Аяғы жоқ, қолы жоқ, Судан басқа жаны жоқ. Денеге тисе жабысар, Қанын сорып таусар. (Сүлік)
-Сүлік жануарлардың қай тобына жатады?
Иір-иір үйі бар,
Ііші қапас,әрі тар,
Құлақ тоссаң
Ызыңдаған үні бар. (Ұлу)
-Ұлу жануарлардың қай тобына жатады?
Бір мақұлық мойны жуан,тірсегі ұзын,
Тікпесе де өзі етік,сақтар бізін,
Тағы да ыңғайлы қайшысы бар,
Іс тігіп, көргенде емес еш қызығын. (Шаян)
-Сарышаян жануарлардың қай тобына жатады?
Қызығушылықты ояту.
Оқушылар мына топтарға бөлінген:
1топ : "Өрмекші"
2-топ : "Қарақұрт"
3-топ : "Бүйі"
4-топ : "Кене"
Жұмбақ шешу. Тор тоқуға шебер – ақ,
Бірақ киім тікпейді.
Өнері де өнер-ақ,
Бірақ ісі бітпейді. (Өрмекші)
"Топтастыру" стратегиясы
"Өрмекші" дегенде көз алдарыңа не елестейді?
Балалар әрқайсысы жеке,одан кейін жұп-көршісімен бөліседі,одан кейін- топ және барлығы өз білендерін ортаға салады. сыныппен жұмыс- топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді.
Өрмекші : - жәндік
-жақсылық әкеледі
- киелі
- қорқынышты
Мағынаны тану.
а) оқулық бойынша жұмыс.
Оқулық бетіндегі қысқа мәтіндерді беру.
1топ: "Өрмекші"
2-топ: "Қарақұрт"
3-топ : "Бүйі"
4-топ: "Кене"
Әр оқушы жеке өзі оқиды, жұп болып көршісімен бөліседі, топ болып мәтін бойынша түсінгендерін әңгімелейді. Топпен эксперт парағына жауап береді.