Мына суреттерге назар аударайық 1 слайд. Ежелгі гректер біздің ғаламшарды жауынгер қалқаны сияқты дөңес деп есептеген. Ал оның шетін Мұхит шайып тұрады деп ойлаған. 2 слайд. Ежелгі Қытайда Жерді тегіс тіктөртбұрыш ретінде қабылдаған. Оның үстінде бағандар тіреп тұрған дөңес келген дөңгелек аспан орналасқан деп ойлаған. Аласұрған айдаһар дәл ортада орналасқан бағанды бұзып тастағаннан кейін Жер шығысқа қарай қисайған деп есептеп, осыған байланысты өзендер шығысқа қарай ағады деп ойлаған. 3 слайд. Ежелгі Үндістан халқы Жерді үш піл көтеріп тұрған жартылай сфера ретінде елестеткен. Ал пілдер үлкен тасбақаның үстінде, тасбақа жыланның үстінде орналасқан деп ойлаған, ал жылан шексіз сүтті мұхитта жүзіп келе жатыр деген тұжырым болған. Жылан сақина тәріздес жерді айналып жүреді деп ойлаған. -Қалай ойлайсыңдар жердің пішіні неге ұқсайды? -Неге олай ойлайсыңдар? «Зерттейік!» Тәжірибе жасау. Бізде екі тұжырым бар: тұжырым - Жер тегіс. тұжырым – Жер шар тәрізді. Алдымен ойыншық немесе қағаздан жасалған кемені партаның(тегіс жер) үстімен жүргізіп көремін ( Оқушылардың партаның бойымен қарағаны дұрыс). -Кеме қозғалғанда, оны тұтас көруге болады ма?» (Тұтас) -Кеме партаның шетіне жеткенде не болады? (оқушылардың жауабы) Енді сол кемені доптың (жердің) үстімен жүргіземін Оқушылар алдымен кеменің жоғары жағы (төбесі) көрінгенін айтады. Доппен кемені жүргізе берсек шыққан жеріне қайта оралады екен. -Бұл ненің дәлелі деп ойлайсыңдар? Бұл Жердің шар тәрізді екенінің дәлелі. (Ж) Шарға ұқсас заттарды ата. Бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсынамын. Ол үшін шар пішінді бірнеше дөңгелектің кескіні салынған парақтарды таратып беремін. Оқушылар жұбымен ақылдаса отырып, дөңгелектерді қандай да бір заттың немесе нысанның суретіне айналдырады, яғни суретті аяқтайды. Мысалы, ол сағат немесе доптың суреті болуы мүмкін. Бағалау. Бірін-бірі бағалайды. Егер 5 дөңгелек салынса онда қоямыз 4 дөңгелек салынса- 3 дөңгелек- . Сергіту сәті. Ойын «Қарлы кесек». Қыс мезгілінің соңғы айында қар атысып ойнайық. Қарлы кесек атысып болғаннан кейін, қағазды ашып ішіндегі сөздерді оқиды. Топтық жұмыс. Зерттеу жұмысы: 1 топ – ермексаз, таяқша, қолшамы, ақ бет Ермексазды дөңгелектеп таяқшаға кигізіп, қолшам мен парақ қағаздың ортасына орналастыруды ұсынамын Дөңгелектердің көлеңкесі неге ұқсайды? 2 топ- кітап немесе төртбұрыш қораптың беті, доп, ұсақ адамдардың фигуралары. Қолдарына жалпақ табақ алып, үстіне ұсақ адамдар мен жан-жануарлардың макеттерін орналастыруды ұсыныңыз. Егер Жер осындай пішінді болса, қалай болар еді? — деген жетелеу сұрағын қоямын. 3 топ- ойыншықтар( доп, кітап, машина), үстел шамы, ақ бет. Үстел шамы (Күн) мен бір парақ қағаздың (Ай) ортасына кезекпен пішіні әртүрлі заттарды: доп, қалам, кітап, өшіргішті қояды. -Қай заттың көлеңкесі домалақ болды? (Доп.) Оқушылар Жер шарға ұқсас деп қорытынды жасайды. Бағалау: әр топ өз қорытындыларын ортаға шығып айтады. Бағдаршам әдісімен бағалайды. Жердің шар тәрізді екенінін дәлелі- ғарыштан түсірілген жер ғаламшарының фотоларын көрсетемін. «Иә», «Жоқ», «Білмеймін» ойыны Сыныптың үш бұрышына осы сөздер жазылған парақтарды орналастырамын. Сұрақ қойғанда, осы сөздер жазылған бұрыштарға барып тұрады. Жер ғаламшары шарға ұқсайды.( Иә) Жер ғаламшары теп- тегіс. (Жоқ) Жердің шеті бар. (Жоқ) Тоқтар Аубакиров ғарышқа ұшты.(Иә) Аспан мен жердің түйіскен жері көкжиек сызығы(Иә) Бағалау: өзін- өзі бағалау. (МК)Жер ғаламшары жайлы видео көрсету( 1.43) Видеоматериалды тамашалап, мазмұнын талқылау.Оқушыларға сұрақтар қою. -Балалар, Жер ғаламшары жайлы не білдіңдер? |