а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеме жайлы
қысқаша мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу
қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Шығарманың бейнелеу өнерінің қай түріне жататындығын дұрыс анықтау үшін, осы шығармадағы басты әсерлегіш құрал не екендігін анықтап алу қажет. Оқушыларға бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеме жайлы түсіндіремін.
Кескіндеме.
Кескіндеме – бұл бейнелеу өнерінің түрі. Кескіндеме туындылары бояулармен салынды. Мұндағы басты әсерлегіш құрал түс болып табылады. Кескіндеменің тағы бір атауы – сұңғат.
Суретші-сұңғатшы жұмысында қолданылатын бояулар. Сұңғат шығармалары әр алуан бояулармен орындалады. Сұңғатшы көбінесе акварель, майлы бояу, гуашь және акрил бояуларымен жұмыс істейді.
Суретші акварельмен суре салған кезде оның шығармалары мөлдір, кең тынысты болып шығады.
Гуашь та акварель тәрізді сумен ерітіледі. Гуашьтың акварельден айырмашылығы, ол қою түсті бояу. Гуашьпен орындалған жұмыстардың бояуы қалың әрі масатыдай құлпырған әсер береді. Гуашь және акварель бояуымен жұмыс істегенді өздерің сияқты кішкентай суретшілер жақсы көреді.
Суретшілер картиналарды көбінесе майлы бояумен салады. Майлы бояудың гуашь пен акварельден бір айырмашылығы сумен емес арнайы еріткіштермен ерітіледі. Майлы бояуды кенепке жаққан кезде тығыз әрі қалың дақ қалдырады.
Суретшілердің туындыларынан бұл дақтардың ізін байқап, адамдарды, табиғатты бейнелеген кезде дақтарды қалай түсіргенін көре аласың.
Майлы бояулар XV ғасырда нидерландық ағайынды суретшілер Ван Эйктер жетілдіре бастаған кезден кеңінен тарай бастады. Олар құрғақ түрлі түсті ұнтақтарды әр түрлі өсімдік майларымен араластыра отырып, ең дұрысы ұнтақтарды жаңғақ немесе зығыр майымен араластыру деп тапты. Сонда бояулар берік болады және кепкен соң үгітіліп, түсіп қалмайды.
Ал пастель, құрғақ түрлі түсті борлар сол осал құрал түрінде қалды. Олармен салынған жұмыстардың түстері әдемі болады. Пастелььді көбелектің қанатымен салыстырады. Онымен орындалған жұмыстар өте нәзік келеді, сондықтан да оларға аса ұқыпты болу қажет.
Сонымен қатар майлы пастель пайда болды. Оның түсі айшықты және онымен жұмыс істеу жеңіл. Ол құрғақ пастель тәрізді үгітілмейді. Сондықтан да балалар өз суреттерін осы пастельмен салғанды ұнатады.
Ал ең алғашқы берік бояу – ол жұмыртқа темперасы. Мұнда бояу ұнтағы жұмыртқаның сары уызымен араластыр ыл ады.
Темпера бояулары сумен ерітіледі. Кепкеннен кейін олар өте берік болады. Ол акварель мен гуашь бояулары сияқты сумен шайылмайды. Темпера майлы бояудан да берік. Бұл бояу қанша уақыт өтсе де өңін бермейді, не жиырылып, жарылмайды.
Д. Әлжанов. Жаңа Арқа тынысы А. Ғалымбаева. Егіздер
А. Ғалымбаева. Күлжан
Үйге тапсырма беру: Жарық пен көлеңке реңдерін ажырата отырып кескіндемелік сурет сал.