Ұйымдастырушы-ізденуші Рефлексивті-түзетушілік | Сұрақ-жауап -Қазыр жылдың қай мезгілі? -Бір жылда неше мезгіл бар? -Қыс айларын қалай атаймыз? -Қыста ауа-райы қандай болады? -Қыста не жауады? -Қыста қалай киінеміз? Тілімізді жаттықтырып дыбыстық жаттығу жасайық. -Ыс-ыс-ыс,келді қыс. -Ан-ан-ан,соқты боран. -Ар-ар-ар,үлпілдек қар. -Ты-ты-ты,аяз қатты. Балаларға слайд,суреттер арқылы қыстың суреттерін және қысқы ойындарды көрсету. -Айнала қандай? -Қар қандай? -Ал мұз ше? -Терезелерде не бар? -Балалар мұның барлығы қыс мезгілінде болады.Қане қардың түсін бақылайықшы.қар аппақ болады,суық,жұмсақ,қолға ұстасақ ериді.Қар ерігенде қызықты түрлі түсті мұздарды жасауға болады. Тәрбиеші балаларға алдын ала дайындаған қарды көрсетіп,ол ерігенде суға айналғанын көрсетеді.Түрлі түсті бояу қосып,судың мұз болып қатқанын бақылайық.(Суды далаға шығарып қоямыз). -Балалар, кім қар,қыс туралы тақпақ айтады Балалар тақпақ айтады. 1 бала: Қыс қызығын қарсы алайық, Би билейік ән салайық. Топ-топ басайық, Шарт-шұрт қол соғайық. 2 бала: Қыс дегенің аққала Үлбіреген мақта ма? Тыным таппай күн ұзақ Тұрғызады аққала. 3 бала: Аула сырты,баққа да Тұрғызамыз аққала Аққаланы айналып Би билейміз шаттана. Сергіту сәті: Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Су өтеді қолғаптан. -Ой, балалар,бізге қонаққа Ақшақар келе жатыр екен. -Амансың ба,Ақшақар. -Сәлеметсіздерме,балалар!Мен сендермен ойнайын деп келдім. Мен жұмбақ жасырайын,ал сендер жауабын тауып көріңдер. 1.Қолы жоқ,сурет салады, Тісі жоқ,тістеп алады. 2.Қыста ғана болады Ұстасаң қолың тоңады. 3.Қанаты жоқ,ұшады, Ауызы жоқ,ұлиды. -Балалар,біздің түрлі түсті суларымызға не болды? -Балалардан қысқы ойындар туралы сұрау Ақшақар ойын ойнатады. «Қатырмақ» ойыны Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап тұрады,бір бала шығып.:«Қатырам-қатырам,беттеріңді қатырам» деп айтады.Қалған балалар сол айтқан дененің бөлігін қолдарымен жабады. Балалар ,біз Ақшақарға әдемі сурет салайық.(Шыршаны бояу.) Жасалған жұмысты талдау. Ақшақар балалаға алғыс айтып жұлдызшалар таратады. –Туған елдің жарқыраған жұлдыздары болыңдар! Сау болыңдар! Сабақ сендерге ұнады ма? Бізге қонаққа кім келді? Не үйрендік? Не білдік? | -Қыс мезгілі. -Төрт.Көктем,жаз,күз,қыс. -Желтоқсан,қаңтар,ақпан -Суық,аяз болады. -Қар жауады. -Жылы киінеміз.Тон,тымақ,қолғап,етік киеміз. Балалар топпен қайталады Балалар қызығушылықтарын танытты. -Айнала аппақ. -Қар мамық,ұлпа, ақ түсті болады.Ол қолға ұстаса ериді -Ал мұз аппақ,жылтыр. -Терезелерді қырау басады. Қимыл әрекет бойынша сергіту сәтін жасау Сәлеметсіз бе, Ақшақар. Аяз Қар Боран Су түрлі түсті мұзға айналды. Шанамен сырғанаймыз,шаңғы,коньки тебеміз,хоккей, қар лақтыру ойынын ойнаймыз.Қардан аққала жасаймыз. Балалар ойынды қызыға ойнайды. Балалар көңіл күйлері көтеріліп шыршаны бояуға кіріседі. Балалар Ақшақардың сыйлығына қуанады.Ақшақармен қоштасады. Балалар іс-әрекет барысында алған білімдерін ортаға салады. |