1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың қызығушылығын ояту – психологиялық дайындық.
Мұғалім: — Көз не үшін керек?
Оқушы: — Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы: — Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?
Оқушы: — Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?
Оқушы: — Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін.
Мұғалім: — Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың,
көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.
2.Білімді белсенді меңгеруге оқушыларды дайындау кезеңі.
Мақсаты:
Балалар, бүгін біз деңгейлік тапсырмалар орындаймыз.Әр деңгей балдық жүйе бойынша бағаланады.
3.Білімді бекіту кезеңі:
Алдымен сөйлем туралы не білеміз? Есімізге түсірейік
5-балдық жүйемен бағаланады.
І деңгей. Тест тапсырмаларын орындату.
1. Сөйлемдердің қайсысы лепті сөйлем?
а). Апырай, сондағы қорыққаным-ай!
ә). Мектепке әншілер келді.
б). Ертегіні жақсы көресің бе?
2. Дауысты дыбысы жіңішке сөзді тап?
а). Тап
ә). Ақын
б). Әкім
3. Қай сөз дұрыс жазылған?
а). Қойан
ә). Шаян
б). Тайақ
4. Сөйлемдегі сөздердің қайсысы дұрыс байланысып тұр?
а). Айша гүлге
ә). Айша су
б). Айша құйды.
5. Қай сөз дұрыс?
а). Менің лақым.
ә). Сенің лағың.
б). Оның лақы.
І деңгей бойынша ұпай сандарын қою.
ІІ деңгей. Екі тапсырмадан тұрады. «Адасқан сөздер» 222 – жаттығу.Дұрыс құрылмаған сөйлемді түзеп жаздыру. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету.
223 – жаттығу. Сызбалар бойынша сөйлем құрау. (Тақтамен жұмыс)
«Сөз ойла, тез ойла»
________ __________.
________ __________ __________.
________ __________ __________.
ІІ деңгей бойынша ұпай сандарын қою. 3 – ұпай.
ІІІ деңгей. «Кім жылдам?» Ребус шешу. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрау.
«Ойлан тап»
225-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Жақшадағы сөздердің қай сөзбен байланысып тұрғанын дәлелдеу.
ІІІ деңгейді бағалау. 2 –ұпай.
ІҮ деңгей. Шығармашылық тапсырма.
«Ұқыпты оқушы» тақырыбына әңгіме құрау.
4.Үй тапсырмасын хабарлау кезеңі: 226 – жаттығу. Өлеңді жазып, сөйлемдегі сөздердің байланысын табу.