Сабақтың тақырыбы : Көктем Сабақтың мақсаты : Жаңа тақырып негізін түсінеді, жаңа сөздер үйренеді. Өзгенің пікірін тыңдай отырып ,өз ойын айтуға дағдыланады. Табиғатты қорғау, аялау, құрметтеу сезімі қалыптасады. Сабақтың әдісі : ойын, түсіндіру, сұрақ – жауап, топтық жұмыс Сабақтың көрнекілігі : суреттер, слайд Сабақ барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі А.Сәлемдесу рәсімі
Ә. Топқа бөлу (3 топ) 2.Жаңа тақырыпқа кіріспе. 1) Ой қозғау - Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыстан кейін қандай мезгіл келеді? - Көктем деген сөзді айтқанда қандай сөздер ойларыңа келеді, ненің бейнесін бейнелейді?
2) Өлеңмен жұмыс. (Оқушылар үш топқа бөлініп отыр) - Балалар,көктем туралы қандай тақпақ білесіңдер? - Мен сендерге өлең шумақтарын тараттым,сендер мәнерлеп оқыдыңдар,содан соң бір-біріңмен ақылдасып,сурет салыңдар.Қалай бейнелейсіндер?(Әр топқа үш түрлі өлең тараттым). -Суретті қалай атайсындар?(балар өлеңдерін оқып, сурет салуға кіріседі) -ал енді өз суреттеріңді көрсетіп,қорғайық.Не бейнеледіңдер?Сендерге қандай атадыңдар? -Жұмыстарыңды қалай атадыңдар Ітоп:Жазғытұры ІІ топ:Көктем. ІІІ топ:Құстар 3)Мәтінмен жұмыс. -Балалар ,мына мәтінді оқып шығыңдар. Көктем Көктемде күн көзі жоғары көтеріле береді. Қар ериді. Күн өткен сайын ауа райы
жылына түседі. Аспан тап – таза көгілдір оның бетінде ақша бұлттар қалқиды.
Күн ұзарып, түн қысқарады. Жыл құстары келе бастайды. Ең алғашқы гүлдер шығып,
бунақденелілер пайда болады.
4)Сөздік жұмыс. бунақденелілер
.
6) «Саған, маған» әдісі
1- топ сұрағын 2- топқа қояды. Ал 2-топ 3- топқа, 3-топ 1-топқа сұрақтар қояды.
7 )Қай топтың сұрақтары сендерге ұнады?(Әр топтан сұраймын) Мен де сұрақ дайындадым. Мал төлдейді дедіңдер. Малдың төлдерін айтыңдаршы. Суреттерді көрсетемін . Сиыр – бұзау , бие – құлын, түйе – бота ,ешкі – лақ , қой – қоэы. 8) «Қайсысы артық» ойыны
І топ: ІІ топ: ІІІ топ:
Сәуір бәйшешек көктем
Мамыр қызғалдақ жаз
Наурыз раушангүл қыс
Қыркүйек жаз тырна
9)1.Көктемде не ұзарады? 2.Бақта не өседі? 3.Жаздан кейін қай жыл мезгілі?Оқу жылы қай мезгілде басталады ? 4.Құс 5.ең жуан ағаш? 6.Көктем мезгілінің соңғы айы.