kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ол?нер-таусылмас азы?, ж?тамас байлы?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «?ол?нер-таусылмас азы?, ж?тамас байлы?».

Ма?саты: О?ушыларды ?аза?ты? ?ол?нер ісімен таныстыру, соны? ішінде ою-?рнек туралы білімдерін толы?тыру.

К?рнекілік:?негелі с?здер мен ма?ал-м?телдер.                                                      

  1. Балам ?нерлі болын десе?, ?неге?ді к?рсет.
  2. ?ол?нер-мол ?нер.
  3. ?нер талаптан туады.
  4. ?нерліден ?йрен, ?нерсізден жирен,- деген с?здер жазылып ілінеді.Та?ырыбы: «?ол?нер-таусылмас азы?, ж?тамас байлы?».
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ол?нер-таусылмас азы?, ж?тамас байлы?»

Сынып сағаты.


Тақырыбы: «Қолөнер-таусылмас азық, жұтамас байлық».

Мақсаты: Оқушыларды қазақтың қолөнер ісімен таныстыру, соның ішінде ою-өрнек туралы білімдерін толықтыру.

Көрнекілік:Өнегелі сөздер мен мақал-мәтелдер.

  1. Балам өнерлі болын десең, өнегеңді көрсет.

  2. Қолөнер-мол өнер.

  3. Өнер талаптан туады.

  4. Өнерліден үйрен, өнерсізден жирен,- деген сөздер жазылып ілінеді.

Мұғалім: Қолөнер қолмен істеп жасалатын жұмыс. Халық тұрмысында өру. ою, зергерлік тігу, тоқу, жону құрастыру бәрі де халықтың өнеріне жатады. Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа көбірек тараған қолөнерінің бір түрі-ою-өрнек. өйткені, ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ. А.Македонский: «Қай үйге кірсем де жердегі киіздің бетінен оюдың бір ғана түрін көрем. Сөйтсем, мен қазақтың киіз кітабының үстінде дем алып отырған екем. Бұл қазақ деген халықтың адамгершілігін күннің мейірімділігімен теңеуге болады екен»-депті.

Слайд арқылы мәлімет беріледі: «Ою еліне саяхат»

1-қушы: Мүйіз оюы ертеден бізге дейін сақталып өткен өрнектердің бірі.

2-оқушы: Қошқар мүйіз-әл-ауқатымыз жақсы, молшылықтамыз деген белгі. Мүйіз оюдың бірнеше түрі болады: арқар, сыңар, сынық, қос мүйіз.

3-оқушы: Ою күнделікті тұрмысқа үй жиһаздарына-сырмақ, текемет, көрпе, қоржын сандық, кебеже, жүкаяқ беттерін шаңырақ пен адалбақанды, текшені, киіз үйдің керек-жарағын безендіруге қолданады.

4-оқушы: Құс мұрын –ұшқан құстай ерікті, бақытты болыңдар деген тілекті білдіреді.

5-оқушы: Түйе табан-алыс сапар белгісі, «жүгенге жөргем ілінеді» дегені.

6-оқушы: Түйе мойын- қайраттың, қажымас еңбекқорлықтың белгісі, «еңсеңді көтер» деген сөз.

7-оқушы: Омыртқа-біліктің, ынтымақтың, беріктіктің белгісі.

8-оқушы: Құстаңдай-шешендердің, ақындардың үні құстың сайрағанындай құлаққа жағымды, жан жұбатарлық болсын деген тілекпен өнер адамдарының шапанына кестелеп тігіледі.

9-оқушы: Қолтық ою- қазақ халқы жерге төселетін текеметке салатын нақыш. Бұл төсегің жайлы болсын. Дегенді меңзейді.

10-оқушы: Себебі, бұл ою: «келдіңіздер, өз үйіңіздей көріп, бүйір таяна отырып, дем алыңыз» деген қошемет, қонақжайлылықтың белгісі.

11-оқушы: Шебер-қолөнерге жол ашады.

Мұғалім: «Өнерсіз адам өнерден сасар, өнердің өзі шеберге қарай қашар»- деп келесі сөзді он саусағынан өнер тамған қолөнердің шебері әжемізге сөз береміз.(әже өрнек түрлерін көрсетіп, жасалу жолын айтып береді)

Келесі кезекте оқушылардың ою-өрнек туралы не білетіндерін тыңдайық.

Ою-өрнек.

1-оқушы: Көрші әжей өнерлі,

Барып тұрам күнде мен.

Құрмет тұтып шеберді

Ою-өрнек үйренем.


2-оқушы: Енгендейсің гүл-баққа

Неткен әсем сырмағы.

Көшіп қонған сырмаққа

Бар сұлулық қырдағы.


3-оқушы: Оюларға сүйеніп

Қайран қалып тұрасың.

Көре білсең түсініп,

Одан көп сыр ұғасың.

Топпен жұмыс «Мақал құрастыру»

І топ- Тіл-бізі (Шешеннің тілі-шебердің-бізі.)

ІІ топ- Қолы-тоны (Қай біреудің қолы өнер, қолымен тіккен тоны өнер)

ІІІ топ- Жақсы-жаман (Жақсыдан үйрен,-жаманнан жирен).

Практикалық жұмыс:

Дайын материалдардан ою-өрнектерді қиып , жасап үйренеді.

Бекіту: 1 оқушы өрнек туралы мәлімет айтып түйіндейді.

Қорытынды:

- Сабақта не үйрендік?

-не білдік?

Сабаққа жақсы , белсенді қатысқан оқушыларға смайлик беріп, атап өту.

Рефлексия: сабақ соңындағы көңіл күйлері жайлы стикерге жазып жабыстырады.


































Сабақ: Сынып сағаты,

Тақырыбы: Қазақтың ою-өрнек түрлерімен таныстыру.

Мақсаты: 1. оқушыларды ою-өрнек түрлерімен таныстыру.

2. сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу. Халық ою-өнерінің бүгінгі өмірмен байланысын түсіндіру.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Сабақтың барысы.

  1. Оқушылар үйлерінде бар ою-өрнектері бар заттарды алып келу, көрме жасау.

  2. Үлкендерден ою-өрнекке байланысты мәліметтер жинау, оның маңызын білу.

Кіріспе әңгіме.

Қазақ халқының қолөнері сонау ескі заман тарихымен бірге өсіп, бірге қайнап келе жатқан өте бай қазына. Ол тек қазақ халқының емес, сондай-ақ туысқан Орта Азия халықтары мен орыс халқының қолөнерімен де ұштасып келеді. Қазақстанда өрнекті әшекеймен істелетін қолөнердің түрлері де өте көп. Олардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны ою-өрнек өнері. Ою сөзі мен өрнек сөзі мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойлап, кесіп жасау, немесе екі затты кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің күйдіріпғ, жалатып, батырып немесе тағы да басқа жолмен істеген әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ою-өрнектердің түрлері өте көп. Оның бәрі табиғатпен тығыз байланысты. Түйе табан, Ырғақ, Сағатбау, Жүрекше, Қаз табан, Арқар мүйіз, Қырық мүйіз, Сыңар мүйіз, Қармақ, Ырық, Қошқар мүйіз, Күлте. Т.б.

Ою-өрнектер туралы Т.К. Басенов «Орнамент Казехстана в архитектуре» деген кітабы құнды деректерге толы. Кітапта халық ою-өнерінің шығуы, оның қандай ұғымда туып, дамығандығы, ерте кездегі қауымдардың мекендетігі, кәсібі мен әдет-ғұрпы жайында толық айтылған. Архитектуралық өрнектерді айтсақ Айшабибі мазарын айтуға болады. Олсәулет өнеріндегі асқан шеберліктің тамаша белгісі. (Ол туралы кейінгі сынып сағатында терең айтамыз).

Слайдпен жұмыс.

Көрсете отырып оқушыларға талдау жасату.


Практикалық жұмыс.

Қазір біз сендермен қошқар мүйіз өрнегін жасап көреміз де өте әдемі шыққан өрнектерді қонақтарымызға сыйлаймыз. 1. Төртбұрыш салу.

2.Үш бөлікке бөлу.

3. аяқтау.

Эссе жазу. (2,3 сөйлеммен) мен оюмын...

Қорытынды: -Балалар бүгінгі сынып сағатымызда не туралы

айттық?

  • не үшін қажет екен ою-өрнектер?

  • Үйде:үй сандығы бетіндегі мүйіз өрнегін көркемдеп салу.




























Тақырыбы: Халық ою-өнерінің шығуы.

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ою-өрнектері негізінде оқушылардың білім еөлемін кеңейтіп көкемдік талғамдарын дамыту.

Сабақ барысы.

Оқушылар үйлерінде кездесетін ою-өрнектер бар заттардың суретін сызып, оларды тәрбие сағатына алып келу және көрмеге ілу.

  1. Үлкендерден ою-өрнекке байланысты мәліметтер жинау, оның маңызын білу.

Жоспары:

Кіріспе. Мұғалім қазан революциясына дейін шығыс халықтарының бейнелеу өнері көбіне ою-өрнек түрінде дамып келетіндігін оқушыларға қысқаша әңгімелеп, ою-өрнек дегеніміз не?, оның шығу тарихы, ою-өрнектің маңызы туралы мағлұмат береді.

Негізгі бөлім. 1. Күні бұрын жинаған, дайындалған, әркімнің үйлерінде кездесетін ою-өрнекті заттардың суреттері бойынша оқушылардың пікірлерін тындау.

2. бұдан соң мұңалім ою-өрнектердін түрлерін көрсетіп,балалардың әңгімелері негізінде білімдерін толықтырады. Ою-өрнектердің аттарын, олардың ерекшеліктерін, қандай жерлерге қолданылатыны, оның жасалу жолдарын қызықты етіп әңгімелейді, / ою-өрнек болмаған жағдайда әртүрлі ою-өрнектердің суреттерін тақтаға іліп түсіндіреді. Мұндай суреттер «Қазақстан әйелдері», «Парасат» журналдарында болуы мүмкін./

3. Мүмкін болған жағдайда оқушылардың сұрақтарына жауап беру.

4. Ою-өрнекті қалай салу жолдарына тоқталу /мысалы, киіз басу/.

5. Оқушыларды тақтаға шығарып, өз ойларынан ою-өрнек құрастыруды ұйымдасыру, оларға сыйлық тапсыру.

6.Қорытынды.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?ол?нер-таусылмас азы?, ж?тамас байлы?

Автор: Заитова Жумакул Калибековна

Дата: 07.03.2016

Номер свидетельства: 302837


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства