kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Конспект урока казахского языка,тема "О?у ??ралдары".."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л саба? о?ушыларды? жас ерекшелігіне сай ??рылы?ан.Тапсырмалары да о?ушылар?а же?іл. К?рнекіліктері суреттері толы?.Ойын элементтері пайдаланыл?ан.Сол  ойын ар?ылы о?ушылар ?ызы?ып саба??а белсенді ?атысты.Оза о?ыту ?дісі пайдаланылды.С?ра? -жауап,кім шапша??Не арты??Сы?арын тап ойыны болды.Саба? ма?сатына жетті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Конспект урока казахского языка,тема "О?у ??ралдары".."»

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру, оқушылардың білімдерін жүйілеу.

2) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту арқылы қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру тілдерін дамыту, сауатты жазуды дамыту.

3) Тәрбиелік: Оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын, ынтасын, оқу құралдарын күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, плакат, кестелер

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезені:

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Психологиялық дайындық

Сыныбымыз тап-таза

Бор да дайын тақтада,

Ойымызды жинақтап,

Отырайың партаға.



Тіл дамыту сұрақтары:



  1. Қазір қандай сабақ?

  2. Нешінші сыныпта оқисындар?

  3. Қазақ тілі нешінші сабақ?

II Үй тапсырмасын тексеру:

Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру

  • Мынау не?

  • Мынау сынып

  • Сыныпта нелер бар?

  • Сыныпта парта , орындық, тақта

  • Неше тақта?

  • Неше есік?

Жақсы, балалар!

Жаңа сабақ:

Сурет бойынша оқу құралдарымен таныстырылады.

Сөздік жұмысы орындалады (дауыстап,оқып қайталаймыз)

  1. Хормен қайталайды

  2. Жеке-жеке қайталайды. (плакат)



Мәтінмен жұмыс:

  1. Мәтінді мұғалім оқиды.

  2. Оқушылар оқиды (аударады).

  3. Мәтін бойынша сұрақтар қойылады.

  • Мынау не?

  • Қалам қандай?

  • Мен немен жазамын?



Сергіту сәті: Қоян, қоян, қоян

Ұйқыдан оян

Айнаға қара

Шашыңды тара

Мектепке баршы

Орныңа отыршы

Сабақ оқышы





Сіздердің парталарыңызда оқу құралдары. Ал, мен құралдарды атағанда, сендер қолдарыңызға алып көрсетіңдер.Қалам, кітап, қарындаш, күнделік.

Жақсы , балалар, жарайсыңдар!





Кесте бойынша “Кім не алды?” деген сұрақтарға жауап беріп , сөйлем құру




Кітап

Дәптер

Қалам

Сызғыш

Қарындаш

Сөмке

Өшіргіш

Әлібек

+


+





Наташа


+


+



+

Дина





+

+






  1. Әлібек кітап, қалам алды.

  2. Наташа дәптер, сызғыш, өшіргіш алды.

  3. Дина қарындаш, сөмке алды.

Оқулықпен жұмыс:

4 тапсырма: Сұраққа жауап бер. Нелер?

Қайшы-лар, кітап-тар, қалам-дар, дәптер-лер, қарындаш-тар, желім-дер, сызғыш-тар



Мына сөздерде түсіп қалған әріпті табыңдар.

Сызғыш, дәптер, күнделік, желім, қайшы.



Дәптермен жұмыс:

Осы сөздерді дәптерге жазып алайың,

Мұғалім тақтаға жазып қояды

Оқушылар дәптерлеріне көшіреді.

Бүгінгі сабаққа оқушыларымыз осы оқу құралдары туралы тақпақ әзірлеп келді. Ал осы оқушыларды тыңдайық.

1 оқушы Кітап, дәптер, қаламым,

Сөмкеме оны саламын.

Күтетін оқу құралын,

Мен әдепті баламын.



2 оқушы Дайын қағаз, қаламым,

Бояу таңдап, аламын.

Ақ көгершін, көк аспан,

Суретін мен саламын.



3 оқушы Қалам алып қолыма,

Жазам дәптер жолына.

Қызыл, қара, көк қалам,

Менде осындай көп қалам.



Оқушылар мәнерлеп хормен оқиды, түсінгендерін айтады. Балалар біз оқу құралдарымызды қалай ұстаймыз.

Иә, ұқыпты, таза ұстаймыз.

Бекіту: Ал енді суретке қарап сұрақтарға жауап берейік.

Қызыл сөмкеде не бар? Көк сөмкеде не бар?



Қызыл сөмке I қатар Көк сөмке II қатар

қалам, қайшы,өшіргіш, сызғыш, желім,

кітап(2), түрлі түсті қарындаштар дәптер(3), кітап



Үй тапсырмасы: 113 бет, 5 тарау

Бағалау: Сабаққа жақсы отырған оқушыларды мадақтау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Конспект урока казахского языка,тема "О?у ??ралдары".."

Автор: Ержанова Галия Серік?алиевна

Дата: 04.01.2016

Номер свидетельства: 272035


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства