Конспект урока д?ниетану "?зендер мен к?лдер" 4 сынып
Конспект урока д?ниетану "?зендер мен к?лдер" 4 сынып
Саба?ты? та?ырыбы: ?зендер мен к?лдер. Суды ?ор?ау
Ма?саты:?аза?станны? к?лдері мен ?зендері жайлы м?лімет беру,О?ушыларды? ?зен мен к?лдер туралы д?ниетанымын, танымды? ?абілетін ?алыптастыру;Адамгершілікке, таби?атты ?ор?ау?а, ластамау?а т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока д?ниетану "?зендер мен к?лдер" 4 сынып»
Тақырыбы: Өзендер мен көлдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның өзендері мен көлдері жайында бастапқы түсінік қалыптастыру. Дамытушылық : Оқушылардың өзен мен көл туралы дүниетанымын, танымдық қабілетін, өзен мен көлдерді пайдалану және сақтау жайында пікір, сенім қалыптастыру. Тәрбиелік : Оқушыларды адамгершілікке, табиғатты қорғауға, өзен мен көл суларын ластамауға,қорғау туралы экологиялық тәрбие беру.
Балалар, біздің асыраушымыз да, панамыз да Табиғат – анамыз. Олай болса сабақты Табиғат – анаға тілек айтудан бастайықшы.
Балалар кезекпен тілек айтып шығады:
Табиғат – анамыз таза болсын
Табиғат – анамыз көркем де сұлу болсын
Табиғатымыз ұзақ жасасын
Құстар аспанда қалықтасын
Жайқалсын жасыл әлем
Табиғаттың таза суы сақталсын
Адамдар әрдайым таза ауа жұтсын
Жасыл орман гүлдене берсін
Табиғат-денсаулық мекені
Табиғат нәр алатын мекеніміз
Табиғатты аяла
Табиғат тазалығы сақталсын
Табиғат қуанышқа бөлесін
Табиғат шаттыққа кенелтсін
Табиғаттың байлығы сақталсын
Ауамыз таза, суымыз мол болсын
Табиғатпен біргеміз
Әр адам табиғаттың тазалығын ойласын
Табиғат біздің анамыз,
Біз табиғатқа панамыз.
Жақсы , балалар енді осы жерде тұрып топқа бөлінеміз: Менің қолымдағы қима қағаздарды таңдап аласыңдар.Қағазға өзен, көлдердің атауларын жазамын. 2 топқа бөліну. – 3 минут
1 топ- Өзендер, 2- топ – Көлдер.
-Неге мен осы сөздерді таңдап алдым?
Өйткені біз бүгінгі сабақта өзендер мен көлдер туралы айтамыз.
Топ ережелерін ойда сақтау. Топ басшысын сайлау, бағалау парағын тарату. Топ басшысы бағалайды.
Үй тапсырмасын тексеру:
- Балалар, өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Жер асты сулары туралы не білгендеріңді мына тест арқылы тексерейік.
Тест тапсырмасын орындау. 5 минут
1.Жер асты суларының негізгі көзі: а) Мұхит, теңіз сулары ә) Жауын-шашын, қар суы б) Минералды сулар 2. Судың қасиеті: а) еріткіштігі ә) тұщылығы б) қатуы 3. Жаңа қасиетке ие болған жер астынан шығатын су - ... . а) Шипалы сулар ә) Мұхит суы б) Минералды сулар 4. Шипалы суды «__________» деп те атайды. а) арасан ә) минералды б) жер асты суы 5. Салмағы 70 кг адамның денесіндегі су мөлшері а) 45л ә) 50л б) 30л
Өзін- өзі бағалау. Слайдта жауаптары шығады.Тексеру.
-Жерасты сулары қалай пайда болады? ІІІ. Жаңа сабақ:
-Біздің мақсатымыз өзен бөліктерімен, көлдердің түрлерімен танысу. Қазақстанның өзен, көлдері туралы түсініктерімізді кеңейтеміз. Өзен, көлдер жайында танымымызды арттырамыз. Жаңа сабақты түсіндіру - «Джигсо» әдісі.
Сіздерге мәтіннің бөліктері таратылады. Мәтін бөлігін оқып өз топтарыңызда талқылаңыздар. Талқылауға аз ғана уақыт беріледі.
1 топ – Өзендер туралы оқып, түсінеді. Қосымша материал беремін.
Өзен дегеніміз - өзі салған арнамен ағатын су ағыны. Өзеннің ағып шығатын жері оның бастауы деп аталады. Өзендердің негізгі бөліктері: жылға, бастау, сала, саға; олар екіге бөлінеді. Жазық жердегі өзендер, Таулы жердегі өзендер. Тау өзендері тік жартасты терең болып келеді. Жазық жерлермен ағатын өзендердің ағысы баяу, жазық жерлердің өзендері терең емес және олардың ені бірнеше километр болады. Қазақстанда 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар.
Ертіс, Іле, Орал, Еділ өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. Сырдария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана жүзе алады. Бұл өзендерде балықтардың құнды тұқымдары тіршілік етеді. Тұщы судың бір көзі өзен. Ертіс өзенінің бойында Өскемен, Семей, Павлодар қалалары орналасқан. Өзендерде стансалар салынып, су күшінен электр қуаты өндіріледі. Өзен басқа бір өзенге,көлге,теңізге,мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан,еріген қар мен мұздықтардан,қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Бірақ төмен қарай ағып келе жатқанда оған өзгеде жылғалар,өзен-бұлақтар мен су көздері қосылады.
Сұрақтар таратамын:
Өзен деген не?
Қазақстанда қандай өзендер бар? Атап айтып, дәптерге жазыңдар.
Өзен бөліктерін атаңдар.
2 топ – Көлдер туралы оқып, түсінеді. Қосымша материал беремін. 10 минут
Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Көлдер жазықтарда да, тауда да кездеседі. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрл і болады. Үлкен көлдер теңіз деп аталады. Өзендер сияқты көлдер де жаңбыр суынан қорекетенеді. Көл суы буланады және өзенге бастау болады. Көл суы ағынды және ағынсыз болады. Ағынсыз көлдің суы тұзды болып келеді. Ағынды көлден өзен ағып шағады. Көлге тұз жинақталады, ол өзен суымен бірге ағып кетеді. Сондықтан ағынды көлдің суы тұщы болады. Көлдің шаруашылықта пайдасы зор. Дүние жүзінде ең терең және ең таза көл-Байкал. Тереңдігі -1637 м.
Арал теңізі бұрын аумағы жөнінде дүние жүзі көлдердің арасында 3-ші орын алатын. Бұл күнде оның суы азайып кетті.
Аралдан кейінгі ірі көл –Балқаш. Зайсан көлі- төртінші орын алатын көл.
Балқаш көлінің су бір жартысы тұщы, бір жартысы тұзды болып келеді. Көлдердің ең үлкені –Каспий ауданы 371000 шаршы км
Сұрақтар таратамын:
Көл дегеніміз не?
Қазақстанда қандай көлдер бар? Дәптерге теріп жазыңдар.
Көл суларының түрлерін атаңдар.
Стикер жапсырған бала келесі топқа түсіндіреді. 10 минут
Әр топтан 1 оқушы шығып, мазмұндайды.
Физикалық картамен жұмыс Қазақстанда кездесетін үлкен өзендер мен көлдерді көрсету
Жақсы, тақырыпты толық түсіндік пе?
Сергіту сәті Ойын «Кім жылдам?»
- Балалар, біздің ауылдың маңында да көл бар. Ол Зайсан көлі. Көл туралы не білеміз?
Зайсан көлі туралы Жангүлім айтып береді.
Ендеше, мына видеоға назар аударайық.
Қиын Керіш жайлы айтып беремін.
Топпен жұмыс: Кластер құру
І топ: Зайсан көлінің балықтары ІІ топ: Зайсан көлінің құстары
Ү. Қорытынды. Бағалау. Топ басшыларының бағалауы. Смайликтер санау.
Рефлексия «Екі жұлдыз- бір тілек» Оқушылар сабақтан қандай әсер алғандары туралы ағашқа оқып жапсырады.
ҮІ. Үй тапсырмасы: «Өзен және көл» тақырыбын мазмұндау.
«Әуезов атындағы орта мектебі» КММ
( ашық сабақ жоспары)
Ахметкалиева Г.Е.
2015-2016 оқу жылы
Проблемалық жағдай туғызу 20 - ғасырдың соңында жер тұрғындарының саны 6 милиардтан асты. Халық санының өсуіне орай жұмсалатын судың мөлшері де үнемі артып отырады. Әр адам тәулігіне тамаққа және ішуге 2 - 3 литр су жұмсады. Ал ауыз су тапшылығы - әлемдік проблема. Соңғы зерттеулер бойынша адам организмінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Күніне әр адам 5 литр су ішуі керек екен. Краннан 1 стакан су алу. - Суды ішуге бола ма? - Жоқ. - Неге ішуге болмайды? - Дәлелдеу керек. (Оқушылардың жауабы)
(Проблемалық жағдай туғызу) - Неге деп ойлайсыңдар? Оқушылардың ой - пікірлерін тыңдау. Мұғалімнің әңгімесі. Судың жетіспейтініне екі себебі бар: 1) 100 литр су қорының 98 литрі теңіз суы, 2 литрі ғана тұщы судың үлесіне тиеді. 2) Адам суды табиғаттан таза күйінде алады да, ластанған күйінде қайтарады. Су қоймаларын қорғау туралы Заң қабылданған: Заң бойынша барлық сарқынды су өзендер мен көлдерге ағызылар алдында міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы керек.
ХІ. Экологиялық ахуал. Арал теңізі бұл күндері шөкімдей болып суалып, сортаңға айналып жатыр. Судың негізгі тіршілік көзі екенін ұққан ата - бабаларымыз суға үлкен мән берген. Сондықтан судың тазалығын сақтап, үнемдеп жұмсауымыз керек.
Проблемалық тақырып. - Егер сен табиғатты қорғау министрі болсаң не істер едің?
Сергіту сәті
Топтық жұмыс:«Таза су» акциясын өткізу. І топ. Суды үнемдеу ережелерін жазу. ІІ топ. Суды қорғау ережелерін жазу ІІІ топ. Ластанған судың зиянын жазу.
ІҮ топ. Су туралы мақал-мәтел жазу.
Поэзиялық сәт. Біздің ақын - жазушыларымыз табиғаттың әсемдік, сұлулық, көркемдік байлығын өздерінің әңгімелерінде, өлеңдерінде жырлаған. Бүгінгі тақырыбымызға тікелей байланысты Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңін ұсынамын. Таулардан өзен ағар сарқыраған, Айнадай сәуле беріп жарқыраған. Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта, Аралап, тау мен тасты арқыраған. Көңілің суын ішсең ашылады, Денеңде бар дертіңді қашырады. Өксіген, оттай жанып жануарлар, Өзеннен рақат тауып басылады. Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды, Тасыса су бармаған сай қалмайды. Тасыған өзен судың қуатымен Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды. Ел қыстап күн көреді жанабында, Дәм болар алуан - алуан балығында.. Тас таста, алтын таста сынамаққа, Сонда да аққан өзен қалыбында.