккен. Ал анасы-Дәмеш әнші болған кісі. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан хат таниды. Міржақып анасынан екі жасында, ал әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді.

Алыстан Алаш десе аттанамын,

Қазақты қазақ десе мақтанамын.

Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ-

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!-деп жырлаған ақын.

Диктофоннан «Күлмеңіздер кәріге» мәтінін тыңдату.

Сөздікпен жұмыс

Келемеж қылу-мазақ ету

Сұрақтар қою:

-Балалар кімге күлді?

-Әкесі не деп ескертті?

-Әкесінің қандай сөзі балаларға әсер етті?

-Өмірде осында балалар бар ма, болса оларға не дер едің?

 

1.Жұмбақ шешу:

2.Ертегі дегеніміз не?

-Онда біз бүгін сендермен «Жұлдыздар» удмурт халық ертегісімен танысамыз. «Адасқан бөлімдер» Мәтінді 4-бөлікке бөліп, өз орындарына қою

 

Жұлдыздар

(Удмурт халық ертегісі)

1.Ертеде бір кішкентай қыз сегіз жасында әке-шешесінен бірдей айырылып, тұл жетім қалыпты. Көнетоз көйлегі мен бір жапырақ орамалынан басқа киімі, ішерге асы жоқ екен. Қыз ел кезіп, қайыр сұрауға мәжбүр болыпты.

           

 

2.Бір қайырымды жан оған қатқан нан ұсыныпты. Қыз қақпадан шыға бергенде, бір қария жолығып:

-Қызым, қарным қатты ашып тұр. Наныңнан берші,- дейді.

Қыз нанын түгел ұсынып:

 

3.-Алыңыз ата! Ас болсын!-депті де кете барыпты.

Қараңғы түсіп, ымырт үйірілген кезде алдынан бір жас жігіт шығыпты.

-Басым тоңып барады, орайтын бірдеңе берші,-депті. Қыз басындағы орамалын ұсыныпты.

 

4.Ол ары қарай жүре бергенде, жан-жағына жұлдыздар шашырап, күміс теңгелерге айнала бастапты.

            «Өзгеге жасаған жақсылығың ерте ме, кеш пе, алдыңнан шығады» деген сөз рас екен.

 

Мәтінді толығымен айтып беру

Сөздікпен жұмыс:

Тұл жетім-ата-анасы, ешкімі жоқ

Ымырт үйірілу-кеш бату

Сергіту сәті: Тыныштық сәті

Жайлап, жақсылап отырыңыздар. Арқаларыңызды түзу ұстаңыздар. Аяқ, қолдарыңызды айқастырмай, тізеге немесе үстел үстіне қоюға болады.  Денеңізді бос ұстап, көзіңізді жұмыңыз.

     Ал енді барлығымыз түнгі жұлдызды аспан әлемін көз алдымызға елестетеміз. Жұлдыздар сан алуан ұсақ-үлкен, жарық-көмескі. Біреулеріңізге бір немесе көп жұлдыздар, енді біреулеріңізге сансыз көп жарық нүктелер елестейді.

Осы жұлдыздар арасынан өзіңізге ең әдемі жарық жұлдызды таңдап алыңыз. Таңдаған жұлдызыңызға тағы да бір қараңызшы, неткен ғажап, неткен керемет! Енді сол таңдаған жұлдызыңызға қол жеткізіп, алуға тырысыңыз және алуға тиістісіз. Оны аспан әлемінен қолдарыңызға алып, алдыңызға абайлап қойыңыз, ол сізге қандай нұрлы шуақ шашып тұр десеңізші. 

      Осы нұрлы шуақты  барлық туған- туысқандарыңызға, ұстаздарыңыз бен достарыңызға, таныстырыңызға бағыттаңыз. Жұлдызды нұрды  уақытша ренжісіп қалған таныстырыңызға да бағыттаңыз. Нұр  мен жылу олардың жүрегін толтырсын.  Осы нұр барлық жер бетіне тарасын, ол жан- жануарлар, өсімдіктерге де жетіп, оларды оларды өз  жылуымен баурасын. «Ойша,  Мен.. ЖҰЛДЫЗДЫ НҰРМЫН, ЖҰЛДЫЗДЫ  НҰР МЕНІҢ ІШІМДЕ. Осындай нұрлы, сүйіспеншілік, тыныштық  жағдайда сәл болыңыз».

       Енді  нұрлы жұлдызды  қайтадан өз жүрегіңізге салып қойыңыз. Нұрланған барша әлем  сіздің жүрегіңізде. Жүрегіңізді осы тамаша жағдайда сақтаңыз. Біртіндеп көздеріңізді ашып, бір-бірлеріңізге күлімдеңіздер. Рахмет.

 

«Өз жұлдызыңды тап!"

Магниттік тақтаға өз жұлдыздарының суретін салу

 

Ой –толғаныс: Білгішбектің сұрақтары:

-Қыз баланың қайырымдылығы туралы оқығанда қандай сезімде болдың?

-Ертегінің қорытынды сөзін мәтіннен тауып оқы

-Ертегі мазмұнына ұқсас қандай әңгіме айтар едің?

Топпен жұмыс:

Ертегі мазмұнының орналасу ретін қой:

Жігітке көмек

Қарияға қайырымдылық

Жетім қыз

Жақсылыққа жақсылық

 

Дәптермен  жұмыс:Венн диаграммасы

Күлмеңіздер кәріге              Жұлдыздар

Бала, қария                               Қыз

Кәрі                                          Жас

Күледі                                     Көмек береді

Баршылық                              Жоқшылық

Әке                                           Қайырымды жан

Мазағын қояды                     Молшылыққа кенеледі

Сұрақтарға ауызша диалог түрінде жауап алу

-М. Дулатов кім?

-Әңгіме мен ертегі ұнады ма?

-Сабақтан қандай үлгі-өнеге алдыңдар?

Бағалау Жұлдызшалар арқылы бағалау. «Кімде көп жұлдызша?»

Кері байланыс(рефлексия) Оқушыларға стикерлер таратылып, бүгінгі сабаққа рефлексия жазбаша түрде жасалады

 

Үй тапсырмасы Ертегіні, мәтінді оқып, «Орны ауысқан мақалдарды толықтырып жаз.

Күлме досыңа,                        Кішіге ізет.

Үлкенге құрмет,                    Келер басыңа.

 

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

 

Үлгі аламыз жақсыдан.

Сабақ аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Конспект урока К?лме?іздер к?ріге.

Автор: Габдуллина Гульжан Хасеновна

Дата: 05.04.2016

Номер свидетельства: 315118


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства