Саба қтың тақырыбы: Көмектес септік
Сабақтың мақсаты: Көмектес септігінің өзіндік белгілері және анықтамаларымен
таныстыру.
Күтілетін нәтиже:
пәндік : оқушыларға көмектес септігінің қызметі өрісінің кендігін
жаттығуларды орындату барысында түсіндіру.
тұлғалық: сөйлем ішінен ілік, барыс,табыс, жатыс, шығыс, көмектес
септіктеріндегі сөздерді сөз құрамына талдатып, оларды өздері
байланысатынсөздерімен теріп жазғызу арқылы олардың
жалғауларын ажырата білудағдыларын қалыптастыру.
жүйелік- әрекеттік: баланың бойында қоршаған ортаға деген адами
қасиеттерін қалыптастыру, жетілдіру..
Сабақтың әдәсі: сұрақ-жауап, баяндау ,әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер,сызбалар , карточкалар
Сабақтың түрі: топтық жұмыс.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру. Сабаққа даярлау
Қызығушылығын ояту.
Күн жарығын атақан саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі, әрі нәзік жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген жаттығуды оқытып тексеремін.
Күрек- ағаштан жасалған сабы бар еңбек құралы.
Жерошақ- жерден қазылған қазан асатын орын.
Қайық- судан өтуге арналған көлік түрі.
3. Өткен сабақты сұрақ- жауап арқылы пысықтау.
А) Қазақ тілінде неше септік бар?
Ә) Септік жалғаулары қандай қызмет атқарады?
Б) Жалғаулардың түрлерін ата.
Үш топқа үш жұмбақ беремін сол жұмбақтың шешуін тауып,шешуіндегі сөздерді
септеп жазады.
1-топ Адамнан да көп айласын асырған,
Жүрген ізін құйрығымен жасырған (түлкі)
2-топ Тұмсығында инесі бар,
Үстінде сұр жейдесі бар.
Жейдесінде инесі бар. (кірпі)
3-топ Қатыуланып қабағы,
Тондырады даланы.
Суретші ата түнімен,
Әйнекке өрнек салады. ( аяз)
4. Жаңа сабақ. Күн ретін жазу
Көркем жазу. Шығыс септіктің жалғауы жалғанған сөздер жазу.
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Үш топқа үш сөйлем беремін. Сөйлемді оқып қарамен жазылған сөздердің түбірімен қосымшасын ажыратады.
Арамен кесу. Велосипедпен келу. Пойызбен кету.
Енді осы сөздерге сұрақ қоямыз.
Олай болса көмектес септіктің сұрақтары мен жалғаулары қалай екен?
Көмектес септіктің сұрақтары: кіммен? немен? Жалдғаулары: -мен, -пен, -бен
Ара,велосипед, пойыз- қай сөз табы: Зат есім
Зат есім қандай сөйлем мүшесі болады? Бастауыш
Оқулықпен жұмыс. Ережені оқыту
1-жаттығу Сөйлемді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірімен қосымшасын ажырат.
Көлік-пен, адам-дар-мен, сезім-мен, ақын-дар-мен.
2-жаттығу Жұмбақты оқып көмектес септігіндегі сөздерге сұрақ қой.
Желмен ұшып жетеді,
Желмен ұшып кетеді. ( қаңбақ)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашалы. (күн)
Сергіту жаттығуы: «Кім жылдам» ойыны. Көбелекті гүлге қондыру.
3 -жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Көмектес септігіндгі сөздерді тауып,қосымшаларын белгіле.Барлық ат күміс ер-тоқыммен ерттелген. Әжесі Гаухармен музейге барды.Алмагүл сыпырғышпен еден сыпырып жүр.
4-жаттығу. Тиісті қосымшаларды орнына қойып, сөйлемдерді оқы.Егістікке қыста қарды трактор (- пен, -мен) тоқтатады. Дәулет балықты қармақ ( -бен, - пен) аулады. Шынар Астанадан ұшақ ( - мен, -пен) ұшып келді.
5-жаттығу . Суретте бейнеленген зат атауларына жалғау жалғап, әр сөзбен байланыстырып жаз
Сүрту ұштау
Орамал... алу Қарандаш... түсі
Бүктеу жазу
жуу
Сабынсатып алу
көпіргіш
Үйге тапсырм беру: 16 бет 6-жаттығу.
Білімдерін бағалау.