Балалар, ?аза?станны? к?п айтылатын к?лдерін атап бері?дерші?
Бал?аш, Алак?л, Зайсан, Мар?ак?л.
? Осы к?лдерді? орналасуын ?аза?станны? картасынан к?рсетіп беру
? О?ушылар к?л атауы бойынша екі - «Бал?аш», «Шал?ар» топтарына б?лінеді.
? ?р топ?а тапсырма: - ?з к?лдері? туралы білетіндері?ді айты?дар?
? ?осымша с?ра?тар: - Суы ащы ма, т?щы ма? - ?андай балы?тары бар? - ?асында елді-мекен бар ма?
Ма?ынаны тану
? Мультимедиялы? та?тадан 1-слайд к?рсетіледі:
- «Б?л адам туралы не айту?а болады?»
? Т.Молда?алиев туралы айтылады: -?аза?станны? Халы? жазушысы, а?ын, 25 жыл “Балдыр?ан” журналыны? бас редакторы бол?ан. Б?гін біз осы а?ынны? «К?л» атты ?ленімен о?ып танысамыз.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға тәрбиелеу, қазіргі заманның нарықтық экономикалық қатынастарының табиғатқа байланысын сездіру.
Көрнекілік: Тақырыптық слайдтар; Қазақстанның физикалық картасы;
«Шалқар көлі» альбомы; мультимедиялық тақта; ақын портреті;
«Балдырған» журналы
Сабақ түрі: Дәстүрден тыс
Әдісі: СТО технологиясы элементтері; «Көре білу стратегиясы» элементтері
Сабақ барысы:
∙Психологиялық дайындық: -Қане, балалар, бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.
∙Үй тапсырмасы: «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқу.(оқушылар мәнерлеп оқып, қысқаша түсінгенін айтады)
Қызығушылықты ояту
Балалар, Қазақстанның көп айтылатын көлдерін атап беріңдерші?
Балқаш, Алакөл, Зайсан, Марқакөл.
∙ Осы көлдердің орналасуын Қазақстанның картасынан көрсетіп беру
∙ Оқушылар көл атауы бойынша екі - «Балқаш», «Шалқар» топтарына бөлінеді.
∙ Әр топқа тапсырма: - Өз көлдерің туралы білетіндеріңді айтыңдар?
∙ Қосымша сұрақтар: - Суы ащы ма, тұщы ма? - Қандай балықтары бар? - Қасында елді-мекен бар ма?
Мағынаны тану
∙ Мультимедиялық тақтадан 1-слайд көрсетіледі:
- «Бұл адам туралы не айтуға болады?»
∙ Т.Молдағалиев туралы айтылады: -Қазақстанның Халық жазушысы, ақын, 25 жыл “Балдырған” журналының бас редакторы болған. Бүгін біз осы ақынның «Көл» атты өленімен оқып танысамыз.
∙ 2-слайдпен жұмыс: -Көл дегеніміз табиғи ойыс жердің суға толуы. «Көктем»
өлеңінде айтылғандай көлдің ерекше әсемдігі көктем мезгілі екен.
∙ Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.
∙ Әр топтан екі оқушы өленді түгел мәнерлеп оқиды.
∙ Екі топқа тапсырма беріледі: Оқулықпен жұмыс - «Балқаш» тобы күндізгі
(кешкі) көлді суреттеген шумағын, «Шалқар» тобы таңғы көлді суреттеген
шумағын тауып оқиды.
∙ Оқулықтағы суретпен жұмыс: өлең мазмұнын ашу үшін - Көл тіршілігі тек
сумен ғана өлшене ме? -Ол несімен әдемі? –Кешкі көл бетінде қандай жел
соғады?(оқушылар өз сөзімен әңгімелеп береді)
∙ «Шалқар көлі» альбомымен жұмыс: тұрғылықты жеріміздегі Шалқар көлінің ерекше қасиеттеріне тоқталу.
∙ Өлең соңындағы жұмбақ, жаңылтпашты тез оқитын оқушылар оқып береді.
-Осындай су қоймасына байланысты Ы.Алтынсариннің қандай өлеңін білесіңдер?
Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін Кажиахметова Әсем жатқа оқып береді -
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
∙ Дәптермен жұмыс: әр топқа тапсырмалар беріледі
«Балқаш»: 1) «Көл» сөзіне дыбыстық талдау жасау
2) «Көл» сөзін қатыстырып бір сөйлем жазу
«Шалқар»: 1) «Көл» сөзін үщ жақта тәуелдеп жазу
2) «Көл» сөзіне мәндес сөз табу
Сергіту сәті - А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің бір шумағына би қимылын жасау.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Ой толғаныс
∙ Екі топқа ортақ тапсырма: Осындай тамаша көлдің әдемілігін қалай сақтап,
табиғатын бұзбау үшін адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?(әр топ жауабы) ∙ «Көл» сөзіне 5 жолды өлең жазу:
Не? – Көл
Қандай? – Айнадай, мөлдір
Не істеді? – Толқыды, шулады, жалтырады
Көл айнадай жарқырап жатыр.
Суқойма.
∙ Жинақтау-қорытындылау сұрағы: - Сен өз тобыңда жұмыс жасау кезінде қандай қиындыққа тап болдың?
∙ Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап алу.
∙ Бағалау.
∙ «Ауыспалы жалауды» жақсы жауап берген топқа тапсырып, сабақты аяқтау.