kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект на тему самопознания "Елін сүйген Елбасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру
  2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық  сезімдерін арттыру.
  3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект на тему самопознания "Елін сүйген Елбасы"»

«Бекітемін»

Мектеп директоры: Есимова Б.З.



№ 124 жалпы орта мектебі

1 желтоқсан Тұнғыш Президент күніне арналған зияткерлік сайыс жоспары





Тақырыбы:

«Елін сүйген Елбасы»









Сыныбы: 5 –сыныптар



Ұйымдастырушы : Махаметова Д.Ш.



2018 жыл


Тақырып: «Елін сүйген Елбасы»

Мақсыты

  1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру

  2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық  сезімдерін арттыру.

  3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: АКТ құралдары, шарлар, Елбасы сүреттері,нақыл сөздері.

Әдіс- тәсіл: жарыс

Жарыс барысы:

Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім-мақтанышым, тірегім.

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, білімге құмар оқушылар!

Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған 5- сыныптар арасында ұйымдастырылған «Елін сүйген Елбасы» атты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!

Зияткерлік сайысымыз оқушылардың Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық  сезімдерін арттыру мақсатында үш топтың жарысы түрінде өтпек.
Қазіргі зияткерлік сайысымызды бастамай тұрып ортаға қатысушыларымызбен таныс болайық!

Камиладай ұстаздың шәкірттері, білім нәрін бойларына сіңіріп келе жатқан 5-«Б» сынып оқушылары:

1. Сыныптың ең үздігі Рустам

2. Хусанның сыңары Хасан

3. Ең мейірімді қыз Мехринисо

4. Өнерлі қыз Сохиба

5. Ең шапшаң қыз Динара

6. Батыр жігіт Хасан


Білім алудан талмайтын, ізденісті қолдайтын 5-«В» сынып оқушылары

1. Байталман жігіт Бехруз

2. Ақылды жігіт Илхам

3. Білімді қыз Дилнаво

4. Өнерлі қыз Дилрабо

5. Ерке қызымыз Динара

6. Ханшайымдай Хуршида


Білім, өнер, тәртіпті қатар алып жұрген 5-«Г» сынып оқушылары

1. Өткір ойлы Уткиржан

2. Мақсаты айқын Санжар

3. Зейінді қыз Зулайхо

4. Ханқызындай Халима

5. Балдай тәтті Ширин

6. Көрікті қыз Чарос

Құрметті сайыскерлер, жарыс алаңына қош келдіңіздер.Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін! Тек қана алға! Орындарыңызға орналасыңыздар.


Шын жүйрік шабысынан танылады
Қатты білім, терең ой саналады
Баға берер әділ қазы ортамызда
Сіздерге қошеметпен қол соғады.

Сайыс болған жерде әділ қазыларсыз болмас, ендеше әділдікті қақ жарар әділ қазылар алқасымен таныс болайық.

1.

2.

3.

Есеп комиссиясы ________________________

Бүгінгі сайысымызда бағалау өзгеше болмақ,яғни жасыл смайлик -5, сары смайлик -4, қызыл смайлик -3ті білдіреді.


Әділ қазы алқаларымен таныс болдық, енді кезек кезеңін анықтау мақсатында топ басшыларын әділ қазы алқаларының алдарындағы реттік номерлерін алуға шақырамыз.

1.

2.

3.

Қатысушылар дайын болса, 1- кезеңімізді бастаймыз.


1- кезең «Таныстыру»

Бізде әр кезеңді бірінші болып бастайтын .......................тобы.


Бірінші кезең бойынша әділ –қазылар өз шешімдерін айтса.


2- кезең «Үй тапсырмасы».

Бұл кезеңде әр топқа алдын ала Елбасымыз туралы тапсырма берілген. Әр топ өздеріне берілген тапсырманы 4 минут ішінде қорғап шығулары тиіс.

1-топ

2-топ

3-топ

2-ші кезеңнің нәтижелері мен таныс болайық.

Қатысушылар еңсемізді түсірмейміз, жарыс әлі алда!


3-кезең «Сиқырлы ұяшық»

Бұл кезеңнің шартымен таныс болайық.

Бұл кезеңімізде 3 бағанда сұрақтар жеңілінен күрделіге қарай 10-40 ұпай бойынша беріледі.Қатысушылардың алған ұпай сандары жауаптарының анықтылығына байланысты жалпы ұпай санына қосылып отырады. Шарты түсінікті болса, бастайық.

Салт-дәстүр:

10. Тұсау –кесер қашан жүргізіледі?

Ж/п: Бала алғаш жүргенде

20. Наурыз көжеге неше түрлі тағам қосылады?

Ж/п: 7

30. «Ала жіп аттамау» дәстүрінде не үшін ала жіп қолданылады?

Ж/п: Ешкімге қиянат жасамау, мал-мүлкін ұрламау.

40. Жеті қазынаға нелер жатады?

Ж/п: 1.Ер жігіт 2.Сұлу әйел 3.Ақыл, білім 4. Жүйрік ат

5. Қыран бүркіт 6.Берен мылтық 7.Жүйрік тазы.


Мақалды жалғастыру:

10.Туған жерге..............

Ж/п: Туың тік

20. Ананың ізін- ........ ,

Әкенің ізін- .......... .

Ж/п: қыз басар

ұл басар

30. Отансыз адам - .........

Ж/п: Ормансыз бұлбұл

40.Туған жердей жер болмас,

--------------------------------------

Ж/п: Туған елдей ел болмас


Дәстүрлі мерекелер:

10. 6 шілде қандай күн?

Ж/п: Елбасымыздың туылған күні және Астана Күні

20.ҚР Тәуелсіздік алған жыл?

Ж/п: 16 желтоқсан 1991жыл

30. Білім туралы заң қашан қабылданған?

Ж/п: 20 шілде 2007жыл

40.Мерекелердің қандай түрлері бар?

Ж/п: Ұлттық, Мемлекеттік, Кәсіби және өзге де мерекелер


4-кезең «Бәйге!».

Бұл сайыста әр топқа 10 сұрақтан қойылады, топпен ақылдасып жауап беріледі. «Қарсыластар» деген сөзден кейін ғана қарсы топ жауап беруге құқылы. Дайын болсаңыздар бастаймыз.

1-топ

1.Елбасының шыққан руы/Шапырашты

2. Мемлекеттік рәміздер күні қашан тойланады / 4 маусым

3. Тарих атасы/ Геродот

4. Сөз құрамын зерттейтін сала / Морфология

5. Ең үлкен 3 таңбалы сан? / 999

6. Ашық буынды сөзді табыңыз? / Апа

7. Фонетика изучает /Звук

8. Жер шарыны алғаш айналып шыққан саяхатшы / Фернан Магеллан

9. Қазақтың үш биін атаңыз / Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би.

10. 1 Байт неше Битке тең? / 8 Бит


2-топ

1. Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесі қашан тойланады?/ 22қыркүйек

2. Тәуелсіз Қазақстандағы Тұнғыш Президент сайлауы қашан өтті? / 1991жыл 1 желтоқсын

3. Адамзат қоғамы туралы ғылым? / Тарих

4. Дыбыстың таңба жазбасы? / Әріп

5. Ең үлкен бір таңбалы сан?/ 9

6. Тұйық буынды сөзді табыңыз? / әріп

7. В слове три слога/ Монолог

8. Жердің ішкі құрылымы нешеге бөлінеді?/ 3 ке

9. Абайдың шын аты?/ Ибраһим

10. 1 Мбайт неше Кбайтқа тең?- / 1024Кбайт


3-топ

1. Бүгінде 15 қараша күне елімізде қандай мереке тойланыды? / Ұлттық валюта күні

2. Қазақстанның солтүстік көршісін атаңыз?/ Ресей

3. Есік қорғаннан табылған көне ескерткішті атаңыз / Алтын адам

4. Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы? / Сын есім

5. Ең кіші 4 таңбалы сан? / 1000

6. Бітеу буынды сөзді табыңыз? /Нұрсұлтан

7. Сколько гласных звуков есть в русском языке? / 6

8. Жер шарында құрлық көп пе әлде мұһит? / Мұһит

9. Үш бидің басын біріктірген хан? / Абылай хан

10. 1 Гбайт ол- / 1024 Мбайт


Комиссия мүшелеріне сөз береміз.

Сайыскерлер, еңсемізді түсірмей, 5- кезеңге өтеміз.


5- кезең « Еркін тапсырма»

Әр топ өз өнерлерін ортаға салатын шешуші кезең. Бұл кезеңнің ерекшелігі -қатысушылар ғана емес, жанкүйерлер де қатысса болады.


 5-кезең бойынша бағалармен таныс болайық!

Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау – дей келе сайысымыздың қорытындысын жариялап, жеңімпаз топты анықтау үшін әділ - қазыларға сөз кезегін береміз.

Мараппаттау рәсімі.

Бүгінгі зияткерлік сайысымызды аяқтай отырып, сіздерді Егемен елімізге қамқор бола алатын, патриоттық сезімі мол тұлға ретінде қалыптасуларыңызға сенім білдіремін. Міне, балалар,бүгін біз еліне қамқор, мейірімді Президентіміз Н.Ә.Назарбаев туралы көптеген жақсы және пайдалы мәліметтер алдық.

Құрметті оқушылар, біз жастар Президентімізден үлгі-өнеге ала отырып, еңбексүйгіш, білімді, тәрбиелі, ақылды болуымыз қажет! Осындай әрекеттерімізбен ғана біз өз Отанымыздың және мектебіміздің абыройын биіктерге көтере аламыз.

Құрметті қатысушылар, жарайсыңдар, сайысқа көп тырысып дайындалғаныңдар көрініп тұр! Осы сайысқа атсалыса қатысып, өздеріңнің білімдерің мен өнерлеріңді паш еткендерің үшін сендерге өз ризашылығымды білдіремін.

Ендігі сөз кезеңін мектебіміздің құрметке лайық директоры Б.З.Есимоваға береміз.
Сонымен бүгінгі сайысымыз аяқталды, жақсы күндерде жолыққанша күн жақсы болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Конспект на тему самопознания "Елін сүйген Елбасы"

Автор: Махаметова Диёра Шукратовна

Дата: 03.12.2018

Номер свидетельства: 488726


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства