kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока казахского языка "Жай с?йлем ж?не ??рмалас с?йлем"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

  1. Жай с?йлем ж?не ??рмалас с?йлем туралы т?сінік беру, жай с?йлеммен салыстыра отырып, ??рмалас с?йлемні? ?зіндік ерекшеліктерін таныту.
  2.  Жай с?йлем мен ??рмалас с?йлем туралы берілген ??ымды жатты?у ж?мыстары ар?ылы ке?ейту, о?ушыларды ??рмалас с?йлем ??рамында?ы жай с?йлемдерді? арасында тиісті дауыс кідіріс жасап, д?рыс о?у?а ж?не тыныс белгілерін ?оя білуге ?йрету.?з бетімен ж?мыстану?а, ізденуге ?мтылдыру.
  3. О?ушыларды е?бекке, досты??а,адалды??а баулу
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока казахского языка "Жай с?йлем ж?не ??рмалас с?йлем" »

Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем және құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:

  1. Жай сөйлем және құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, жай сөйлеммен салыстыра отырып, құрмалас сөйлемнің өзіндік ерекшеліктерін таныту.

  2. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы берілген ұғымды жаттығу жұмыстары арқылы кеңейту, оқушыларды құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің арасында тиісті дауыс кідіріс жасап, дұрыс оқуға және тыныс белгілерін қоя білуге үйрету.Өз бетімен жұмыстануға , ізденуге ұмтылдыру.

  3. Оқушыларды еңбекке, достыққа ,адалдыққа баулу

Сабақтың түрі: аралас сабақ, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, ойын, талдау, дәлелдеу

Сабақтың көрнекілігі: сурет, тест сұрақтары, ребус, деңгейлік тапсырмалар, Венн көрсетуі, жұмбақ,оқулық, сызба, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа керекті құрал-жабдықтарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аудару.

а) Психологиялық дайындық.

Африка елінің Юмба-Чумба тайпасы қоршауда қалады.Сол қоршаудан аман шығу үшін, мына қылықтарын қайталау керек. (оқушылар жұп-жұппен мұрындарын түйістіреді, сосын арқаларымен түйістіреді).

  1. Өткенді қайталау. бекіту мақсатында 3 топқа тапсырмалар беріледі.

1 топ - Тыныс белгілерін қою.

2 топ - Сурет бойынша, 1 хабарлы, 1 сұраулы, 1 лепті сөйлем құрау.

3 топ - Тест сұрақтарына жауап беру.

  • Сонымен хабарлы сөйлем дегеніміз не?

  • Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

  • Лепті сөйлем дегеніміз не?

  1. Қызығушылықты ояту

Ребус шешу. (аққала)


  1. Жаңа сабақ

а) - Балалар осы аққала туралы сөйлем құраңдаршы.

Балалар қардан аққала жасады.

-Бұл сөйлем қандай ойды білдіріп тұр?

-Бұл сөйлем тиянақты ойды білдіріп тұр.

-Онда осы сөйлемнен мынадай ереже туындайды.

-Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлем жай сөйлем деп аталады.

Әрбір жай сөйлемде бастауыш пен баяндауыш болады.


ә)- Аққала қандай болып шықты?

Аққала тамаша болып шықты.

- Осы 2 жай сөйлемді бір сөйлем қылып жазуға бола ма?

- Балалар қардан аққала жасап еді, аққала тамаша болып шықты.

- Бұл сөйлемде неше жай сөйлем бар?

- Онда осы сөйлемнен мынадай ереже туындайды.

- Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады.


5. Олай болса, қане «Сөйлемді аяқта» ойынын ойнайық

1. Мен далаға .........(шықтым).

2. Қалың қарды ......(күредім).

3. Төңіректі қараңғылық .....(басты).

4. Аспанда жұлдыздар .......... (жымыңдай бастады).

5. Күн .........(жылынды).

6. Қар ......(еріді).

- Осы жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырыңдаршы.

6. Оқулықпен жұмыс

Оқулықтарынан 2-жаттығуды қараңдар.

Берілген жұмбақтардың екінші жай сөйлемін тауып жазу.

  1. Дыбыс естісе қашады,

Қырқаны бір-ақ асады. /қоян/

  1. Гүрілдеп жүреді,

Жердің бетін сүреді./бульдозер/

  1. Көрінбейді өзі,

Естіледі сөзі. /жаңғырық/

  1. Қыста шыны боп қатады,

Жылыда су боп жатады. /мұз/

-Бұл сөйлемдер қандай сөйлемге жатады?


Сергіту сәті

7. Грамматикалық жұмыс

4 жаттығуды тақтаға орындап, жазу.


8. Деңгейлік тапсырма.


  1. Сөйлем мүшесіне талдау.


Ердің атын еңбек шығарар.

Достықтың төлеуі – достық.


  1. Достық сөзіне фонетикалық талдау жаса.


3. Берілген сызба бойынша сөйлем құрау.

.

, .


9. Сабақты қорыту. Венн көрсетуі:


Жай сөйлем ортақ Құрмалас сөйлем

Бір ғана тиянақты ойды білдіреді.

Бастауышы, баяндауышы бар сөйлем.



Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралады.

2 бастауыш, 2 баяндауыш болады.

Екеуі де сөйлем







10. Үйге тапсырма. 5 жаттығу, ереже жаттау

11. Бағалау






«Алтынсарин негізгі мектебі» М .М.













Ашық сабақ: қзақ тілі 3 сынып.

Есептік және реттіе сан есім.


Орындаған: Мурзабекова Б.Б.
















2011-2012жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Конспект урока казахского языка "Жай с?йлем ж?не ??рмалас с?йлем"

Автор: Мурзабекова Бахыткуль Бушмановна

Дата: 10.04.2015

Номер свидетельства: 199780


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1580 руб.
2640 руб.
1520 руб.
2530 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства