Бірнеше күннен кейін қай жыл мезгілі басталады?Көктемнің айларын атайық.
- Балалар, бүгінгі сабақта біз табиғат туралы білімдерімізге сүйене отырып,көктемгі табиғат туралы білімімізді кеңейтеміз.
Жаңа сабақ
1.Көктем көрінісін бейнелейтін суреттер бойынша жұмыс.
- Көктемде ауа райы қалай өзгереді?
- Қар қандай өзгеріске түсті?
- Қандай жерлердің қары тез ериді деп ойлайсың?
2. Оқулықпен жұмыс.Оқулықтағы сурет бойынша әңгіме жүргізу.Суреттегі бейнеленген көріністерді талдау.
3. Оқулықтағы мәтінді оқып,сұрақтарға жауап беру.
Көктем келісімен күн көзі жоғары көтеріле береді.Қар ериді.Күн өткен сайын ауа – райы жылына түседі. Аспан тап-таза көгілдір,оның бетінде ақша бұлттар қалқиды. Күн ұзарып, түн қысқарады.
Жыл құстары келе бастайды.
Ағаштар бүршік атып,жапырақ жаяды.
Сергіту сәті.
4. Жазылған жауаптардың тиістісін тауып,берілген сұрақтармен сызық арқылы қосу
- Көктемде ауа-райы қалай өзгереді?
- Көктемде қармен не болады?
- Күн мен түн не болады?
- Нелер келе бастайды?
- Өсімдіктерде қандай өзгерістер болады?
- Құстар келе бастайды
- Ауа-райы жылынады
- Қар ериді
- Өсімдіктер бүршік жарып,жапырақ жаяды
- Күн ұзарып,түн қысқарады
Сергіту сәті. «Кім жалғастырады?»ойыны.
Сынып үш топқа бөлінеді.Мұғалім көктемге байланысты бір сөз айтады,оны топтпағы оқушы қайталайды да, әрі қарай өзі бір сөз айтады.Олардың айтқанын келесі оқушы қайталап,өзі тағы бір сөз қосады.Осылайша ойын жалғаса береді.Мәселен, бір оқушы «көктем» десе екінші «Көктемде күн », үшінші «Көктемде күн жылынды» деуі мүмкін.
5. Дәптермен жұмыс.
6. Сабақты бекіту:
- Көктемде қар неге ериді?
- Қысқы және көктемгі күн ұзақтығы бірдей ме?
- Көктемгі ауа-райының қысқы ауа-райынан қандай айырмашылығы бар?
7. Қорытынды:сабақта алған түсініктері жайында оқушыларды еркін сөйлету.
Жыл мезгілі
Өлі табиғат
Тірі табиғат
Көктем
қар ериді
ауа-райы жылынады
аспан таза
күн ұзарады
түн қысқарады
жыл құстары оралады
ағаштар бүршік атып, жапырақ жаяды
ең алғашқы гүлдер шығады
Көктем келісімен тірі табиғат пен өлі табиғатта көп өзгерістер болады.
Бәрі ұйқыдан оянатын сияқты. Осы өзгерістер жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты.
Бағалау: сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап,бағалау
Үйге тапсырма: мәтінді мазмұндап, сұрақтарға жауап беру