Просмотр содержимого документа
«Конспект урока "Бугва и звук Х" »
ШҚО., Көкпекті ауданы,
«Көкжайық орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі Жакашбаева Айнаш Аскергазиновна
Сынып Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Х әрпі және дыбысы.
Сабақтың мақсаты : 1.Оқушыларды жаңа әріппен таныстыру, буын , дыбыс арқылы талдау жасау ;
2. Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын өзінің жаупкершілігін сезіне білуіне және өз бетімен жұмыс істеуге жұмылдыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3. Сауаттылыққа тәрбиелеу, мәтінді сын тұрғысынан меңгерту.
Көрнекті құралдар : Интербелсенді тақта, музыка.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі : Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық: Қазір кімнің көңіл- күйі өте тамаша қолдарыңды көтеріңдер! Кімнің досы сыныпта отыр , қолын шапалақ- сын! Кім өз- өзіне сенімді, қол көтерсін ! Бүгін біздер сабақта не істейтінімізді білетіндер, қолын шапалақтасын!
Бүгінгі сабағымыз ҚР Тұңғыш Президент күніне арналады( слайд )
ІІ. Өткенді қайталау.
1. Дыбыстар қандай екі үлкен топқа бөлінеді? ( дауысты, дауыссыз)
Өткен дауысты, дауыссыз дыбыстарын қайталау.
2. Үй тапсырмасын қайталау. «Жарыс» мәтінін мазмұндау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Жұмбақ шешу.
Аяғы жоқ, ауызы жоқ,
Ашсаң, өзі сөйлейді. ( ХАТ )
Ендеше бүгін біз «Х» әрпімен танысамыз.
2.«Х» қандай дыбыс ? Неліктен ол дауыссыз?
Әріптің баспа және жазба түрлерімен таныстырып кету.